Қазақстан республикасы ішкі істер министрлігі шырақбек қабылбаев атындағЫ Қостанай академиясы


Минералды тыңайтқыштардың (нитраттардың)



бет17/50
Дата08.11.2023
өлшемі265,94 Kb.
#190248
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   50
Байланысты:
Бектурсунова А.МЕЙІРБИКЕ ІСІ НЕГІЗДЕРІ (копия), 0a7ef430cd483f3dcc06384fa76fa259
Минералды тыңайтқыштардың (нитраттардың) молшылығы маңызды қауіп төндіреді. Олар қанға сіңіп гемоглабинмен қосылады, осында метагемоглобин заты пайда болады. Метагемоглобин оттегінің тасымалдайтын қасиетін жоғалтады, нәтижесінде адамда оттек аштығы болады.
Ласанудың зардаптары ауыз судың сапасын ғана нашарлатпайды, сонымен қатар оның қорын азайтады, биосферадағы көптеген заттардың айналымын бұзып, адам мен барлық тірі ағзалардың науқастығына әкеледі.
Топырақ - литосфераның үстіңгі қабаты. Топырақтың үстіңгі қабаты көптеген өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарынан құрылған, олардың бөлінуі гумустың пайда болуына әкеледі. Гумустың құрамында өсімдіктердің көректенетін негізгі элементері бар.
Гумус, қара шірінді – топырақ құрамындағы шіріп ыдыраған қара қоңыр түсті органикалық заттар; гумус қышқылдарынан (гумин қышқылы және фульвоқышқылдар), гуминнен, т.б. заттардан тұрады. Гумус қышқылдары сілтілі ортада жақсы ериді. Суда нашар ериді, ал басқа қышқылдарда мүлде ерімейді. Топырақтан бөлінген гумин қышқылдарын құрғатқанда, одан қара қоңыр немесе қою түсті препарат алынады. Оның құрамында көміртек (50 – 62%), сутек (2,8 – 6,6%), оттек (31 – 40%) және азот (2 – 6%) болады.
Адам қызметінің барысында топыраққа тура және жанама бұзушылық әсері пайда болды:
- құнарлы жерлердің орындарында үйлер мен ғимараттардың құрылысы, көлік магистральдары, пайдалы қазбаларды шығару қалдықтарының үйіндісі және террикондар пайда болды;
- тоғайлардың жойылуы топырақ эрозиясына әкеледі;
- жасанды суқоймалары егістік жерлердің үлкен аудандарын алды;
Жердің қалдықтармен, газ тастамаларымен, мұнаймен, қышқылды жаңбырлармен, пестицидтермен және минералды тыңайтқыштарымен ластануы жер құнарлығының төмендеуіне әкеледі. Көкөністердің ас құндылығы төмендейді, қанда холестериннің саны жоғарлайды, мутагенді және канцерогенді заттардың әсеріне ағзаның тұрақтылығы төмендейді
Қара және түсті металлургияның негізгі ластануларға никель, қорғасын, сынап және т.б жатады. Сонымен қатар қоқыс жандыратын зауыттардың, тұрғын үй - пайдалану орталығы (ТҮПО) қалдықтары қауіпті болып табылады.
Дәлелденді, Сырдарья ө. суарылатын топырағы қорғаныспен, мыспен, кадмиймен, фтормен және бормен ластанған. Қарағандының бойындағы топырақ – ванадиймен, Өскемен – мыспен, қалайымен және т.б. ластанған. Адам ағзасына осы заттар тиетін болса, физикалық және психофизикалық дамуындағы аномалияны, тумыстан кемтарлықты туғызады.
(Қосымша 6 кесте).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет