Қазақстан республикасы ішкі істер министрлігі шырақбек қабылбаев атындағЫ Қостанай академиясы



бет19/50
Дата08.11.2023
өлшемі265,94 Kb.
#190248
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   50
Атмосфераның ластануы. Адам қызметі табиғаттағы қалыптасқан тепе-теңдікті өзгертеді. Атмосфераның жоғарғы ластануы үлкен қалаларда байқалады.
Атмосфералық ауаның негізгі ластану көздері – әр түрлі салалы өнеркәсіптердің кәсіпорындары, автокөлік және жылу энергетика. ҚР өнеркәсіптерінен атмосфераға жыл сайын 2 млн.т зиянды заттар түседі, 49,5% энергетикаға, 22,7% - түсті энергетикаға, 15,7% - қара металлургияға келеді) [12, 8 б.].
Ластанудың негізгі көлемі Павлодар мен Қарағанды облысына келеді. ҚР ірі қалаларында 60-80% көлікке , ал Алматы қаласына – зиянды заттардың бүкіл көлемінен 90% келеді. Тұмша (ағылш. smog, smoke — түтін, fog — тұман) немесе смог — өнеркөсіп орталықтары мен ірі қалалардың қатты ластанған ауасы, құрамы түтінтұман және шаңнан тұратын аэрозоль. . Түтін немесе көсіпорынның газ қалдықтары қосылған қалың тұман және шоғырлануы жоғары тозаңдар мен ащы газдардың бүркеніші (тұмансыз) болатын түрлері сараланады. Ластанудың аса қауіпті нәтижесі тұмша болып табылады.
Тұмшаның екі түрі бар:
-өндірістің газды қалдықтары немесе түтін қоспасы бар қою бұлдыр;
-фотохимиялық тұмша – күннің ультракүлгін сәулелену әсеріндегі газды қалдықтардағы фотохимиялық реакция нәтижесінде пайда болатын жоғарғы концентрациялы ащы газдар мен аэрозолдер жамылғысы.
Тұмша көз көрерлікті азайтады, ғимарат және метал коррозиясын жоғарлатады, денсаулыққа кері әсер етеді және халықтың өлім мен науқастылықтың жоғарлауының себебі болып табылады.
Қышқыл жаңбырлар атмосферадағы (күкірттік және азоттық қышқылдар) күкірт пен азот қосылыстардың физикалық және химиялық өзгеруінің нәтижесінде пайда болады. Аэрозольдердің бөлшектерімен немесе бұлт тамшыларымен сіңірілген қышқыл булары мен молекулары құрғақ немесе дымқыл тұнба түрінде жерге түседі.
Биосфераға қышқыл тұнбаның әсері тұра және жанама деп бөлінеді. Тұра әсері ағаш және өсімдіктердің өлуімен, дем алу мүшелері науқасымен зардап шегетін халықтың денсаулығының нашарлаумен көрінеді. Қышқыл жаңбырлардың жанама әсері су мен топырақ қышқылдықтарының өзгеруі нәтижесінде жүзеге асады.топырақ қышқылдығының өзгеруі құнарлықты төмендетеді. Тұшы суқоймасының қышқылдықтарының жоғарлауы кезінде тұшы судың қорын азайтады.
Атмосфераның құрамы мен күйі орташа +15° сақталатын жер мен космос арасындағы жылу алмасу үрдісіне әсер етеді. Соңғы он жылдық бойы биосфераның орташа температурасының жоғарлауы байқалады.
Парникті әсер. Атмосферада газ және басқа да қоспалар концентрациясының жоғарлауымен байланысты жер бетінен жылудың аз мөлшері космосқа кетеді және жылу биосферада жиналады, сондықтан климаттың жылуына әкеледі. Осы үрдісте негізгі орның көмірқышқыл газы алады. Алғашқыда жердегі климатын және температураны біз үшін әдетті болуына мүмкіндікберетін көмірқышқыл газдың концентрациясы 0,03% құрайды. Соңғы он жылдық бойы көмірқышқыл газдың мөлшері әр бір 10 жыл 2% өседі.
2050 жылға қарай жердегі орташа температурасы 1,5-4,5°С жоғарлайды, ол поляр және тау мұздардың еруіне әкеледі және 0,5-1,5 метрге әлем мұхиттың деңгейінің көтерілуіне әкеледі. Климаттың жылуы 2100 ж Әлемдік мұхиттың 2 м деңгейінің көтерілуіне әкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет