Ќазаќстан Республикасы жоѓарѓы оќу орындарныњ ќауымдастыѓы



бет114/145
Дата21.04.2023
өлшемі1,66 Mb.
#175143
түріОқулық
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   145
Байланысты:
ФИЛОСОФИЯ Аденов 2

Ғылыми таным және оның өзіндік ерекшелігі. Танымның эмпириялық және теориялық дәрежесі, құрылымы бар. Шындықты тану, белгілі бір түрде жасалады. «Таным түрі» түсінігі – көп қырлы. Олар төмендегідей кезеңдерді қамтиды:
1. Адамның шындықты бейнелеуінің сатылары – сезімдік және рационалдық.
2. Білім түрі – эмпириялық және теориялық, ғылымға дейінгі (қарапайым) және ғылым.
3. Білімнің құрылу тәсілі – ғылыми, болжам, абстракты теория, ғылыми жүйе.
Танымның жоғарғы түрі – ғылым. Ғылым дегеніміз не? Кейбір жеке ғылыми салалардың өкілдері анықтаманы нақты ғылыммен байланыстырады. Ғылыми білімнің басқа білім түрлерінен айырмашылығы – оның дәлелділігінде. Ғылыми таным, абстрактілік түсініктермен жасалады. Ғылым – теориялық білімдер жүйесі. Ғылыми білімнің әбден қалыптасқан түрі – теория. Ғылыми теорияның жасалуы нақты әлем туралы ақиқат білімді қоғамдық практикаға енгізу – адамзат мақсатының ең маңыздысының бірі.


Ғылыми танымның деңгейі екеу – эмпириялық және теориялық.


Эмпириялық (тәжірибелік) – адам тәжірибесіне негізделген. Ғылымның эмпирикалық деңгейінде, ғалым сезім мүшелерінің дүниетану күштілігіне, приборлардың оларды арттыра түсу мүмкіндігіне сүйенеді. Микроскоп нәрселердің аса ұсақ детальдарын көруде көздің қабілетін арттыратындығы соншама, бұған ешқандай жаттығу арқылы жету мүмкін емес. Приборлар сезім мүшелерінің күш-қуатын арттырып қана қоймай, бізге қабылдаудың қосымша органдарын береді десе де болады. Мысалы, біз радиоактивті сәулелендірудің көбін, магнит өрісін тікелей түйсігімізде сезіне алмаймыз, ал приборлар бұған мүмкіндік береді.
Теориялық деңгейі. Ғылыми зерттеу дегеніміз – проблема қоюдан басталады. Проблема – адам әлі танып – білмеген, бірақ танып -білуі керек нәрсе, құбылыс. Осыған байланысты, соларды түсіндіруге бағытталған ұғымның, идеяның, белгілі бір көзқарастың қорытындысын – теория дейміз. Теория абсолютті емес, ол білімнің даму барысында өзгеріп отыратын, относительді түрде ғана аяқталған білім жүйесі. Жаңа теория мен ескі теорияның арасында күрделі қатынастар болады, солардың бірі сәйкестік принципінен көрінеді. Бұл принцип бойынша, ескі теориялар жаңа теорияның кейбір шеткі сәтіне айналған кезде ғана жаңа теория өмір сүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет