Ќазаќстан Республикасы жоѓарѓы оќу орындарныњ ќауымдастыѓы



бет111/145
Дата21.04.2023
өлшемі1,66 Mb.
#175143
түріОқулық
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   145
Байланысты:
ФИЛОСОФИЯ Аденов 2

2. 4. Таным теориясы


Сананың негізінде білім жатыр. Философияда сол сананың пайда болуына байланысты объективтік шындықты білуге болады. Таным адамға не үшiн керек? Практикалық күнделікті іс үшін. Білу арқылы адам дүниеде өзiн жоғары санай отырып, өмірге өз білімімен әсер етiп, белгілі мақсатқа жетедi. Философияда таным барысында екi көзқарас қалыптасты: гностицизм және агностицизм.
Гностицизм – танымның бүгiнi мен ертеңiне оптимистiк түрде қарайды. Олардың пiкiрiнше, әлемдi тануға болады. Адамның дүниенi танудағы мүмкiндiгi өте зор. Танымның жалпы мәселелерi: оның табиғаты, бiлiм мен нақтылықтың қатынасы, оның ақиқаттылығының шарты, философияның негiзi зерттеу тарауында таным немесе гносеология (гр. gnosis – бiлiм, logos – iлiм, сөз) деп, аталады. Шетелдiк әдебиетте бұл терминмен қатар “Эпистемология” (гр. episteme – бiлiм, logos – iлiм, сөз) деген терминдi қолданады. Гносеология – бiлiм туралы iлiм ретiнде әлемдi тануға болатындығына күмән келтiрмейдi.
Агностицизм (гр. agnostos – а – жоқ, терiске шығару, gnosis- бiлiм) – танымның нақты екендігіне күмән келтіреді, тану мүмкіндігін толық немесе ішнара теріске шығаратын ілім. Оның тарихы ұзақ.
Танымға қарсы алғашқы iлiмнiң бiрi – антика заманының скептицизмi. Олар көрiнген пiкiрге қарсы пiкiр табуға болады деп, ақиқат бiлiмдi мойындамайды. Скептицизм (гр. skeptikos –қарастырушы, зерттеуші, сынаушы) – объективтік шындықты танып білу мүмкіндігіне сенбейтін, күдікке орын беретін философиялық концепция. Скептицизм – теориядан бас тартып, практикада мүмкiн болатын парасаттылыққа, әдет-ғұрыпқа сүйенедi. Бұл бағыт агностицизмге, нигилизмге алып келедi. Скептицизмнiң негiзiн қалаушылар Пиррон мен Тимон болды. Олардың iлiмiн Секст Эмпирик, т. б. жалғастырды.
ХIХ ғасырда “агностицизм” деген терминдi 1869 жылы жарытылыстану ғылымдарын зерттеушi ғалым Т. Гексли енгiздi. Агностицизмнің теориялық негіздері XVIII ғ. Д. Юмның еңбектерінде кездеседі. Оның пiкiрiнше, кез келген бiлiм шын мәнiнде нақты емес, бiлiмдi ғылыми зерттеудің объектісі ретінде қарауға болмайды. Практикалық іс-әрекет үшін негіз ретінде білімді емес, сенім мен әдетті алуды ұсынды. Кант iлiмiнде «өзіндік зат» ұғымын тануға болмайтын заттың iшкi мәнi десе, заттың сыртқы көрiнiсiн “бiзге берiлген зат”, таным арқылы білуге болады деп жариялады. Кант агностицизмдi тану мүмкiндiгi жоқ деп мойындайды.
Агностицизмнiң ғылымдағы бiр түрi конвенционализм (лат. conventio – келiсiм). ХIХ–ХХ ғғ. арасында француз математигi Анри Пуанкаре конвенционализм концепциясын ұсынды, ол ақиқатты шартты келiсiмдiк нәтижесi ретiнде қарады. 70-ші жылдардағы ғалымдар арасындағы түсiнiктер мен терминдер туралы дискуссияда “ғылыми техникалық революция” терминi туралы келiсiмге келдi. Бұл секілді келісімнің обьективтік негізін жоққа шығармайды, олардың шегі обьективтік шындықтың өзінде болады. Конвенциализмнің гнесологиялық негізі бір құбылысты зерттеу және оны теориялық жағынан қайта құру үшін әртүрлі теориялық амалдарды пайдаланудың нақты мүмкіндігі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет