Ќазаќстан Республикасы жоѓарѓы оќу орындарныњ ќауымдастыѓы



бет108/145
Дата21.04.2023
өлшемі1,66 Mb.
#175143
түріОқулық
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   145
Байланысты:
ФИЛОСОФИЯ Аденов 2

Қарапайым санағылыми емес, бірақ тікелей күнделікті өмірден шыққан сана. Теориялық сана – белгілі бір деректерге сүйенген, ғылыми ұмтылыстан туатын қорытындылар, қағидалар, заңдылықтар, көптеген мәселелер туралы ғылыми көзқарастар. Сонымен бірге тек болжамдарға сүйенген қате қағидалар да теориялық негіз құрайды. Бұл теориялар ғылыми бола алмайды. Теориялық сананы қоғамның идеалдық моделі деуге болады, ол әрқашан деректермен толықтырылып, жаңартылып отыруы керек.
Қоғамдық психология мен идеология – әлеуметтiк негiзде түрi және мазмұны болып бөлiнедi. Түрі - психологиялық, идеологиялық болса, мазмұны – жалпы халықтық, ұлттық, таптық, кәсіптік, жыныстық, т. б. болып келеді. Қоғамдық психология күнделікті өмірден туатын қоғамдық сананың төменгі түрі, идеология оның жоғарғы сатысы. Қоғамдық психологияның қалыптасуына қоршаған орта, климат, шаруашылық, кәсіп, жер байлығы, әдет-ғұрып, той-томалақ, ән-күй, т.б. әсер етеді. Қоғамдық идеология – ғылымға жақын. Идеология рухани өмірдің күрделі түрі, теориялық тұжырымы. Бірақ онда объективтік білімнен басқа субъективтік ұмтылыстар –белгілі бір топтың, ұлттың мүддесін қорғау бар. Сондықтан оны – прогрессивтік, реакцияшыл деп бөледі. Прогрессивтік деп – тарих процесінде сай келетін әлеуметтік топтардың санасы саналады.
Қоғамдық сананың түрлері:
1. Саяси сана –- таптар, ұлттар, әртүрлі топтардың, мемлекеттердің қатынасын қарастырады.
2. Құқықтық сана. Тек тәрбиелеу, адамға жетіліксіз. Құқықтың негізгі мақсаты– демократиялық заңдар арқылы теңдік, әдептілік қағидасын, адам бостандығын қорғау.
3. Моральдық сана (лат mores – әдет-ғұрып). Ар-ұждан, міндет-парыз, абырой, адамгершілік және әдептілікті – өмір мақсаты тұтып, өмірдің барлық салаларында адамдардың мінез-құлқын, іс-әрекеттерін реттеу функциясын атқаратын әлеуметтік институт.
4. Эстетикалық сана. – Өнер, әдемілік адам қызметінің өзгеше түрі. Көркемдік тұрғыдан берілетін шындықтың бейнесі, дүниені игерудің аса маңызды тәсілі.
5. Дiн және атеизм. Дiн дегенiмiз – күнделiктi өмiрде сыртқы күштердiң адам санасында қияли түрде бейнеленуі. Дiн әр уақытта табиғаттан тыс күшке сенуге мәжбүр етедi. Оны мифологикалық түсiнiктер әдет-ғұрып және мистикалық көңiл-күй арқылы негiздейдi. Атеизм – ғылыми негізге сүйене отырып, құдайды бекерге шығару, құлшылық етуден безу.
6. Философия – ой жүйесі, дұрыс ойлауды үйрету. Адамның қоршаған дүниеге қатынасының жалпы формалары мен заңдылықтарын зерттейтін ілім.
7. Ғылым – қоғамдық саналардың бәріне тікелей қатысты теориялар жиынтығы.
Қоғамдық сана қоғамдық болмыстың бейнесі, бірақ өз құрамында өткен ұрпақ санасының ерекшеліктерін сақтайды, яғни оның тура көшірмесі бола алмайды. Және ол болмысқа кері әсерін тигізіп, оның өзгеруіне ықпал жасайды. Сондықтан қоғамдық сананың салыстырмалы тәуелсіздігін мойындауымыз керек. Бұл қалыптасқан болмысты құптаушылардың, оған қарсы шығушылардың бар екендігімен дәлелденеді. Қоғамдық сана жеке сананың әсерімен ғана дами алатындықтан, ол әркімге ерекше жауапкершілік жүктейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет