Ќазаќстан Республикасы жоѓарѓы оќу орындарныњ ќауымдастыѓы



бет106/145
Дата21.04.2023
өлшемі1,66 Mb.
#175143
түріОқулық
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   145
Байланысты:
ФИЛОСОФИЯ Аденов 2

Өзіндік сана – сананың жетілген дәрежесі. Оның негізгі көрсеткіші – өз ерекшелігіңді түсіну, өзіңді дүниеден, басқа адамдардан бөле қарап, қажеттілік, құштарлық, ұмтылыстарыңды талдап, іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау. Өзіндік сананың тұруының да тарихи кезеңдерін анықтауға болады. Алғашқыда адам жеке өзі емес, кіші қоғамның, рудың мүшесі ретінде қоршаған табиғаттан бөлінеді, тіпті басқа руларға табиғаттың бөлігі деп қарап оған қарсы тұрады да, мүшелерін аң ретінде аулайды (каннибализм). Кейін еңбек қарулары жетіліп, жеке семья ретінде өмір сүру мүмкіндігі туғанда, рулық сананың орнына жекелік сана, «біз» түсінігінің орнына «мен» ұғымы келе бастайды.
Жеке адам өзін-өзі енді көрінген басқа адамға, тіпті туыстарына да қарсы қоя бастайды. Қара күш, соғыс қаруының жетілуі, айлакерлік, алдап-арбау, шағыстыру, т.б. қасиеттер дамып, қоғамның тұрақтылығына қатер төнеді. Осыны тоқтату қажеттілігінен жақсылық пен жамандықты ажырату, оларды табиғаттан тыс күшке (әр елдің табиғаты әр-түрлі, құндылықтары ерекше болғандықтан) табынып бағыну, яғни алғашқы жүйелі идеология әлемдік діндер қалыптасады.
Кең ауқымды, жалпы көзқарастық идеалдық-психикалық модельдер діни ілімдердің жемісі, шынайы толық мәнді руханилық осы кезден пайда болады. Идея, идеал үшін өзіңнің табиғи ұмтылыстарыңды тежеу, өзіңді-өзің тәрбиелеу, өз-өзіңе жауапкершіліктер жүктеу, жаңа сапалыдағы адамның тұруына тың жол ашады. Бірақ діннің мазмұнында мифологиялық білім, о дүниедегі ең ауыр тәндік жазамен қорқыту, қара күш қолдану басым. Мұнда саналы ұстанымдардан гөрі басқаларға еліктеу, елдің сөзінен қорқу көп орын алады. Сондықтан нақты ғылымның, соған сүйенген рационалдық философияның жаңа замандағы айрықша дамуы, діннің рөлін күрт төмендетті. Осы кезден бастап руханилықтың ғылыми негіздемелері жасала бастады.
Руханилықтың негізгі мәні – саналы түрде қоғамның тұрақтылығын, келісімділік өмірін жетілдіріп, адамның еркіндігі мен шығармашылығына жағдай туғызуға ат салысу. Ол өз бастауын «қоғам болмаса – адамның да болмайтыдығын» интуитивтік деңгейде бағдарлаған алғашқы қауым адамынан, «өмірді – күрес» дейтін биология заңына қарсы тұрып, барлық күнәні табиғаттан іздеген, барлық адамдардың теңдігін паш еткен діни ілімдерден алады. Адамның рухани жан ретіндегі бақыты – өз өміріне риза болып өту, табиғаттың берген барлық мүмкіндіктерін өз бойынан ашып, оны елі, жері, халқы үшін жұмсау. Шығыс өзінің ұзақ тарихымен адамның руханилығын ту етіп, соны игеруге ұмтылды (медитация, күрес өнерінің ішкі мәні, т. б.), материалдық байлық, өткінші тән қызығуларына ұстамдылық көрсету, қанағаттылықты насихаттады. Қазақтың ұлы ойшылы Абайдың «Адам бол!» талабы бұған ақылды, білуді, үйреніп іскер болуды қосады, шығыстың руханилыққа ұмтылуын толықтырып, адамның белсенділігін оятады. Бірақ ол капиталистік жүйеден келген жалаң, арам, қылмысқа толы іскерліктен қашып, руханилық негізді қатаң ұстанғанды жөн санады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет