Ќазаќстан Республикасы жоѓарѓы оќу орындарныњ ќауымдастыѓы


Адамның рухани әлемі. Сана



бет103/145
Дата21.04.2023
өлшемі1,66 Mb.
#175143
түріОқулық
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   145
Байланысты:
ФИЛОСОФИЯ Аденов 2

2. 3. Адамның рухани әлемі. Сана
Сана – ғажап дүние. Бүкіл өнер, дін, әдебиет, философия техника әлемі және ғылым, адам санасының нәтижесі. Сана – құдіретті күш, әлемді билейтін де сана. Сана бүкіл философияда, ғылымда және дінде әртүрлі ой-пікір туғызып, оларды бір-бірімен салыстырып қояды. Сана – дүние, қоғам, адам, т. б. материя жүйелерінің бәріне нұр төгіп тұр.
Сана қалай пайда болады? Бұл туралы ғылымда пікірталас көп. Адам баласына ой қалай келеді және рухани дүние мен денелік дүниенің арасындағы айырмашылық қандай? Жеткілікті білім болмағандықтан, алғашқы адамдар сананы адам денесінен бөлек өмір сүретін «жанның» қасиеті дейді. Мысалы, қазақтар оны шыбынға теңеп, жан ұшып жүреді, бақыттың болуы, оның қонуына байланысты деп санаған. Діни-идеалистік түсініктерде осы дәстүр сақталып, сана материалдық емес, «жан» субстанциясының көрінісі, ол жалпы алғанда материядан (мидан) тәуелсіз өмір сүретін, өлмейтін және мәңгілік құбылыс деп есептеледі.
Танып-білудің алғашқы негізі ретінде «жан» туралы идея ежелгі заманнан келеді: түс көру, талып қалу, өлім барысын, түрлі таным және эмоциялық ырықтың процестерін табиғи себептермен түсіндіре алмағандықтан, адамдарда әрқашан жалған көзқарас көп болды. Ұйқы кезінде жанның денені тастап, түрлі жерлерде болуы – періштелер мен жын шайтандарды “көріп” қорқу, бірдемелерге сену әсерінен туатын осы құбылыстар шынайы өмір сүреді деп есептелді.
Алғашқы грек философтары космостың өзін тірі организм - адамнан тәуелсіз, өзінше өмір сүреді деп санаған. Сана тікелей ғарыштың нәтижесі, бірыңғай, өзінің мәнінде бүтін, бөлінбейтін, Құдайдың ақылына байланысты туады деп есептелді. Тейяр де Шарденнің теориясы бойынша сана – адамнан жоғарғы мәні, мидың, материяның ішкі жағы. Орта ғасыр философиясының өкілі Дунс Скоттың пікірінше, тіпті таста ойлай алады-мыс. Мұндай көзқарасты гилозоизм (hule- материя, zoe- тіршілік) дейді.
Фрейдтің пікірінше психика үш қабаттың қосындысы: 1. «Мен» адамның санасы, психиканың барлық құрамындағы бөліктерінің арасындағы келістіруші. 2. «Ол» (оно) – санасыздық әлемі, онда адамның жасырын ойы, арманы, тілегі бар. 3. «Шектен тыс – Мен» –жеке адамдарға қысым жасап, әсер ететін сыртқы орта, «сыртқы цензура»: заңдар, тыйм салу талаптары, мораль, мәдениет дәстүрлері. «Мен» өзіне «Оны» бағындыруға тырысады. Бірақ бұл жерде нәтижеге сирек қол жетеді. Әдетте «Ол» жасырын немесе ашық түрде «Менді» бағындырады. Фрейд мұны былай суреттейді: ат және оның үстіндегі адам, Адам «Мен» – атты бақылайды, әмір береді, ал ат (Ол) болса адамнан басым, себебі оны алып бара жатыр. Кейде адам бақылауды жоғалтып алғанда, ат оны ала жөнелді, қайда алып кететіні белгісіз.
Адам психикасын анықтаушы факторлар: негізгі фактор –қанағаттану, адам психикасын басқарады және бағыттайды. Көңіл көтеру – психикадағы компас секілді, қалай болғанда да, көңіл көтеруге жол іздейді. Психикада қабылданбайтын, тыйм салынған тілектер мен идеяларды (қоғамға қарсы істерді, жыныстық қатынастарды) ығыстырады. Санасыздыққа ығыстырылған, сыннан (цензурадан) өтпеген тілектер, ойлар сублимацияға ұшырайды, яғни «рұқсат етілген» әлеуметтік әрекет типіне өтеді және мәдени шығармашылық болып өзгереді.
Сана ми арқылы пайда болады. Адам ақыл-ой арқылы пайымдайды, жоспарлайды. Ми – материя. Ми жануарларда да бар. Жануарлардың өмірі спонтандық емес, өзінің санасына бағынған, мәні бар. Жануарлар өз тәжірибелерін жинақтап, оны ебін тауып қолданады. Жануарлардың бірқатар әрекеттері күрделі, әрі саналы болады. Бұл негізінен жоғарғы сатыдағы мысық, ит және приматтарда айқын көрінеді. Жануарларда өздеріне тән «мораль», тәртіп, жетекшілік-бағыныштылық қатынастар, күрес жолдарын саналы таңдау бар. Инстинктің өзі де тек туа біткен емес, өмірде пайда болған, яғни өмірде игерілген тиімді әрекеттердің сана деңгейінде сақталып отыруы.
Ми – дегеніміз – шындықты психикалық бейнелеудің жоғарғы формасы болып саналатын сана органы. Қазіргі ғылымда адам миы екі үлкен бөлшектен тұратындығын айтады, мидың оң және сол жақ жарты шарлары. Сол жақ– адамның көтеріңкі күйіне, қуанышына жауап береді, өнер иелерін – суретшілікті, әншілікті, жазушылықты оятады. Оң жақ: уайым, үрейлену, ренжуді туғызады, ғылыми ойлар, теория мен тұжырымдамалар жасауға жетелейді.
Сананың пайда болуының екі жағы бар: биологиялық шарттары, әлеуметтік негізі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет