Ќазаќстан Республикасы жоѓарѓы оќу орындарныњ ќауымдастыѓы



бет105/145
Дата21.04.2023
өлшемі1,66 Mb.
#175143
түріОқулық
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   145
Байланысты:
ФИЛОСОФИЯ Аденов 2

Психикалық (жүйке жүйесі). Жеке сезім мүшелері арқылы бір нәрсенің жеке қасиетінің бейнесі пайда болады. Оны – түйсік (ощущение) дейміз. Объект келбетінің пайда болуын, шындықтың толық бейнеленуін, қабылдау деп атайды. Елестету дегеніміз – еске байланысты түйсік пен қабылдаудың бергенін мида сақтап, жаңғырту. Түйсік –қабылдау, елестету, бейнелеудің идеалдық түрі. Бірақ олардың барлығының шығар көзі материалдық. Сана материяның туындысы болғанымен материалдық емес, идеалдық. Оның себебі: бейне зат емес, ол әркімде әртүрлі және тарихи өзгеріп отырады. Бейне мидағы физиологиялық процеске де тең емес (оларды теңестіретіндер бар, оларға тұрпайы материалистер жатады). Сөздің де материалдық жағы (белгісі) және идеалдық жағы (мәні-бейнесі) бар. Сөйлеу мен ойланудың да айырмашылығы осындай: ойлау – ұшқыр болады, сөйлеу – материалдық болғандықтан, оған ілесе алмайды.
Адам ойлауды, елестетуге сүйеніп жүргізеді. Елестетуде заттың негізгі және негізгі емес қасиеттері ажыратылады, ой негізгілерінің арасындағы тұрақты байланысты анықтап, зат дамуының заңдылықтарын ашады, оны практикада тексеріп бекітеді. Сананың негізінде білім, білу жатыр. Материалдық-практикалық қызмет адам өмірінің негізі, ол практикалық іс-әрекет, еңбек. Сана шындықты тек бейнелеп қана қоймай, оның заңдылықтарын ашып, оны жасайды да. Бұл оның белсенділігі, шығармашылығының негізі.
Адамды қоршаған қазіргі барлық әлем бұрынғы қаз қалпындағы табиғат емес, оның санасы, ақыл-ойы арқылы, мақсат пен мүддесіне сай өзгертілген жасанды орта, екінші табиғат, реттелген әлем. Әрбір адам туа салысымен өткен ұрпақ жасап кеткен дайын заттар дүниесіне, қалыптасқан қатынастар жүйесіне келеді. Яғни, оның объективтік шындыққа қатынасы – денесінің биологиялық құрылысына ғана емес, негізінен қоғамның тарихи даму деңгейіне, басқа адамдармен байланысу тәжірибесіне тәуелді.
Тарихи өзгеріп, жетіліп отыратын білім – этникалық, эстетикалық қағидалар мен нормалар, діни, ғылыми, құқықтың, саяси идеялар мен көзқарастар әрқашан адам мен қоршаған ортаның аралығында тұрады. Адамның шындыққа ең бастан-ақ бір түсінік, ұғыммен қарауы - оның саналығы, рухани жан ретінде қалыптасуының кепілі. Сондықтан, руханилықтың алғашқы белгісі дүниені санада пайда болған идеалдық-психикалық модель арқылы танып, соның негізінде мүддесін анықтап, жоспарлы іс-әрекеттер жасау деуге болады.
Жануарлар өз биологиясының, дене талабының құлы, соның заңдылықтарынан шығып кете алмайды, табиғатты соның бір құрамды бөлігі болуымен ғана өзгертеді. Санаға ие болған адам табиғатты өз білімімен, еңбегімен белсенді түрде өзгертіп, өзі де қоса өзгеріп отырады, табиғи-биологиялық заңдар шеңберінен шығып еркін даму жолына көшеді, тіпті өзінің дене құрылымын да өзгертуге мүмкіндік алады. Санасы берік, рухы күшті адамдар әулиелер деңгейіне дейін көтеріледі, өлімді де қасқая қарсы алып, елді тәрбиелеуге ерекше үлес қосады. Бұл олардың өзіндік санасының ерекшелігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет