Ќазаќстан Республикасы жоѓарѓы оќу орындарныњ ќауымдастыѓы



бет27/145
Дата21.04.2023
өлшемі1,66 Mb.
#175143
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   145
Байланысты:
ФИЛОСОФИЯ Аденов 2

Негiзгi еңбектерi: «Жан туралы», «Физика», «Метафизика», «Категориялар».
Эллиндiк дәуiр (б.з.д. IV ғ. аяғы – б. з. V ғ.) ең ұзақ уақытты алып жатыр. Эллиндiк деп атауға сол кездегi ең кең аймаққа тараған (Жерорта Теңiзi, Таяу Шығыс, Солтүстiк Африка), басқалармен салыстырғанда өте жоғары саналатын грек мәдениетінiң элементтерi, Рим жаулаған тайпалар мен халықтардың тұрмысына және әдет-ғұрпына белсендi түрде ене бастауы. Римнiң өзi де эллиндiкке айнала бастады. Оның себебi, грек пен латын мифологиясы мен дiнiнiң ұқсастығы зор едi. Жаңа эллиндiк дүниеде жүздеген алуан түрлi тайпалар мен халықтардың дәстүрi, дiнi, наным, табыну салты, көптеген тiлдер араласып кеттi, осының салдарынан ежелгi грек тәртiбi өзiнiң ерекшiлiгiн жоғалтып, көлеңкеде қалды.
Бұл кезеңнiң негiзгi тақырыбы – ырық, бостандық, мораль және сүйiспеншiлiк; бақыт және өмiрдiң мәнi, ғарыштың құрылымы, адам мен әлемнiң мистикалық әрекеттестiк өзара қатынасы болды. Эллинизм негiзiнде аксиология мен праксеология мәселелерiн қарастырады, ал философияның орталық мәселесi ─ этика болды. Философияның мақсаты ─ көбiне дұрыс әрекет арқылы бақытқа жетуi болып түсiндірілді. Адамдардың араласуы, өзiнiң кiм екенiн және әлемдегi орнының бар екенiн бiлудi қажет еттi. Этикалық мәселелер сондықтан, табиғат iлiмiмен байланысты талданылады.
Эллинизм дәуiрiнде философиялық ойлар негiзiнде көп мектептер мен бағыттар пайда болды. Олар:
Эпикуризм (Эпикур, Лукреций Кар);
Стоицизм (Зенон Стоик, Сенека, Марк Аврелий);
Скептицизм (Пиррон, Секст Эмпирик);
Кинизм (Диоген Синопский, Антисфен, Кратет);
Неоплатонизм (Плотин, Профирий, Ямвлик, Прокл);
Эпикуризмнiң негiзiн салушы ─ Эпикур (б.з.д 341-270 жж.) аса көрнектi философ-материалист, Демокриттің атом теориясын жасаудағы iзбасары бола тұрып, оны толық мойындамады. Эпикурмеизмнiң ең iрi өкiлi ─ Тит Лукреций Кар (б.з.д. 99-55 жж.), римдiк философ, әрi ақын, “Заттардың табиғаты туралы” поэманың авторы. Онда ол атомизм идеясын насихаттап, эпикуризмдi эллиндiк дәуiрдiң атомизмi ретiнде сипаттады.
Эпикур б.з.д. 306 ж. Афинде “Эпикур бақшасы” деген атпен белгiлi мектеп ашты. Оның философиясы сол кездегi философияның барлық бөлiгiн қамтыды. Оның ұраны: ”Көзге көрiнбей өмiр сүр” болды. Онтологияда атом туралы iлiмдi ары қарай дамытты. Атомның саны шексiз, ал олардың түрiнiң саны шектi, дегенмен көз жетпес болады. Атом тек түрiмен, көлемiмен, орнымен ғана емес, салмағымен де өзгеше болады. Төмен әртүрлi жылдамдықпен құлдырап, бiр-бiрiне соғысып, түзу жолдан ауытқиды. Содан өмiрге жаңа заттар келедi деп, ол Демокритiң қатаң детерминистiк (себептiк) iлiмiнен, тағдырға мойынсұнудан құтылады. Дүниеде өмiр сүретiн заттар пайда болады және қирайды, бiрақ атомдар мәңгi, әрi өзгермейдi.
Эпикур таным туралы iлiмiнде сенсуалистiк көзқараста болды. Ол сенсуалистiк көзқарасқа, сондай-ақ дәйiктi атеизмге сүйене отырып, өзiнiң этикасын жасады. Оның аты этика iлiмiн жасаумен шықты. Оның ойынша философияның мақсаты ─ адам бақыты. Адамның мiнез-құлқы жөнiндегi қағидалар, оның өмiрден ләззат алуға деген табиғи шабытының негiзi болуға тиiс. Бұл рухтың тәуелсiздiгi мен тыныштығын қажет етедi, өлiм қорқынышы мен құдайдың күшiн жеңудің шарты. Таным процесiнде адам қорқыныштан құтылып ләззатқа, бақытқа жетедi. Философияның мәнi ─ табиғатты, қоғамды адам дүниедегі заңдылықты ақыл арқылы түсіну. Ақылға сай өмiр сүру дегенiмiз ─ әдептiлiк пен әдiлдiк. Басты мәселе, қайғыдан құтылу. Дене ләззатына шексiз берiлу, ауру мен азапқа алып келедi. Өмiрдiң мақсаты ─ рухтың алаңсыздығы, дененiң саулығы, сондықтан рахатқа бату бiрқалыпты болу керек. Әлемдi ақылмен тану – бақыт көзi, оның басты мәселесi – адам өзiн, өзiнiң жанын белгiлi бiр принциптермен қайта құруы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет