Ќазаќстан Республикасы жоѓарѓы оќу орындарныњ ќауымдастыѓы



бет122/143
Дата10.11.2022
өлшемі450,91 Kb.
#157449
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   143
Байланысты:
ФИЛОСОФИЯ студенттеріме (1)

Неміс ғалымы Макс Вебер (1864-1920 жж.). Тарихты үш шартты кезеңге бөлді. Дәстүрлік, феодалдық капиталистік деп бөлудегі орталық мәселе – қоғамдағы біреулердің екінші біреулерге үстемдігі, оның пайда болу себептері мен түрлері. Вебердің пікірінше, үстемділіктің үш сипаты болады: дәстүрлік, харизматикалық, рационалдық.

    1. Дәстүрлік: қоғамдағы қожайын мен бағынышты адамдар арасындағы қатынастарды экономика немесе әкімшілік емес, идеологияның көмегімен ұзақ уақытта қалыптасқан дәстүр анықтайды. Және бағынышты кісінің берілгендігіне сүйенеді.

    2. Харизматикалық үстемділік – билеушінің жеке өзінің ерекшелігі. Оның айналасындағы адамдар оны жерге табиғаттан тыс құбылыс ретінде құдайдың өзі жіберді деп есептеуі.

    3. Рационалдық – басқарудың кемелдеген түрі, ол капитализм қоғамында өмірге келеді. Бұл үстемдіктің қабылдаған қаулылары ақылға сыйымды, терең ойлы болады. Вебер осыған сай капитализмді былай сипаттайды:

– өндіріс орындарының табысты болуы. Бұл өндіріс пен еңбекті ақыл-ойдың арқасында ұйымдастыру нәтижесі;
– бірыңғай рационализмді жоққа шығарады, еркін ой, іс-әрекет бәсекесін қорғайды;
– қоғам тарихында діннің де өте үлкен орын алатынын көрсетті. Батыс капитализімнің басты мәні – протестантизм деді. Ол қоғам тарихы мен оның, даму процесіне бірыңғай ғылыми көзқарастың, дәлелді логикалық жауаптың жоқтығы – Вебер ілімін көп танымал етпеді.
Маркске дейінгі материалистер табиғат заңдары мен құбылыстарын материалистік тұғыдан түсіндіре отырып, тарихи жағдайлар мен қоғам өмірін тануда өз материализмін қолдана алмады. Марксизм – қоғамдық сана, қоғамдық болмыстың бейнесі дейтін дәстүрлі материализмді тереңдетіп, көп жаңа ұғымдар енгізді.
Қоғам туралы философияда алуан түрлі ойлар қалыптасқан. Қоғамды материалистік тұрғыдан зерттеген – Маркс. Адамға ең алдымен күн көру үшін денеге энергия беретін материалдық заттар байлығы керек дейді. Ол үшін оларды өндіретін құралдар қажет. Яғни, өмір мен қоғамның дамуында материалдық игіліктерді өндіру негізгі мақсат болып табылады. Сондықтан мемлекеттік мекемелер, құқықтық көзқарастар, өнер, мораль, адамдардың діни ұғымдары да осы негізге сәйкес дамиды.
Қоғамдағы іс-әрекет пен қызметтің субъектісі - нақты адам. Адам мәнін қоғамнан тыс, еңбек құралынсыз, материалдық өндіріссіз танып-білу қиын. Қоғам біртұтас, бөлінбейтін әлеуметтік өмір, бір-біріне әсер ететін екі фактордан тұрады. 1. Адамдардың белгілі бір қызмет әдісі. 2. Әлеуметтік фактор. Бұлар адамдардың материалдық өндірісті дамытудағы тарихи қызметі арқылы пайда болады.
Өндіруші күштер мен өндірістік қатынастар диалектикасы Маркс ілімінің өзекті бір идеясы, әлем тарихының бірлігімен әртүрлі екенін анықтайды. Маркс өндіруші күштер мен өндірістік қатынастарды біріктіріп өндіріс тәсілі деп атап, соған негізделген қоғамдық-экономикалық формацияларды – тарихи нақты қоғамдар типін ажыратады. Олар алғашқы қауымдық, құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік, коммунистік (социализм - оның бірінші кезеңі ғана) формациялар. Формация ілімі көп жағдайда, әсіресе шығыс елдер тарихында, дәлме-дәл келе бермесе де, ғылыми-әдістемелік рөлі ерекше. Ол қоғамның өздігінен дамитын жүйе ретіндегі прогрессивтік дамуын анықтауға мүмкіндік береді. Прогрестің өлшемі математикалық есеп-қисапқа, дәлдікке бейім өндіруші күштердің деңгейі мен сипаты саналып, өндірістік қатынастардың соған сәйкестігі, қоғам дамуының негізгі бір заңы болып табылады. Өндірістік қатынастар өзінің тұрақтылығына сәйкес дамылсыз өзгеріп отыратын өндіруші күштерге сәйкес болмай қалған жағдайда, адамдардың шығармашылық ұмтылысы сөніп, еңбек өнімдері азайып, экономикалық күйзелістер, әлеуметтік қақтығыстар, саяси төңкерістер орын алады. Осы әлеуметтік революциялардың әсерінен өндіріс тәсілі өзгеріп, жаңа тарихи қоғам типі өмірге келеді.
Маркс формациялардың ерекшеліктерін базис және қондырма ұғымдары арқылы көрсетуге тырысады. Базисті өндіріс қатынастардың жиынтығы, қоғамның экономикалық құрылымы деп, оны өндіріс құралдарына меншіктік қатынаспен теңестіреді, сондықтан социалистік революциялардың негізгі ұраны әлі күнге дейін жекеменшікті жою, мемлекеттік меншікті орнату болып саналады.
Қондырма – ол экономикалық саладан тыс барлық өмірді: идеялар мен теорияларды; қоғамдық, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарды; саяси, құқылық, әлеуметтік, ұлттық, көркемдік, тіпті соңғы нәтижесінде (бұл сөз марксистік әдебиетте өте жиі қоданылады) жыныстық, діни, экологиялық, т. б. қатынастарды санайды. Қондырманың негізгі мақсаты – базисті қорғау немесе оны өзгертуге тырысу. Егер базис прогрессивті саналса, оны қабылдамайтындар – реакционерлер, халық жаулары аталып, қондырманың күшімен жойылуы қажет – бұл пролетариаттық диктатураның негізгі саясаты. Оның нәтижесін Совет дәуіріндегі Пол Пот режиміндегі жағдайлардан жақсы білеміз.
Адамды адамның қанауын, таптар күресін жекеменшікпен тікелей байланыстыру таза ғылыми жол емес, әр кезде ауқатты әулеттердің арасында адамгершілік принцип пен нормалардан ауытқымай, ел арасында беделді болғандар, тіпті солардың көтерілісін бастағандар да болған. Яғни, экономикалық қатынастар біршама адамның өнегелік білім деңгейіне, ізгілікке ұмтылуына тәуелді. Ал байлығын пайдаланып қанау, күштеу сананың тарихи дәрежесіне сай, ертеде қазіргіден кең және қатаң қолданылғаны да белгілі. Әр кезде байлықтың негізгі көзі – еңбек екенін түсіну болған. Бірақ атадан қалған байлықты ол қалай жиналса да шашып тастамай ұрпағына жеткізу қажеттілігі, ауқаттылардың да көп бөлігін қалыптасқан экономикалық қатынасқа бейімделуіне арқау болған. Сананың тарихи жетілуі, еркіндік, теңдік, сүйіспеншілік идеяларын, демократиялық билік принципін оятты, бұл жағдайда үстемдік ету, адамды адам қанау тәжірибесін жалғастыру, жалған ғылыми теорияға сүйену, елдің санасын бұрмалау жолымен ғана іске асады.
Марксизм, шын мәнінде адамгершілік тұрғысынан логикалық аяқталмаған ілім, капиталистік экономиканы ғана ғылыми тұрғыдан негіздеген ілім. Оның социализмі ғылыми тұрғыдан дәлелдеуге жете алмағандықтан, жаңа формацияға күштеп өтуді қолдады. Осының нәтижесінде марксизмнің коммунизм идеясы бүгінде тек қаралаумен сенімсіздікке тап болды.
Әр ілімнің жақсы жағын ала білу – даналықтың белгісі болғандықтан, Маркстік материалдық және идеологиялық қатынастар, базис пен қондырма идеяларын, адамды руханилықтан гөрі, экономикалық жан санауының біржақтылығына қарамастан, қоғамды материалистік, яғни ғылыми тұрғыдан қарауға үлкен үлес қосуын, оның ілімін мәңгілік мұралардың бірі ретінде санауға мүмкіндік береді.
Социумның негізгі сферасы: материалдық, әлеуметтік, саяси, рухани. Қоғам ең күрделі, өздігінен ұйымдасатын, мақсаттылығы бар материалдық жүйе, өз құрамында салыстырмалы дербес көптеген кіші жүйелердің иерархиялық (бағыныштылық) қатынасын жинақтайтын көп мүше. Қоғамдық ілім – қоғамдық қатынастарды танып, олар рухани және материалдық, стихиялық және реттелген экономикалық, әлеуметтік, ұлттық, саяси болып келеді. Әр адам дайын қоғамдық қатынастарға келеді, соған үйлесімді іс-әрекет жасайды, танып өзгертуге ат салысады. Яғни, қоғамдық қатынастар жеке адамды әлеуметтік топтармен, бүкіл адамзатпен байланыстырады. Қоғамды жаңарту дегеніміз – бірінші кезекте, барлық іс-әрекетің формасы ретіндегі қоғамдық қатынастарды өзгерту болып табылады. Оны өзгерту объективті және субъективті факторларға тәуелді. Әрбір іс-әрекет саналы, бірақ оның толық салдарын танып-білу мүмкін емес. Ол әрқилы ойлайтын, әрекеттенетін субъектілердің іс-әрекеттері қиылысып, ешкім ойламаған жаңа жолға, қатынастарға алып келуі мүмкін. Сондықтан ұсынылған идея терең білімге сүйенген және елге қонымды болуы шарт. Бұқара халыққа сіңген идея қуатты материалдық, әлеуметтік, саяси, рухани күшке айналады. Қоғамдық қатынастардың мазмұны ең бастан-ақ, қалыптасқан (алғашқы руда қатаң түрде ұсталған – теңдік, бауырластық, кейін еркіндік) талап-мақсатқа жақындай түседі.
Саяси, әлеуметтік және рухани салалар идеология негізінде іске асады. Адамды адам арқылы тәрбиелеу саясат, құқық, мораль, дін, эстетика және философия арқылы жүргізіледі. Адамды адам арқылы тәрбиелеу әдістемесі көп, осы күнге дейін ол негізінен күшпен, зорлықпен, қысым көрсету арқылы орындалып келеді.
Бұл жүйеге қарсы – демократия, ол қоғамдағы адам бостандығына ұмтылады. Бостандық ойға келгенді жасау емес. Қоғамда тәртіп болуы керек. Осыған сай қоғамда мекемелер мен реттеу аппараты, оның практикалық іс-әрекеті болады. Қоғамда өмір сүру іс жүзінде күнделікті практикаға байланысты. Адамға рухани азық керек. Ол идея. Идея болмаған жерде, қоғам өз дәрежесінде өмір сүре алмайды. Идея ескіргенде қоғам басқа идея іздейді. Оның тұрмыстық ауыртпалығы да жеңілдігі де сол идеяға байланысты.
Қоғам дамуындағы адамға адамның күш көрсетуін тоқтатып, бостандық идеясының тарихи процестегі қажеттілік пен адамдардың саналы әрекетінің ара қатынасына байланысты шешілуі, өркениет – ол өмір сүрудің түрі және қоғамның даму бұлағы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет