Аксиологияның (гр. Axia– құндылық және logos- ілім) – «игілік деген не?» деген сұрақты алғашқы рет Сократ қойды. Бірақ, құндылық түсінігі алғашқы рет Кант философиясында сөз болды. Ол үшін құндылық өзінше болмыс болмайды, құндылықтың алғышарты, болмыс пен міндеттенуді ажырату.
Құндылық теориясы, құндылық табиғаты туралы философиялық ілімдер, олардың әлеуметтік шындық пен дүние құрылымындағы орны әртүрлі бағыттарда сипатталды. ХІХ–ХХ ғасыр философиясындағы ағымдар адамның жоғарғы рухани қабілетін – ерік деп, ал құндылық мәселесін, әлеуметтен тыс феномен ретінде қарайды.
Объективті-идеалистік философия ағымдары, неотомизм, интуитивизм құндылықты кеңістік пен уақыттан тыс тұрған о дүниелік нәрсе ретінде түсіндіреді.
Логикалық позитивизм, құндылықты сананың құбылысы, адамның бағалайтын объектіге субъективтік қатынасы деп санайды. Құндылықтың натуралистік теориясында адамның табиғи қажеттіліктерінің немесе жалпы табиғат заңдарының көрінісі ретінде таниды. Натуралистік психологизм (табиғат құндылығы мағынасында) – адамның биопсилогиялық түсінігі мен қажеттіліктері. Ал құндылықтың өзі қоршаған шындықтың эмпириялық деректері деп анқталады. Өкілдері: А. Мейнонг, Р.Б. Пери, Дж. Дьюи, К.И. Льюис.
Аксиологиялық трансцендентализм – идеалды болмыс, нормалық болмыстық құндылық, ол сезімдік (эмпириялық) емес, таза трансценденталдық «таза» нормативті санамен байланысты. Өкілдері: Вильгельм Виндельбанд, Г. Риккерт. Олар Канттың сыншылдық идеясына сүйеніп, И. Фихте мен Р. Лотце философиялары тұрғысынан, философияны жалпылай қабылданған құндылықтар туралы сыни ғылым ретірде түсіндірді. В. Виндельбонд бойынша: өмірдің құндылығы – игілік, киелілік, ар-бедел, еркіндік, ізгілік, сүйіспеншілік, сұлулық және ақиқат идеяларының болмысы болады. Әмбебап және мәңгі құндылық ретіндегі ақиқатты табу тәсілін В. Виндельбонд пен Г. Риккерт пән бойынша емес (табиғат туралы ғылым мен рух туралы ғылым) әдіс ретінде бөлді. Табиғат туралы ғылымдар (номотетикалық) әрқашан бар нәрсені зерттейді, рух туралы ғылымдар (идеографиялық) тек бір уақытта болған және ерекше маңызды құндылықтарды қарастырады.
Г. Риккерт мазмұнында ақиқат, сұлулық, жеке адамнан жоғарғы киелілік, өнегелік, бақыт және кісі киелігі туатын болмыстың алты сферасымен – логика, эстетика, мистика, этика, эротика, дін – байланысы негізінде, құндылық түрлерін ажыратады.
Персоналистік онтологизм – адамның негізі оған тән құндылықтардың бағыныштылығымен анықталады. Адамның бұл құндылық жүйесі – реалдық құндылық дүниесі ретінде. Ал құндылықтың сипаты – объективтік. Олар адамның онтологиялық негізін құрайды. М. Шелер абсолютті құндылықтардың бағыныштылық байланысын құрып, құдайды жоғарғы абсолют ретінде негіздеуге ұмтылады. Құдай идеясы Шельерде жоғарғы абсолют, ал құдайды сүю – сүйіспеншіліктің жоғарғы формасы, фундаментальды феноменалдық акт.
Мәдениет – барлық құндылықтардың жиынтығы. Сондықтан мәдени-тарихи релятивизмге аксиологиялық плюрализм идеясы тән, яғни тарихи әдістің көмегімен танылатын, тең саналатын құндылық жүйелерінің көптігін мойындау. Өкілдері: В. Дильтей, О. Шпенглер, А. Тойнби, т.б. Құндылықтың социологиялық концепциясын қалаушы М. Вебер өзінің «түсінетін социологиясында» құндылықтарды әлеуметтік субъектіге, белгілі бір маңызы бар қағидалар ретінде қарастырады. Құндылық әлеуметтік білім мен әрекетте түсіндіріледі. Ол әлеуметтік байланыс пен әлеуметтік жүйелердің қызмет етуін анықтайтын құрал ретінде қарастырылады (Парнос, т.б.).
Құндылықтың маркстік ұғымы басқа философиялық ағымдардан принципті түрде өзгеше. Ғылыми түсіндіруде құндылық мәселесі универсалдықтан арылған. Бұл мәселенің астарында ғылыми жолмен шешілетін алуан түрлі философиялық мәселелер жатыр. Шындығында табиғаттан тыс немесе таза табиғи қасиет болмайды, құндылық өзінше ерекше әлеуметтік құбылыс. Табиғаттың адамнан тыс ешқандай өзіндік құндылығы жоқ, ал бағалау болса, қоғамға тән әлеуметтік қатынасты білдіреді.
Құндылықты жалпыадамзаттық, ұлттық, әлеуметтік таптық, топтық және адамдық деп ажыратуға болады. Осыған орай олардың мән-мазмұны, ауқымы, өзгешелігі әрқилы болып келеді. Оның әр қоғамда, әр халықта әртүрлі болуы заңды. Себебі, оларға табиғи және әлеуметтік орта, тарихи ерекше даму, көрнекті тұлғалардың өсиеттері, діни көзқарастар, алдына қойған мақсаттары, т. б. әсер етеді. Құндылық өз тарапынан ел білімдерінің деңгейіне, салалық бағытталуына, іздестіру тәсілдеріне, басқаларға жеткізу әдістеріне көп әсерін тигізеді. Өмірдегі маңызы үлкен зат пен құбылыс терең зерттеліп, оның әр күйі жекеленіп, арнайы атауға (сөз, термин) ие болады. Мысалы, түйе малы көшпелі қазаққа өте құнды болғандықтан, оны 20 – 30 = шақты атаумен нақтылайды, еуропа халықтары оның ұрғашы немесе еркегі екенін де ажырата алмай ересек және бала түйе деген атаулармен шектеледі.
Құндылықтар тарихи дамып, заман талабына сай өзгеріп отырады. Құндылыққа тек материалдық нәрсе емес, рухани құбылыстар да жатады: этикалық, эстетикалық принциптер мен нормалар, діни және ғылыми қағидалар, т. б. Қазіргі кезде барлық адамзат үшін ерекше бір құндылыққа техниканы жатқызу қажеттілігі туды. Шығыс елдері табиғатқа қатысты көзқарасқа сай жаратылыстанудан гөрі, қоғамдық ғылымдарға көп көңіл бөліп, руханилыққа шақырып отырған.
Достарыңызбен бөлісу: |