«Техника» түсінігі гректің («techne») – өнер, шеберлік, іскерлік деген сөзінен шыққан. Антика заманында техника түсінігі, адамның жасампаз іскерлігі мен ішкі қабілетін, осы іскерліктің өзіндік заңдарын, сонымен бірге адам әрекетінің жемісті болуындағы көмегін айтады.
Техниканың әлеуметтік мәні және сипаты:
– жеке еңбек қаруын техникаға жатқызуға болмайды;
– «techne» – антикада жерді өңдеу, аң аулау, теңізде жүзу, дәрігерлік, тоқыма, қару жасау және театр өнерін айтады;
– техникалық білім өндіріс процесінде ой арқылы объектіні құрастырады, проект жасайды. Оны мақсатты орындаудағы құрал ретінде көру қажет.
Техниканың даму барысын табиғаттың өзгерту мүмкіндігі бар. Бір жағынан, техника мен табиғат ұқсас қимылдайды, ал екінші жағынан ол табиғатты адамның керегіне қарай өзгертеді.
XVII-XVIII ғғ ғылыми революция дәуірінде Батыс Еуропа елдеріндегі өндірістегі өзгерістер, латын тіліндегі «technica ars» (өндірістегі өнер әдісі) француз тіліне «tehnigac» содан кейін неміс тіліне «technic» болып ауысты. Сөйтіп, термин арнайы мамандық бола бастайды. Жаңа дәуірде ол күрделі құралдардың бірлігін, әрекетін, өндірістегі шебер жасалуын, ең алдымен еңбек қаруы және машина ретінде қарастырылды. Сондықтан бұл сөздің түсінігі өзгереді.
Азық-түлік, әртүрлі тұрмыстық, өндірістік заттар шығару үшін механизмдерді ойлап табу мүмкіндігі пайда болды. Техника дамуының өзгеріс нүктесі – бірінші қозғалтқыш (двигатель) (1776 ж.), соңынан әмбебаптық қозғалтқыш-электромотор (динамомашина – 1867) –саналады. Қазіргі кезде «техника» термині көп ретте оның классикалық түсінігіне байланысты. Ғылыми-техникалық прогресс бұл түсінікті толықтырып және кеңейтті. Бүгінде техника органикалық және органикалық емес табиғатқа әсерін тигізіп отыр. Органикалық емес материяда – құрылыс техникасы, электротехника, теплотехника, физика-химиялық техника, энергетикалық техника, органикалық табиғат саласында ауылшаруашылық техника, биотехнология, т. б. пайда болды. Сонымен бірге техникаға ойлау, айтысу өнерлері жатады: ес (мнемотехника), сурет салу, музыка аспабында ойнау; техникасы, т.б адамдарды, өндірісті, мемлекетті басқару техникасы түсініктері кең түрде қолданыла бастады. Сонымен, қазіргі замандағы техника түсінігін мынадай деуге болады:
– білім саласында эмпириялық пен теориялық білімді байланыстырушы жүйе саласында көрінеді;
– адам әрекеті саласында: барлық құралдар мен іс-қимыл мүмкіндіктері және қажеттігіне сәйкес табиғатты өзгерту мен үстемдігін орнатудың амал-тәсілдерінің жиынтығы;
– шеберлік пен дағдылықтың бірлігі, кәсіп ерекшелігіне байланысты адамдар әрекетінің түрі. Дағдылықты толық игеру, шұғылданатын ісінің шеберлігі.
Қазіргі замандағы ғылыми-техникалық прогресс (ҒТП) кезінде адамдар өте жоғары дәрежеде білімді болуы қажет. Автоматтандыру және кибернетизациялау жұмысшылардың уақытын үнемдейді, шығармашылық күшін босатады, өндірістің жаңа түрлері пайда болады. Техника және ғылыми-техникалық прогресс адам ақыл-ойының зор табысы. Осы табыстарға сүйене отырып, өндіргіш күштер дамыды, жаңа технолгиялық процестерді қолданып, еңбек өнімділігін арттырды.
Ғылыми-техникалық прогресс бір жағынан адамның өмір сүруін, тұрмыс жағдайын жеңілдетсе, екінші жағынан, оның биологиялық құрылысын, денсаулығын бұзатын, дертке шалдықтыратын толып жатқан жағымсыз жағдайларды туғызады. Ал қару-жарақтың көбеюі, адамдар алдында соғыс пен бейбітшілік мәселесін тудырды. Осы прогресс жер бетіндегі табиғи қорларды бұзып-жойып, экологиялық мәселелердің туындауына ықпал етті.
Ғылыми-техникалық прогресс дамыған және дамушы мемлекеттердің ара жігін ажыратты. Бай және кедей мемлекеттер арасында энергетика, азық-түлік, ағарту, т. б салаларында наразылық туғызды. Бұл жаңа жағдайлар адамзат әлеміндегі ең күрделі мәселелерге айналды.
Ғылыми-техникалық прогрестің, жетістіктері ең алдымен қоғамдық өмірдің материалдық негізіне әсер етеді. Ғылымның өндірістегі рөлі барған сайын өсу нәтижесінде, ол тікелей өндіруші күшке айналады. Ғылыми-техникалық революциялар қуатты қозғаушы қызметтер атқарады. Мәселен, электр энергиясының ашылуы және оны игеру, барлық заводтар мен фабрикаларды, бүкіл транспортты негізінен қайта құруды қажет етті. Атом энергиясын игеру – космосқа сапар шегуге және осыған байланысты ғылымның өндіріске әсерінің күшейе түсері сөзсіз.
Ғылымның күрделенуі, жедел дамуы адамның өмір сүруіне, табиғи қордың тамамдалуына жеткізе бастады. Адамзаттың өмір сүретін ортасы түзетуге келмейтін қатерге тап болу мүмкіндігі көріне бастады.
Қазіргі адам санасы сиқырлы құмырадан босаған «жын» (джин) сияқты, еркіндікке жеттім деп, дүниені қопарып тастауға дайын. Соңында А. С. Пушкиннің белгілі ертегісіндегідей тесік астаудың жанында жылап отырып қалмайық деген қорқынышты ойлар туғызады. «Жынды» басатын, тежейтін қоғамдық, мемлекеттік күш керек. Егер «жынды» желпіндіретін – ашқарақ, тойымсыз капитал, ал оның құлы – алаяқ, жемқор, өзімшіл-пенде болса, тежеушісі – бірлікшіл, қанағатшыл азаматтар, солардың жаңаша құрған билік жүйесі болуы керек. Материалдық өндіріс адамның өмір сүретін ортасына қатты әсер етіп, көптеген келеңсіз жағдайлар туғызады, яғни табиғатты игеру процесінде биосфераға зиян келтіріледі: атмосфераның ластануы; су бассейндердің лайлануы басталады.
Осыған орай: экологиялық мәселелердің негізі неде? Адамзат алдында қандай нақты мәселелер тұр? Теориялық және практикалық әдістермен оны шешудің жолдары қандай? – деген сұрақтар туындайды.
Экологиялық (гр. – үй, тұратын мекен, тірі организмдердің қоршаған ортамен ара-қатынасын зерттейтін биологиялық ілім) тепе-теңдікті сақтау үшін:
– соғысты тоқтату, табиғатты аялау, дүниені апатқа ұшырататын қаруға қарсы күресу;
– қоғам өмірінде ерекше орын алатын, өндірістің, ғылыми-техникалық және мәдениеттік прогрестің дамуына сүйеніп, адамзаттың өз өмірін табиғат апаттарынан сақтау (жер сілкіністерінен, су апаттарынан қорғайтын құрылыс, бөгеттер салу жатады);
– экологиялық тұрғыдан таза, үнемді, қалдықсыз өндіріс, жаңа энергия көздерін ашу, сапалы, денсаулыққа зияны жоқ өнімдер шығару, т. б. кешенді жолмен айналысуы керек.
Бэкон: «Адам табиғатты бағындырумен бірге, оған бағыну керек», – деген.
Адам табиғатты игере отырып, өзінің өмір сүруіне жаңа жағдайлар жасайды: киім киюін заманның талабына сай жетілдіру.
Тұрғын үйлерді жаңа талаппен салу – (жасанды салқындық пен жылыту жағдайын жасау), жаңа тұрғын жерлерді игеру, демалу «өндірісін» жетілдіру, т. б. өз кезегімен дами беретіні айдан анық. Ғылым, техника, экология, мәселелерін шешкенде әлеуметтік факторларды сараптап, өндірістік ерекшеліктерді ескере отырып, олардың қандай мәдени, идеологиялық, этикалық-гуманистік, эстетикалық, т. б. салдары болуы мүмкін? – деген сұрақтарға аса үлкен мән беріп отыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |