Ќазаќстан Республикасы жоѓарѓы оќу орындарныњ ќауымдастыѓы


Қоғам. Философиялық талдаудың негізі



бет121/143
Дата10.11.2022
өлшемі450,91 Kb.
#157449
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   143
Байланысты:
ФИЛОСОФИЯ студенттеріме (1)

3. 2. Қоғам. Философиялық талдаудың негізі

Қоғам дегеніміз – адамдардың алуан түрлі саналы іс-әрекеті мен қызметінің нәтижесінде қалыптасқан адамдар бірлігі. Адамдар қоғамда өмір сүріп әрекет етеді, ол қоғамның ажырамас бір бөлігі және оған тәуелді. Адамзат қоғамы – табиғаттың ерекше бөлігі, ол табиғаттың ұзақ уақыт эволюциялық даму нәтижесінде пайда болады. Адамзат қоғамы әлемдегі барлық тірі жүйенің ең жоғарғы сапалы даму дәрежесінің көрсеткіші.


Адамзат тарихындағы қоғамның дамуы мен қалыптасуы туралы осыдан жүз жыл бұрын да қазіргі кезде де бірыңғай пікір жоқ. Себебі, қоғамда көптеген жасырын терең құпиялар көп, оларды ақыл-оймен танып білу, дұрыс пікір айту өте қиын. Қоғамды зерттейтін ғылымдар әлі жас деуге болады. Олар: философия, социология, саяси экономия, тарих, демография, т. б., бұлар өздеріне зерттеу объектісі болатын материалдарды әлі толық жинап ала алған жоқ.
Огюст Конт (1798-1857 ж.) «Социология» (лат.socialis –социатас қоғам, гр. Logos-ілім сөз) «қоғам туралы ілім» терминін ғылым айналымына енгізді. Ол қоғамды жеке адамдардың жай жиынтығы емес, керісінше олардың өндірістегі қабілетіне, рухани, өнегелік және саяси қызметтерінің дәрежесіне байланысты қоғам жетіледі, әрі дамиды дейді.
Қоғамды идеалистік тұрғыдан танып-білу, әлі күнге дейін басым, оның мәнісі мынада:

  1. Қоғамды билейтін күш идея (пікір). Әр дәуір идеяға байланысты өзгереді. Бірақ сол идеялардың өздері қайдан пайда болатыны қаралмады.

  2. Қоғамның дамуында объективтік диалектикалық заңдылық және детерминистік (себептік) байланыс бар екені ескерілмеді.

  3. Тарихты жасаушы кім деген сұраққа – ақылы биік жеке адамдар, яғни, қаһармандар, патшалар деп, халықтың шешуші рөлін ескермеді.

Аристотель Платонның мінсіз мемлекет теориясын сынады, ондағы ортақ мүлік идеясына қарсы шығып, жекеменшікті қорғады. Оның пікірінше, ортақ меншік еңбекке немқұрайлы қарауға әкеліп, оның жемісін бөлісуде қиындықтар туғызады. Әркім аз еңбектеніп көп сапалы үлесін алуға тырысады, ол достық пен келісімділіктің орнына айтыс пен алдауға алып келеді.
Гегель «адамдар тарихты өз дегенімен жасай салмайды, ол қажетті заңды процесс ретінде дамып отырады. Бұл заңдылық объективті бола алмайды, олар сырттан ендірілген абсолюттік идеяның қозғалысынан туады» деп пайымдады. Сондықтан ол тарихи дамудың шын процесін бұрмалады, бірақ алғашқы болып, қоғам дамуының заңдылығын айтты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет