Қозғалыс – материяның өмір сүру тәсілі, жалпы атрибуті, «бұл көрінген өзгеріс» (Ф.Энгельс).
Қоғам – адамдардың тарихи дамып отыратын өмір сүру формасы, материалдық әлемнің табиғаттан бөлектенетін бөлігі.
Материализм– сыртқы дүниенің обьективті өмір сүруін, оның мәңгі шексіз тіршілігін мойындаушылық, материяны алғашқы деп танитын философиялық ағым.
Метафизика – дүниені өзгермейтін, қозғалмайтын, дамымайтын құбылыс деп түсіну және ойлау тәсілі.
Мораль – (лат. Mores – әдет-ғұрып) қоғамдық сананың бір формасы, қоғамдық өмірдің барлық салаларында адамдардың мінез-құлқын реттеу функциясын атқаратын әлеуметтік институт.
Материя – (лат. material – зат, нәрсе, материал) философиядағы заттардың түпкі тегі, белгілі бір бастапқы зат – «материя адамға оның өзінің түйсігі арқылы мәлім болатын, біздің түйсіктерімізге тәуелсіз бола тұрып, оның сол түйсіктеріміз арқылы көшірмесі, суреті түсетін обьективтік реалдылықты белгілеу үшін қолданылатын философиялық категория» (В.И. Ленин).
Метод– (гр. methods – бірдеңеге апаратын жол) қабылдау, құрал, таным тәсілі, белгілі бір түрдегі жүйелі қызмет.
Методология – (әдіс – сөз, түсінік, ілім) теориялық және практикалық қызметіндегі адамның принциптер жүйелері, ұйымдастыру тәсілі, сонымен бірге бұл жүйе туралы ілім.
Модус – (лат. modus – өлшем, тәсіл) атрибуттан өзгеше қасиет, заттардың кейде қайталанатын қасиетін белгілеуге арналған философиялық термин.
Монада – (гр.monas – біреу) болмыстың құрылымдық субстанционалдық бірлікті білдіретін философиялық термин.
Монотеизм – (гр. monos біреу және theos – құдай ) бір құдай, бір құдайға табыну.
Мессионизм – орыс философиясының ерекшелігі – әулиелік сипаты, ол тарихи дамуда болжап шешу құралы, әрі әлеуметтік өмір барысында басқару, болжау қабілеті.