Прагматизм – (гр. pragma –іс-әрекет) субьективтік идеалистік философиялық ілім, бұл философияның негізгі принципі – қандай ой-пікір немесе іс-әрекет болса да, егер ол пайда әкелсе – шын, басқаша болса – жалған.
Психоанализ – психотерапия мен психологиялық ілім әдісі, орталық мәселесі психикалық процестер мен дәлел (мотивация) болды. З. Фрейд ұсынған жүйке және психикалық аурулардың жалпы теориясы мен емдеу әдісі.
Принцип – білімнің негізгі тезистері, ғылым.
Практика – (гр. praktikos – іс-әрекет) табиғат пен қоғамды тануға, өзгерту мен қайта құрудағы заттық-сезімдік іс-әрекет.
Психика – (гр. psych – душа). Жоғары ұйымдасқан материяның қасиеті, субьектінің обьективтіні нақтылықты бейнелеудегі ерекше түрі.
Политеизм – ( гр. Poly – көп, theos - құдай ) – көп құдай, бірнеше құдайға құлшылық ету.
Рационализм – (лат. ratio – ақыл) танымның негізін ақыл деп санайтын философиялық ағым. Ол танымның басты қаруы, сонымен бірге ақиқаттың өлшемі. Болмыстың, танымның, моральдің да негізі ақыл.
Реализм – (лат. realis – шындық, заттық ) – бұл ілім бойынша шын нақтылық тек жалпы ұғым немесе әмбебаптық болады.
Руханилық – материалдық қажеттіліктердің дамудағы алғашқылығына қарамай, маңыздылығы жағынан екінші қатарға қойылатынын білдіретін қоғам мен адамның күйі.
Секіріс – сан өзгерісінің сапа өзгерісіне өтуі, сан өлшемнің шегінен асып, басқа сапаға жеткізуі.
Секуляризация – дін мен шіркеу үстемдігінен құтылу.
Сенсуализм – (лат. sensus – сезім) философиялық ағым, танымның көзі – сезім (түйсік) әрі ақиқаттың өлшемі деп санайды.
100. Субстанция – (лат. sudstantia – мән, негізінде не жатыр деген сөз) кейбір бастама немесе алғашқы негіз, обьективтік нақтылық, оның өзіндік дамуындағы барлық түрлерінің ішкі бірлігі.
101. Славянофильдер – Ресейдің тарихтағы жолын уағыздайтындар, оны халықтың діншілдігі, ұжымдылығы және өнегелік құндылықтарға ұмтылысымен негіздейді.
102. Скептицизм – (гр. skeptikos – құрастырушы, зерттеуші, сынаушы). Обьективтік шындықты танып-білу мүмкіндігіне сенбейтін, күдікке орын беретін философиялық концепция.
Достарыңызбен бөлісу: |