Ќазаќстан Республикасы жоѓарѓы оќу орындарныњ ќауымдастыѓы



бет140/143
Дата10.11.2022
өлшемі450,91 Kb.
#157449
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   143
Байланысты:
ФИЛОСОФИЯ студенттеріме (1)

Прагматизм – (гр. pragma –іс-әрекет) субьективтік идеалистік философиялық ілім, бұл философияның негізгі принципі – қандай ой-пікір немесе іс-әрекет болса да, егер ол пайда әкелсе – шын, басқаша болса – жалған.

  • Психоанализ – психотерапия мен психологиялық ілім әдісі, орталық мәселесі психикалық процестер мен дәлел (мотивация) болды. З. Фрейд ұсынған жүйке және психикалық аурулардың жалпы теориясы мен емдеу әдісі.

  • Принцип – білімнің негізгі тезистері, ғылым.

  • Практика – (гр. praktikos – іс-әрекет) табиғат пен қоғамды тануға, өзгерту мен қайта құрудағы заттық-сезімдік іс-әрекет.

  • Психика – (гр. psych – душа). Жоғары ұйымдасқан материяның қасиеті, субьектінің обьективтіні нақтылықты бейнелеудегі ерекше түрі.

  • Политеизм – ( гр. Poly – көп, theos - құдай ) – көп құдай, бірнеше құдайға құлшылық ету.

  • Рационализм – (лат. ratio – ақыл) танымның негізін ақыл деп санайтын философиялық ағым. Ол танымның басты қаруы, сонымен бірге ақиқаттың өлшемі. Болмыстың, танымның, моральдің да негізі ақыл.

  • Реализм – (лат. realis – шындық, заттық ) – бұл ілім бойынша шын нақтылық тек жалпы ұғым немесе әмбебаптық болады.

  • Руханилық – материалдық қажеттіліктердің дамудағы алғашқылығына қарамай, маңыздылығы жағынан екінші қатарға қойылатынын білдіретін қоғам мен адамның күйі.

  • Секіріс – сан өзгерісінің сапа өзгерісіне өтуі, сан өлшемнің шегінен асып, басқа сапаға жеткізуі.

  • Секуляризация – дін мен шіркеу үстемдігінен құтылу.

  • Сенсуализм – (лат. sensus – сезім) философиялық ағым, танымның көзі – сезім (түйсік) әрі ақиқаттың өлшемі деп санайды.

    100. Субстанция – (лат. sudstantia – мән, негізінде не жатыр деген сөз) кейбір бастама немесе алғашқы негіз, обьективтік нақтылық, оның өзіндік дамуындағы барлық түрлерінің ішкі бірлігі.
    101. Славянофильдер – Ресейдің тарихтағы жолын уағыздайтындар, оны халықтың діншілдігі, ұжымдылығы және өнегелік құндылықтарға ұмтылысымен негіздейді.
    102. Скептицизм – (гр. skeptikos – құрастырушы, зерттеуші, сынаушы). Обьективтік шындықты танып-білу мүмкіндігіне сенбейтін, күдікке орын беретін философиялық концепция.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   143




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет