Ќазаќстан Республикасы жоѓарѓы оќу орындарныњ ќауымдастыѓы


Ондағы құдай туралы ойлары



бет32/143
Дата10.11.2022
өлшемі450,91 Kb.
#157449
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   143
Байланысты:
ФИЛОСОФИЯ студенттеріме (1)

Ондағы құдай туралы ойлары:

  1. Құдайдың өмір сүру белгісі – барлық заттарға қатысты құдіреттілігі мен жетілгендігі.

  2. Барлық материя, жан, кеңістік және уақыт, құдайдың әрекетінен жаралған.

  3. Құдай тек қана жаратып қойған жоқ, жаратуын жалғастырып жатыр, келешекте де солай бола бермек.

  4. Білім (сезім, ой, тәжірибе) шындық және жетілікті, бірақ ең басты ақиқат – дәлелді білім, тек Құдайды танудың арқасында туады.

Аврелий Августин өзінің «Құдай қаласы» туралы еңбегінде ол өз ойын «түсіну үшін сенемін, сену үшін түсінемін» («credo ut untelliyam intellido ut credam») деп негіздейді. Оның философиясы: «Сенімсіз – білімде ақиқат жоқ» деген принципке бағынады. Ол тарихты, адам тағдырын фаталистік тұрғыдан түсінетін діни концепцияны ұсынды. Оның христиан дінiнің кейінгі дамуына ықпалы зор болды. Протестант және католик дінбасшылары оны кеңінен пайдаланды. Православие шіркеуінде оның еңбектері рационалдық құрлымдық ілім ретінде көп тараған. Оның негізгі қағидалары:

        1. Тарихтың барысы, қоғам өмірі – екі қарама-қарсы патшалықтың күресі – жерлік және құдайлық.

        2. Жер бетіндегі патшалық мемлекеттік мекемелер, өкімет, әскер, заң, император арқылы іске асады.

        3. Құдайшылық жолда ─ діни қызметкерлер, олар берекелі және құдайға жақын, шіркеуде біріккен адамдар.

        4. Жер патшалығы күнәға толы және олардың iшiнде пұтқа табынушылар да бар. Оны құдай бәрібір бір кезде жеңеді.

        5. Көптеген адамдар күнәлі және құдайдан алыс. Сондықтан ақсүйектер өкіметі ары қарай өмір сүре беруі керек, бірақ олар Рухани өкіметке бағынуы тиiс.

        6. Корольдер мен императорлар христиан шіркеуінің ырқын (еркін) білдірумен бірге, тікелей Рим Папасына бағынады. Шіркеу –әлемді біріктіретін қабілетті күш, оған философиямен жету мақсатын қою керек.

«Схоластика» кезеңі – философиялық ілімі «схолостика». Оның өкілдері: Эриуген, Бонавентура, Альберт Великий, Фома Аквинский, Иоанн Росцелин, Пьер Абеляр, Ансельм Кентерберийский, т.б. Бұлар патристика көтерген мәселелерді жалғастырды. Бірақ, бұл мәселелер өзінің әдісі мен мазмұны жағынан басқа сипатта болды. Мазмұны бойынша бұрынғыдай құдай және күнәден құтылудың құпиясымен байланысты, бірақ алдыңғы қатарға ─ ақыл-ой мен сенім, дін мен ғылым мәселелері шықты. Жалпы мен жеке ұғымдарының ара қатынасы көп орын алды.
Орта ғасырлық схоластика оралымды болды, ол өзінің формаларын жиі ауыстырып отырды. Диалектиканы діннің догматтарын дәлелдеу үшін пайдалануға тырысты, болмыс, мән, форма, т.б. секілді философиялық ұғымдарды бұрмалап түсіндірді, таным теориясын былықтырды.
Схоластар білімді екіге бөлді:

  1. Түсініктеме жүрмейтін, аян арқылы берілген табиғаттан тыс жайлар (яғни, Құдайдың Библияға салған дайын ойлары);

  2. Адамның ақыл-ойымен табылған бiлiм (яғни, адам Библия мәтіндерін ашып, Құдайдың идеясын түсінді).

Схоластика ─ шіркеулік көзқараста «шіркеу әкейлерінің» ілімдеріне қарағанда, қасиетті жазуға көп көңіл бөлді. Бұл кезде Платон философиясының беделі түсіп, Аристотельдің анық айтылған философиялық «реализм» концепциясы мен формальдық логикасы кең дамыды.Сөйтіп, схоластикалық тәсіл қалыптасты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет