Семинар сабағының жоспары
Маркстік философия: негізгі идеялары мен
қағидалары. Марксизм және қазіргі заман.
Позитивизм және оның тарихи түрлері.
Өмір философиясы. А. Шопенгауэр, Ф. Ницше.
Фрейдтің психоанализ теориясы.
Діни философия. Неотомизм. Персонализм.
Әдістемелік ұсыныстар
Марксизм философиясының негізгі идеялары мен қағидаларын және қазіргі замандағы сыни көзқарастарды талдау. Марксизмдегі материалистік диалектиканың дүние игерудегі мәнін түсіну. Марксизмдегі принциптік жаңалық – адам тек табиғатта өмір сүрмейді және оны өзгерту мақсатын талдау.
«Өмір философиясы», Иррационализм. Санасыздық және психоанализ А. Шопенгауэр, Ф. Ницше және З. Фрейд ілімдерінің даму барысындағы ықпалын түсіну.
Позитивизм және оның тарихи түрлері мен міндетін түсіну: О. Конт, Э. Мах, Р. Авенариус. Діни философияның эволюциясы. Неотомизм. ХХ ғ діни философия: традиционализм және оның жаңартуға ұмтылуы. Осы күнгі неотомизмнің принциптері. Діни ой - өрістің түрлі бағыттарының өкілдері (Ж. Маритен, Тейар де Шарден, М. Нибур, Мұхамад Икбал, т. б.). Құдайдың барлығын дәлелдеу проблемасы. Персонализм.
Бақылау сұрақтары
«Иррационализм» ұғымы нені білдіреді?
Ницшенің «билікке жету еркі» теориясы?
Позитивизм, оның мектептерінің пайда болуы?
Санасыздық пен иррационалдық мәселесі?
З. Фрейдтің психоанализ ілімінің ерекшелігі неде?
Рационализмнің жаңашылықтары мен
дәстүрінің қалыптасуының мәні?
Марксизмдегі практика түсінігінің
прагматизмнен айырмашылығы?
Ғылымға және ғылыми әдіске сүйенетін позитивизм неліктен
субьективтік идеализмнің бір түрі ретінде қаралады?
Достарыңызбен бөлісу: |