Ќазаќстан Республикасы жоѓарѓы оќу орындарныњ ќауымдастыѓы



бет58/143
Дата10.11.2022
өлшемі450,91 Kb.
#157449
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   143
Байланысты:
ФИЛОСОФИЯ студенттеріме (1)

Фридрих Ницше (1844-1900ж.) қазіргі батыс философиясындағы «Өмір философиясы» тұжырымдамасының негізін салушының бірі, оның әсерімен адам және оның өмірі мәселелері терең зерттеле басталды. Ф. Ницше философиясының мақсаты ─ адамға өмірінің мәнін іске асыруына, қоршаған ортаға бейімделеуіне көмектесу. Өмір – философияның өзегі, дүниетанушы субъектіге берілген фактілерді түсіндірудің бір қыры. Нақты адам үшін жалғыз ақиқат – «ерік». Ол өмірдің бастауы және қоршаған ортаға қатынасы болады.
Алғашқы кезде Ницше Шопенгауэрдің тұжырымдамасын қолдап, оны философияның негізгі мәселесі етіп «ерікті» қойды, кейіннен Ницше классикалық философияның категориялары – материя мен рухтың орнына, «билікке жету еркін» қойып, Шопенгауэрден де алшақтайды. Ницше өмірдің мәнін анықтай отырып, оны «билікке жету еркі» - деп есептеді. «Билікке жету еркі» – бұл қоғамдағы өмірдің негізгі мотиві, ол адам табиғатының өмір сүру негізінде бар. Еркектің әйелге, ақсақалдардың жастарға билігі, т. б.
Әдептілік мәселесінде Ницше ниглист (барлық тұрақталған құндылықтарды жоққа шығарып, жаңа позитивтілерді ұсынады). Ол өз заманының мәдениеті төмендеп, ыдырап бара жатыр, мораль оны іштей ірітуде деп есептеген. Христиандық діндегі әдептілік қағиданы, ол моральдің құлы ретінде көрсетті. Сондықтан құндылықты қайта бағалау мәселелерін көтерді. Біздің заманда «Құдай өлді» – деп Ницше жар салды, жаңа дәуірге жаңа құндылық жүйесін алып келді. Жаңа адам – «Асқан адам» (сверхчеловек), ол өзін қоғамнан, құқық пен адамгершілік қағидаларынан жоғары қоятын адам. Ол – жылпос, сұмпайы, алаяқ. Тек «Асқан адам» өмір сүруге құқылы, әлсіз, кемтарлар өле берсін – бұл әділдік Адамды сүюдің алғашқы өсиеті осы және олардың өлуіне көмектесу де керек.
Ницшенің «Асқан адамы» «жақсылық пен зұлымдықтан» жоғары тұрады, ол ешқандай моральдық, әдептілік қағидаларымен байланысты емес. Ницше моральдің екі түрін: мырза мен құлды көрсетті. Тек «Асқан адам» жаратылысынан аристократ, бәрінен мүлде бос. Ол батыр да емес, Бетховен, Наполеон, Шопенгауэр, Гете секілді Ұлы адам да емес. Бұл адамның жаңа тұқымы, ол бұдан бұрын дүниеде болмаған. «Асқан адам» бір ұлттан пайда болмайды. Ол адамзат дамуының жемісі, алдымен еуропалықтардан шығады. Бұл жаңа каста адамзаттың келешек мәдениеті мен моралін өзгертеді. Олар халық үшін ескінің орына, жаңа миф жасайды.
Ницшенің пікірінше: адам моральдан, ең алдымен оның рационалдық бастамасынан туған ұжымдық элементтерден арылуы керек. Ницше не жақсы? деген сұраққа: – адамның билікке деген ұмтылысы, өз билігін нығайтуы, – деп жауап береді. Не жаман? деген сұраққа - адамның әлсіздігі, – дүниеде шындық бар ма? деген сұраққа - шындық та, әділдік те жоқ – дейді.
Бізді бағындыратын қолында күші болса, онда ол адамның істегенінің бәрі шын. Ницше еркі жоғары, қолынан іс келетін адамға табынуды уағыздайды. Осы ілім кейін Гитлер өкіметінің мемлекеттік идеологиясымен, философиясына айналды: өкіметті басқару үшін дана болудың қажеті жоқ, тек ерік пен күш болса болды. Ницше ұраны –«қорқынышты өмір сүр». Ницше әдептілікті релятивтік түрде түсінді, әлсіздерге не жақын болса, күштілерге сол жаман болады деді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет