Ќазаќстан Республикасы жоѓарѓы оќу орындарныњ ќауымдастыѓы


ІІ ТАРАУ. ТЕОРИЯЛЫҚ ФИЛОСОФИЯ



бет90/143
Дата10.11.2022
өлшемі450,91 Kb.
#157449
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   143
Байланысты:
ФИЛОСОФИЯ студенттеріме (1)

ІІ ТАРАУ. ТЕОРИЯЛЫҚ ФИЛОСОФИЯ
2. 1. ОНТОЛОГИЯ: ҰҒЫМДАРЫ МЕН ҚАҒИДАЛАРЫ


Философия өз негізінде үш мәселені қамтиды. Олар: Онтология (өмір сүру, тұрмыстық жағдай), Гносеология (таным туралы ілім), Логика (ойлау жүйесі туралы ілім).
Онтология дегеніміз – болмыс туралы ілім. Бұл туралы түрлі пікірлер мен ойлар, анықтамалар бар. Болмыс – арихи қалыптасқан терең мағыналы, кең ауқымды философиялық ұғым. Адамдар арасындағы қатынаста «болмыс» термині үш мағынада қолданылады. Болмыс, кең мағынасында, объективтік шындық. Болмыс –қоғам мен адамдар өміріндегі материалдық және рухани дүниенің қорытындысы. Болмыс – өмір сүру» сөзінің синонимі. Жай күнделікті әңгімедегi «болу», терминіне сәйкес келеді.
Философияда «болмыс» терминіне ерекше мән беріліп, ол онтология категориясы болып қалыптасады. Бұл философияның адамның өмір сүруін қамтамасыз ететін нақты шындық туралы бөлімінде айтылады. Адам, индивид ретінде, жеке тіршілік иесі ретінде әрекеттенеді. Оған: тұратын жері немесе тұратын үй-жайы; рухани атмосфера, психологиялық күйі, ерекшелігі; істейтін ісі немесе жұмысы, қызметі, т.б. әсер етеді. Болу - өмір сүру. Адам өмірі бәріне де тәуелді: уақыт пен кеңістікке, материалдық өндіріске, генетикасы мен әлеуметтік ортасына, т. б.
Болудың мазмұны абстрактылық:
1. Психикалық климат;
2. Әлеуметтік-материалдық қатынас;
3. Адамдардың санасы, ақыл-ойы, көңіл-күйі, ішкі сезімі –осылар адамдардың өмір сүру ортасын құрайды, бәрі де болмыс. Антика заманында алғашқы рет «болмыс» деген терминді философ Парменид (Эгей қаласынан) енгiздi. Парменидтің пікірінше, болмыс дегеніміз – Шар немесе Сфера секілді шекарасы жоқ, бос кеңістік. (Болмысты сферамен ұқсастырудың себебі, антикалық замандағы Сфера ұғымы – те әдемі, мүлтіксіз, геометриялық фигура болып есептелінген). Болмыс субъективтік ақыл-ой емес, әлемдік ақыл-ой –логос ретінде, адамға тікелей әлемнің жасырын сырын ашады, яғни ақиқат болады. Болмыс сезімнің арғы жағындағы құбылыс, ой. Ол бірлік, өзгермейтін абсолют, өзінің негізінде субъект және объектіге бөлінбейді. Бұл мүлтіксіз ортадағы ақиқат-жақсылық, игілік және жарық. Ол пайда болмайтын, жоғалмайтын, қозғалмайтын, жалғыз, уақыты бойынша шексіз болады. Болмысқа ештеңенің қажеті жоқ, сезімдік сападан айырылған, сондықтан тек ақыл-оймен игеруге болады. «Болмыс– бар, биболмыс– жоқ» – деді Парменид.
Платон өзiнiң көптеген iзбасарлары секiлдi болмыс пен биболмыс мәселесiн шешуге ұмтылады. Ол бойынша болмыс – бұл идеялар (эйдостар), ал биболмыс – материя. Болмыс – эйдос: идеалдық санадағы объект, таза мән, ол материалдық заттарға қатысты төрт қызмет атқарады: заттарға себеп, үлгi, түсiнiк және мақсат болады. Платон бiздiң кәдiмгi түсiнiгiмiзге қарамай, неге болмысты идея, ал биболмысты – материя деп санайды. Материалдық заттардың бүлiнуi мен жойылуы мүмкiн, ал идеяға (эйдос) ешуақытта зақым келмейдi. Материалдық заттар кейде iрi немесе кiшкене, жаман немесе жақсы болуы мүмкiн, ал идеялар болса керiсiнше – азаймайды әрі көбеймейдi, жақсармайды және нашарланбайды, өзiнiң толық жағдайында өмiр сүредi. Идея мәңгi, тұрақты, өзгермейтiн бiрлiкте, т.б. Бұл Парменидтiң болмысқа берген сипаттамаларына сәйкес, ол – әлемнiң негiзi, бiр абсолют. Ол – абсолют, дүниенің бастамасы.
Болмыс мәселесiн шешуде Аристотель төрт бастамалық себеп туралы iлiмдi жасады:
а) форма – аттың мәнi, оның құрылымы және түсiнiгiмен байланысты;
ә) материя – барлық заттарды құрайтын бастапқы субстанция және материя мәңгi, бiрақ әрекетсiз ( тек зат болуға мүмкiндiгi бар субстарт), бұл материализмге жақындататын дуалистiк оқуға ұқсас;
б) бастапқы қозғаушы күш – форманың бiр сипаты, форманың материямен қосылу сәтіндегі белсенділіктің болуы,
в) мақсаттылық – бұл форманың бiр сипаты, ана немесе мына заттың «не үшiн», өмiр сүруiне байланысты анықталады.
Аристотель өзiнiң төрт алғашқы себеп тұжырымдамасында болмыстың жоғарғы сатысы ретiнде абсолюттiк ақыл iлiмiн қойды. Шын мәнiнде – бұл құдайлық бастама, ол «өз-өзiн ойлайтын Ақыл» ең жетiлген философ. Ақыл – «барлық форманың формасы» болмыс туралы шегiне жеткен түсiнiк, «алғашқы қозғаушы күш» ретiнде – бәрiн қозғайды, ал өзi болса қозғалмайды, мақсаттылық ретiнде–жалпы мақсат көзi, барлық заттар ұмтылатын жоғарғы игiлiк.
Орта ғасырлық философияда шынайы болмыс Құдай деп саналды. Әлем мен Адам Құдайға қарағанда екінші, оның туындысы. Адам Құдайға ұқсас. Сондықтан ол өзіне болмыстың бір бөлігін алады.
Қайта өрлеу дәуірінде болмыс ең алдымен материалдық табиғат болмысымен ара қатынаста болады. Осы кезде болмыста табиғат пен Құдай теңестіріледі, осыдан пантеистік көзқарас пайда болады. Жаңа заман философиясында болмыс субстанциямен теңестіріледі. Декарт екі субстанцияны – материалдық және руханиды көрсетті. Олар бір-бірімен тең және тәуелсіз. Бірақ болмыстың өлшемі – ойлау деді. Спиноза өзінің пантеистік сипатындағы философиясында Құдай, табиғат, субстанцияны теңестірді. Субстанцияны (causa sui) өзіндік себеп ретінде түсіндіреді.
Гегель мен Гераклит секілді ойшылдар өтпелі ауыспалы заттар болмысының диалектикасын ашып берген болатын. Гегель қалыптасу процесін сараптай отырып, оны жоғалатын болмыс немесе болмыстың жоғалуы деп көрсеткен.
Философиядағы дәстүрлі болмыстың түрлері қалай бөлінеді. Олар қазіргі философия мен ғылымда қалай сипатталады? Болмыс түрлерінен «болмыс» категориясына материалистік, идеалистік, иррационалдық мән берілгені анықталады. Әдетте оларды талдау мақсатында бірнеше түрлерге бөледі, яғни «нақты» өзіндік «қабаттың» ерекше өмір сүруін ескереді.

  1. Табиғат болмысы (материалдық құбылыстардың, заттардың процестері).

  2. Әлеуметтік болмыс (тұтас қоғамдық болмыс және жеке топтардың, адамның болмысы).

  3. Рухани болмыс: 1. субъективтік – жеке адам өмірінен бөліп алуға болмайтын болмысты, дербестенген дейміз; 2. объективтік – адамнан тыс өмір сүретін жасанды болмысты объективтендірілген дейміз. Болмыстың түрлерін тек тану мақсатында, талдауға оңтайлы болу үшін жіктейді. Олар тек абстракцияда, теорияда дербес болады, нақты жағдайда бір-бірінен бөлінбейді. Адам болмысы табиғи болмыспен де, рухани болмыспен де өзара қиылысады.

ХХ ғасыр философиясы мен ғылымы – дәстүрлі сипаттамаға, негізгі болмыс түрлерін төмендегі жаңалықтар арқылы көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет