Ќазаќстан Республикасы жоѓарѓы оќу орындарныњ ќауымдастыѓы



бет93/143
Дата10.11.2022
өлшемі450,91 Kb.
#157449
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   143
Байланысты:
ФИЛОСОФИЯ студенттеріме (1)

Өлі табиғатта: бұл физикалық вакуум (ауасыз кеңістік), элементарлық бөлшектер, өрістер, атомдар, молекулалар, макроскопиялық денелер, ғаламшар, жұлдыздар, галактика, метагалактика немесе тұтас әлем.
Тірі табиғатта: тірі табиғаттың құрылымдық деңгейлері, нуклеиндік қышқылдар, ақуыздар, жасушалар, көпжасушалық ағзалар, популяцалар (биологиялық түрдің деңгейі), биоценоз- (био және гр. koinos –жалпы ценоз). Белгілі бір аймақта (құрғақ жер немесе су қойнауы) өмір сүретін және өзара қалыптасқан қатынасы бар, қоршаған орта жағдайына бейімделген өсiмдiктердiң жиынтығы. Биосфераның жалпы дәрежесі.
Социумның (қоғам) дәрежесі: қоғамдағы өмiрдi ұйымдастыруда адам iс-әрекетiнiң (материалдық өндiрiс, рухани өндiрiс, ретушi жүйелер: саясат, құқық және мораль, әлеуметтiк саладағы iшкi жүйелер ретiнде өндiрiс және адамның өзiн өңдеуi) жүйесi мен iшкi психологиялық жүйесi анық көрiнедi. Бұдан басқа, қоғамның құрылымдық дәрежесi және әлеуметтiк қауымның табиғи-тарихи тайпа, отбасы, этностар, тұтас адамзаттың пайда болып қалыптасуы.
Қозғалыс материяның ең негізгі қасиеті ретінде – кез келген өзара әсер, өзара байланыс, кез келген өзгеріс. Материя қозғалыстың арқасында өзін білдіреді, көрсетеді, т. б., бір түрден екінші түрге ауысып отырады. Қозғалыссыз материя жоқ, даму жоқ, сондықтан оны материяның өмір сүру формасы дейміз. Дамудың нәтижесінде жансыз- жандыға, жанды-жансыз материяға айналады. Осының бәрінде тыныштық сәті бар. Қозғалыс абсолютті, ал тыныштық оның бір сәттік тепе-теңдігі болады, ол салыстырмалы, себебі оның өзі де бір сапа деңгейіндегі қозғалыс. Материя қозғалысының өмір сүруі мен сапалық көп түрлері болады. Ф. Энгельс материя қозғалысының бес түрін көрсетті.

  1. Механикалық қозғалыс дегеніміз – кеңістіктегi қозғалыс, орын ауыстыру.

  2. Физикалық қозғалыс – электромагнитизм, гравитация, жылу.

  3. Химиялық қозғалыс – атомдар мен молекуланың затқа айналуы, т.б.

  4. Биологиялық қозғалыс – тірі организмдердің зат алмасуы.

  5. Әлеуметтік – қоғамдық өмірдегі өзгерістер және ақыл-ой.

Қозғалыстың осы түрлерін анықтау, ғылымның соңғы ғасырда ерекше тез қарқынмен дамыуына қарамай, өзінің философиялық маңызын жоғалтпай отыр. Микроәлемдегі қозғалыстар - элементарлық бөлшектер. Метаәлемдегі қозғалыстар – әлемдік механиканың классикалық заңға «бағынбаушылығының» ашылуы.
Қозғалыстың геологиялық түрлері, т. б. нақты ғылымдағы жаңалықтар, жәй және күрделі қозғалыстағы заттар мен құбылыстардың өзара байланысын бұрынғыдан да терең түсінуге мүмкіндікті көбейтіп отыр. Мысалы, әлеуметтік қозғалыс өз құрамында биологиялық, химиялық, физикалық, механикалық қозғалыстарды қамтиды. Олардың заңдылықтарының әсерін қабылдайды, бірақ өзі жаңа заңдылықтар туғызып «төмендегілерді» өзіне бағындырып отырды. Осыны дұрыс түсіну ғана бізді механистицизм, идеализм, және волютаризмнен сақтандырады.
Кеңістік пен уақыт та қозғалыс секілді материяның ішкі ажырамас қасиеттері, өмір сүру формалары болып табылады. Кеңістік пен уақыт санадан тыс, объективті өмір сүреді.
Субъективтік идеализм (Беркли, Юм, Кант, Маркс) пен уақыты жеке сананың мазмұнына тәуелді деп қарады. Кант: «Кеңістік пен уақыт санадан тыс объект ретінде өмір сүре алмайды» десе, Э. Мах «Кеңістік пен уақытты ретімен түзілген түйсіктердің жүйесі» – деп есептейді.
Материалистік философияда кеңістік пен уақытты адамдардың ойынан тыс, материяның объективтік түрлері деп қараған. Ғылым мен материализмде материя кеңістікте шексіз, уақыт жағынан мәңгі. Ол ешқашанда пайда болмайды және ешуақытта жоғалып кетпейді, ол әрқашанда болады, бар және бола береді. Кеңістіктің үш өлшемі бар: ұзындық, ені, биіктік. Бұл заттық түрлерге ғана емес, процестерге де тән. Уақыт қосылған соң дүниенің өлшемі төртеу болады. Уақыт бір өлшемді, ол заттық емес, өзгеру процесінiң сипаты.
Материя қандай түрде және қандай күйде болсын, оның уақыттық қасиеттері бар. Материяның өзгеруі мен даму түрінде білінетін уақыттың айнымайтын белгілі бағыты болады. Ол өткеннен болашаққа қарай жылжиды. Өткенді өзгертуге болмайды және оған қайта оралуға да болмайды.
Қозғалыстың жоғарғы биологиялық және әлеуметтік түрлерінде кеңістік пен уақыттың сипаттары мәнді түрде өзгеше болады. Кеңістік пен уақыттың әлеуметтік түрлері, адамзаттың қоршаған ортаны өз іс-әрекетінде игеруде, одан ары дамыту барысында қалыптасады да, қоғамдық даму процесінде тарихи тұрғыдан өзгеріп отырады.
ХХ ғасырдың бас кезінде А. Эйнштейннің салыстырмалық теориялары философиялық болжамды – материя, қозғалыс, кеңістік, уақыттың үзілместей бірлігін – ғылыми түрде дәлелдеді. Осы төрт фактордың бірі өзгерсе, қалған үшеуі де сәйкес өзгеретінін көрсетті. Бұл күнделікті өмірде қалыптасқан, классикалық механика ілімінен дәстүр болып келе жатқан көзқарас: кеңістік – абсолютті өзгермейтін орта, онда қозғалыстағы, өзгерістегі материя өздігімен өмір сүре береді, уақыт та сондай абсолютті, процестердің өзгермейтін жиілік интервалының көрсеткіші - дегенді жоққа шығарады. Олардың өлшемі материалдық жүйелердің өзіндік ерекшеліктеріне, процестерінің желісіне тәуелді өзгеріп отыратыны бүгінгi ғарыштық ғылымдарда, микроәлемде күмән келтірмейтін факт есебінде қаралады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет