Ќазаќстан Республикасы жоѓарѓы оќу орындарныњ ќауымдастыѓы



бет12/143
Дата10.11.2022
өлшемі450,91 Kb.
#157449
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   143
Байланысты:
ФИЛОСОФИЯ студенттеріме (1)

1. 1. ЕЖЕЛГІ ШЫҒЫС ФИЛОСОФИЯСЫ


«Ежелгi шығыс» деген не? Географиялық жағынан «Ежелгi Шығыс» –


Таяу шығыс – Вавилон, Шумер, Египет, Ассирия, Палестина;
Орта шығыс – Үндi, Иран, Ауғанстан;
Қиыр шығыс – Қытай, Вьетнам, Корея, Жапония.
Ежелгi шығыс – күрделi өркениет типi, оның жалпы белгiлерiнiң сипаты:
– өркениетiнiң негiзi егiн шаруашылығы, жер өңдеу – бұл жағдайда жер мен су мемлекеттiң меншiгiнде болды;
– мемлекеттiң құрылысында орталыққа шоғырланған бюрократтық (төрешiл, кеңсешiл) өкiметi болды;
– мемлекеттiң, абсолюттiк өкiметтiң басқарушысы фараон, патша, император.
– халықтың көпшiлiгi тұйықтау, шашылған ауылдық қауымда өмiр сүрдi, мемлекетке тәуелдi болды. Адам өзiн табиғат пен қоғамнан объективтiк не субъективтiк деп бөлмейдi. Бұл жағдай жоғарғы дәрежедегi рухани мәдениеттiң ерекшелiгiн анықтайды.
Алғашқы таптық құл иеленушiлiк қоғам Шумер, Египет мемлекеттерiнде (б. з. д. IV мыңжылдықтың соңы) пайда болды. Алғашқы философиялық ойлар алғашқы астрономия, космология, математика iлiмдерiмен және ескi мифологиямен тығыз байланысты. Философия қоғамдық сананың ерекше формасы ретiнде әлi бекiне қойған жоқ болатын. Шаруашылық талаптары нақты ғылымдардың дамуын қажет еттi. Вавилон математиктерi алгебра мен геометрияның бастауын жасады: квадраттық теңдеулердi шеше білді, қазiргi уақыт өлшемдерiн ойлап тапты (сағат, минут, секунд, т. б.), абыздардың мифтiк құдайлар туралы iлiмi (теогония) – дүниенiң пайда болу iлiмiне (космогония) ұласты. Құдайлар атасы – Ай, құдайлар – жұлдыздар, болып саналды. Күн соларды сөндiретiн, өлiм әкелетiн зұлымдық күш делiндi. Ай өлiп, қайта тiрiлетiн өшпес өмiрдi бейнеледi. Олардың мәңгi алмасуы – жақсылық пен зұлымдық күресi ретiнде сипатталды. «Жұлдызды» космогония – астрологиялық iлiмдi тудырды, оның мәнi әлi күнге дейiн сақталып отыр. Осы көзқарастарға қарсы сыни атеистiк ойлар туды, ол Вавилонның аса көрнектi әдеби мұрасы – «Өмiрдiң мәнi туралы құл мен оның иесiнiң айтысы» еңбегі. Оның ұмыт болған авторы дiни қағидаларды сынап, о дүниедегi өмiр үшiн құдайларға құрбандық шалуды ақылсыздық дейдi.
Египеттiктердiң негiзгi шаруашылығы – суармалы егiншiлiк пен мал бағу болды. Сонымен бірге ерекше құрылыс өнерi – тас қашау, қыштан ыдыс жасау кәсiптерi дамыды. Олар алғашқы рет күн күнтізбесін жасап, жылдың 3651/2 тәулiктен тұратынын дәлелдедi, «π» санын, шеңбердiң диаметрге байланыстылығын, әртүрлi пирамидалардың ауданын, көлемiн есептеп шығаруды енгiздi. Мифологиялық мазмұндарды дiни емес, философиялық тұрғыдан түсiндiру бiртiндеп өсе түстi. О дүниедегi мәңгi өмiрге сенудi сынап, еңбектi жеккөрушiлiктi жойып, осы дүниедегi өмiрдi түзетуге шақыратын шығармалар тарала бастады. Сондай еңбектiң бiрi – «Арфист өлеңi» о дүниеден қайтқан ешкiм жоқ, ол туралы адамның сезiмi мен ақылы да еш дерек келтiре алмайды, сондықтан ол ертегiлерге сенудi тоқтатып, жер бетiндегi өмiрiмiздi түзейтейiк делінді. Кейiнiрек жазылған «Өмiрден түңiлгеннiң өз жанымен әңгiмелесуi» еңбегiнде жан өлмейдi деген қағида жан-жақты, ашық және логикалық сабақтастықты сақтай отырып қатты сыналды, ол қағиданың әлеуметтiк-саяси құрылыммен, теңсiздiкпен, күш көрсетумен байланыстылығы айтылады. Ежелгi Египет мұраларында стихиялық материалистiк көзқарастар да кездеседi. Ондағы «барлық тiршiлiк салқын судан пайда болды» деген пiкiр, грек ғалымы Плутархтың айтуынша, кейiн Милет мектебiн құрған Фалес философиясының негiзгi идеясына айналды.
Ежелгi Үндi мен Қытай философиясының ерекшiлiгi туралы жүз жылдан артық уақыт екi түрлi көзқарас арасында пікірталас жүрiп жатты.
1) Үндi мен Қытай нағыз философияны жасаған жоқ, олар оған жете алмады. Сондықтан, оларды философияның алдындағы немесе дiни-философиялық көзқарас деп атау керек дейдi.
2) Үндi мен Қытай ең жоғарғы философияны әлемге алып келдi. Батыс бұл деңгейге әлi жеткен жоқ дейдi.
Бұл секiлдi қарама-қарсы пiкiрдiң өмiр сүру себебi – философияның эталондық үлгiсi ретiнде Батысеуропалық философиямен шұғылдану вариантының алынуына байланысы. Ал Үндi мен Қытайлықтардың ойлау тәсілi бұл жүйеге келмейтіндіктен, оны «алдыңғы» немесе «жоғарғы философия» деп атады.
Қытай мен Үндiлiк философия тәсiлiнiң Батыс Еуропалыққа сай келмеуiнiң нәтижесi оларды ерiксiз «Шығыс» деген атпен бiрiктiрiп, «Батысқа» қарсы қойғызды. Шын мәнінде әлемдiк философияның қайнар көзi екеу емес, үшеу екенiн айту керек. Қытай мен Үндi арасындағы ұқсастық, Батыс пен Үндiге қарағанда аз, Батыс пен Үндiлiктердi байланыстыратын, олардың арғы тегi мен тiлi. Үндi мен Қытайды рухани туысқандастырған буддизм, ол б. з. д. II ғасырда ғана Қытайға ендi. Көптеген философия тарихын зерттеушілер антикалық Батыс, Ежелгi Үндi және ежелгi Қытайды үш әртүрлi, бiрақ теп-тең рухани дүние ретiнде қарайды.
Б. з. д. II мыңжылдығында солтүстiк Үндiстанға көшпендi мал шаруашылығымен шұғылданатын тайпалар қоныстана бастады. Олар Орта Азиядан, Ираннан, Волга бойынан келгендер деген де пiкiрлер бар. Олар өздерiн арийлықтар деп атады.
Үнді философиясы бiздiң жыл санауымыздан 3 мыңдай жыл бұрынғы Ежелгi Үндi жерiнде қауымдық қоғам ыдырап, оның орнына құлдық қоғам қалыптаса бастаған кезде пайда болды. Осыған орай Үндi қоғамы төрт варнаға бөлiндi. Олар брахмандар (абыздар) кастасы, кшатрийлар – әскери аристократиялық каста, вайшилер - басы бос қоғам мүшелерi, шудралар – төменгi каста, құлдар болады. Брахмандар – ой еңбегi, кшатрийлер– әскери қызмет, вайшилер ауылшаруашылық, қолөнер кәсiбi, саудамен айналысты, шудраларға қара жұмыс қана тидi. Ежелгi Үндi қоғамы дамуының осы кезiне сай мифологиялық, философиялық көзқарастар қалыптасты.
Үндi, Қытай философиясының генезисi (пайда болуы) өте күрделi мәселе, ол олардың бай мифологиялық түсiнiгi тәсiлдерiне қатысты. Қытайда мифологиялық сананы қатаң салт-жоралар ығыстырады. Философияда аңыз, ғылыми-теория, миф және логос арасындағы байланыс үзiлмедi. Қытай философиясы мифтан пайда болған, бiрақ Грек философиясындағы секiлдi оны тастап кетпейдi. Миф қытайлықтар үшiн танымның, өнердiң көкжиегi, ондағы ұлттық психология мен философияның қалыптасуының негiзi болды.
Философияның философия болып қалыптасуы үшiн, ол өзiнiң миф пен ғылымнан бөлек, ерекше шындықты ұғыну тәсiлi мен тiлiн жасайды. «Философия» терминi данышпандықты сүю, батысеуропалық мәдениеттiң негiзiнде пайда болды. Ол ежелгi Үндi ойшылдарының дүниетанымы мен көзқарастарының жүйесiн белгiлеуге аз қолданылады. Ежелгi шығыс мәдениетiндегi философияны жоққа шығару дұрыс емес. Данышпандық бұл жерде, алдымен теориялық концепцияны дәлелдеу емес, ақиқатты iздеуде эмпирикалық және рационалдық тәсiлдi бiрiктiру ретiнде көрiнедi. Ал жоғары таным мен өзiн-өзi тануда сопылық арқылы, тiкелей брахман және дара адамның бiрлiгiне жетудi түсiну де орын алады. Ақиқаттық жол – адамның әдептiлiкке жету жолы, ол теориялық таным жолы емес. Өндiрiс тәсiлiнiң баяу қалыптасуы – философиялық ойдың дiни-мифологиялық көзқарастан, күнделiктi әдептiлiк санадан толық арылуына мүмкiндiк бермедi.
Философияны ғылым ғана емес, дүниеге көзқарастық iлiм ретiнде қарастырып, оның негiзгi ерекшелiгiнiң бiрi – сыни пiкiрлердiң пайда болуы десек, философия тарихын таптық қоғамның пайда болу кезеңiмен ұзартуымыз керек. Таптық қоғам еңбек құралдарының дамуы еңбек бөлiнуiнiн нәтижесi, жекеменшiктiң тарауы, рулық сананың орнына жеке адам санасының алдынғы қатарға шығуына әкеледi. Яғни, ру мифологиясын өзгерту, оны жеке адам мүддесiне ыңғайландыру қажеттiгi туады. Ал көзқарасты өзгерту, әртүрлi деңгейдегi сыннан басталады. Мифология: «жан өлмейдi» - деген негiзгi қағидасын сынау, оны жүйелi түрде көрсете бiлу, алғашқы философиялық ойлардың қалыптасуының белгiсi.
Пуруша – мифологияда астан-кестеңнен (хаос) пайда болған алғашқы адам, оны құрбан ету әлемнiң пайда болуына алып келедi (ол – адам түрiндегi әлем). Оның демiнен – жел, бiр көзiнен – күн, екiншiсiнен – Ай, т. б. пайда болады. Пируша философиялық түсiндiруде – барлық әлемге енген, өзiндiгi жоқ рухани бастама.
Алғашқы кездегi Үндiдегi философиялық ойлау - брахманизмге, яғни брахман iлiмiне (дiни қызметкерлер, абыздар) байланысты қалыптаса бастады. Брахманизм өзiнiң догмаларында ведаға (ежелгi Үндiден ауд. веда – бiлiм, басқару) сүйенедi. Үндi философиясы б.з.д. I мың жылдықтың ортасында ведалық мифологияның негiзiнде пайда болды. Ол көлемдi әнұрандар (гимндер) қосындысы. Онда: дуаларды үйрету, табиғат циклдерiн (айналымдарын) бақылау, әлемнiң пайда болуы мен жаралуы туралы түсiнiктемелер болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет