Ќазаќстан Республикасы жоѓарѓы оќу орындарныњ ќауымдастыѓы



бет50/143
Дата10.11.2022
өлшемі450,91 Kb.
#157449
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   143
Байланысты:
ФИЛОСОФИЯ студенттеріме (1)

Эстетикадағы мақсат. Адам өз қабілетін өмір мен мәдениеттің саласында барынша ойдағыдай пайдалануы керек.
Табиғаттағы мақсат. Табиғатта бәрінің өз мәні бар - тірі табиғат пен өлi табиғаттың ұйымдасуы, тірі дененің құрылымы, көбеюі, дамуы.
Рухани мақсат – Құдайдың барлығы.
Канттың ілімі бойынша дінге тек сену керек. Себебі, Құдайдың бар-жоқтығын тәжірибе арқылы дәлелдеу қиын.
Фихте Иоганн Готлиб 1762 жылы Раменау, Лужицк өлкесінде тоқымашы отбасында дүниеге келді. Бала кезінен бастап станокта жұмыс істей бастады. Оның білім алуына кездейсоқ жағдай әсер еткен фабрика иесі, барон ─ Милиц байқап қалды. Соның арқасында гимназияға қабылданды, кейіннен Иен университетінің теология факультетін бітірді. Фихте шығармалары: «Ғылым туралы ілім» (1794), «Адамның міндеті», «Әрқилы жауаптылықты сынау».
Фихте тарихи тұрғыдан алғанда немістің классикалық философиясына жаңа импульс берді. Фихте – субъективтік идеалист. Оның пікірінше, нақты өмір сүретін біздің санамыз. Материалдық дүние, болмыс, табиғат – тек біздің санамызда, сезімімізде, елесімізде, ұғымымызда болады. «Мен» (Субъект-сана), «Мен еместің» (табиғат-объект) анықтаушысы. «Мен» алғашқы бастама кезінде, ақыл-ойдың нақтылығына қарама-қарсы жағдайда, «Мен емеске», одан кейін екеуінің өзара қарым-қатынасына айналады. Енді «Мен де» - рух, жігер, өнегелік, сенім ұғымдарды қалыптасады, «Мен емес» нақты өмір сүреді және «Менге» әсер етеді, кейде оның іс-әрекетін айқындайды. «Мен емес» Канттың «өзіндік заты» секілді санадан тыс өмір сүрмейді, ол – сананың ерекше қызметінің туындысы. Бұл қызметтің ерекшелігі ─ санада осы қызмет жүріп жатқанда, адамда ол туралы саналы ойлау қабілеті болмайды. «Мен» өтімді, белсенді. «Мен» «Мен еместі» өзінің қарама-қарсылығы ретінде, өзінің белсендігіне қолдану үшін жасайды. Бұл қарама-қарсылық күрестің нәтижесінде, адамның сана-сезімі дамиды. Философиялық шығармашылықта Фихте екі кезеңді көрсетеді: а) философиялық әрекеттің кезеңі; ә) философияның абсолюттік кезең.
«Мен» әрекеті, Фихтенің ұғымы бойынша, адамның әдептілік мінез-құлқы. Адам әрекетінің мақсаты – моральдық заңдар мен парызды орындау. Бұл мақсатты жүзеге асыруда, қоршаған ортамен тығыз байланысты адам болмысынан туындайтын, оның табиғи қабілеттері қарсы болады. «Менге» қарсы тұрып, оны іс-әрекетке итермелейтін «Мен емес» дегеніміз, айналып оралып отырады. «Мен емес» деген өзінше өмір сүрмейді, оны өзінің қызметінің әрекетін дамыту үшін «Мен» тудырады. Бұл – антитезис, тезистен сөзсіз шығарылатын жай. Сол себептен Фихте өзінің әдісін «антитетикалық» деп атайды.
Фихте өзінің философиялық жүйесін Канттың философиялық бағытымен жасауға ұмытылды. Философия - бұл ғылымдардың бәрінің бастаушы негізі, яғни «Ғылымдар туралы ғылым», сондықтан өзінің басты еңбегі «Ғылыми ілімнің жалпы негізін» («Основы общего наукоучения») ғылым мәселелеріне арнайды. Өз философиясында алғашқы зерттеу объектісі жеке «Мен», адамның туындысы ─ «Мен емес» немесе көптеген адамдардың «Мені» емес, барлығын қамтитын абсолюттік «Мен» дейді. «Мен»,– деп жазды Фихте– өзінің ойлауында таза «Меннен» шығады және оны ойлағанда өз әрекетін заттар арқылы анықтау үшін емес, соны заттардың анықтаушысы ретінде қабылдау үшін керек. Мұнымен Фихте өзінің принципін басқа тәсілмен қалыптастырады, «Мен» - «Мен» де.

  1. «Мен», барлық адамның «Мені» – нақтылық, құдіреті –шығармашылық, жасаушы күш және ең соңында бүкіл адамзат сана-сезімінің бір кезі.

  2. Фихтенің «Мені» ақыл-ой ғана емес, ол ырық, тек таным ғана емес, әрі ол бәрінің бір жағын ғана біріктірмейді, «Мен» олардың мәні.

  3. Фихте «Мені» – алғашқы жағдайдан шығу немесе ойды нығайтудың қарама-қарсылық қозғалысы.

Фихте Кантқа қарағанда қандай болсын, сыртқы объектінің субъектінің ақыл-ойынан тәуелсіз өмір сүруін қабылдамайды, жоққа шығарады. Оның «Мені» тек бір ғана нақтылық абсолют ─ әлемді жасаушы, бәрін құрушы.
Фихте «Жабық сауда мемлекеті» деген еңбегінде: Қоғам жеке адамдардың теңдігін ғана емес, сонымен бірге бостандығын реттеу керектігін айтады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет