Ќазаќстан Республикасы жоѓарѓы оќу орындарныњ ќауымдастыѓы


Георг Вильгельм Фридрих Гегель



бет52/143
Дата10.11.2022
өлшемі450,91 Kb.
#157449
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   143
Байланысты:
ФИЛОСОФИЯ студенттеріме (1)

Георг Вильгельм Фридрих Гегель (1770-1831 жж.). Гейдельберск, одан соң Берлин университеттерінде профессор. Ол өз заманның атақты, әрі бүкіл Еуропаға белгілі беделді философы, әрі неміс классикалық философиясының шоқтығы биік өкілі болды.


Гегель философиясының үлесі және ерекшелігі



  1. Ол объективтік идеализм теориясын жасады. Оның философиясының негізгі өзегі абсолюттік идея – әлемдік Рух.

  2. Гегель, Канттың, Фихтенің және Шеллингтің еңбектерін зейін қойып зерттеп, идеалистік диалектиканың жалпы теориясын жасап, оны білімнің әртүрлі салаларына қолданды. Өзінің диалектикалық әдісінде ол қозғалыс дамуының үздіксіз екенін үйретті.

  3. Гегель өз философиялық жүйесінде дүниежүзілік ақыл-ойдың абсолюттік және әбден жетілген көрінісін жасауға тырысты. Гегельдің жүйесі мен әдісі бір-біріне қайшы, кертартпа.

Бұдан шығатын қорытынды:
а) философиялық жүйесі – метафизикалық.
б) диалектикалық әдісі, прогресшіл жағынан көрінеді.
Гегель жүйесі. Гегель нақтылықты (немесе бүтін болмысты) түсiнуде, идеяның мәні ретіндегi – әлемдік ақыл-ойды, Логосты, Рухты, Сананы, Субъектіні ─ Абсолют деп атады (барша дүниенің, бүкіл болмыстың пәрменді бастамасы, жаратушысы). Абсолюттің маңызды қасиеті – шығармашылығы, белсенділігі, дамуы және күшеюі. Ол өзінің дамуында әртүрлі сатыдан өтеді, өзінің өмір сүру формасында әртүрлі көріністе болады. Сонымен бірге, өзінің жоғарғы мақсаты ─ өзін-өзі тануға ұмтылады.
Абсолют үштік түрде құрылған, Еуропалық философияда ертеден бар және дәстүрлі христиан діні іліміндегі үштікпен байланысты. Абсолюттік идеядан ─ Табиғат, Табиғаттан ─ Рух туады, бірақ, қалай тууы түсіндірілмейді, тек шыққан нәтижені факт ретінде көрсетеді.
Гегель философиясының негізі – әлемдік Рух, абсолюттік идеяның бүкіл дүниені жаратқаны. Табиғат – әлемдік рухтың таза идеядан абсолюттік идеяға айналуы. Идея ешқандай мазмұнсыз «таза болмыс» немесе «ештеңе» болып табылады. Содан пайда болу, «туу» деген ұғым шығады. «Нақты болмыстың пайда болуы» – заттар мен құбылыстар дүниесіне әкеледі, яғни идея материалдық заттарға айналады: механикалық құбылыстар, химиялық қосылыстар, тіршілік, адам мен адамзат қоғамы түрiнде дамиды.
Адам пайда болғаннан кейін, идея адамның санасында ойлау формасына қайта айналады. Адам санасы дамыған сайын идея материядан қол үзіп, алшақтай береді. Ол өзінің бүкіл өткен жолын ұғына келе өз дамуын аяқтайды, бастапқы өз күйіне келеді. Ендi «Таза болмыс» ретінде емес, бүкіл өз мазмұнын барынша өрістеткен болмысқа айналады. Гегельдің пікірінше, табиғат абсолюттік идеяның екінші өмірі, бірақ ол дамымайды, дамитын тек идея.
Диалектиканы жасай отырып, Гегель бүкіл дүниені – табиғатты, қоғамдық өмірді және ойлауды – шексіз қозғалу, өзгеру және даму процесі деп көрсетуге тырысты. Ол диалектиканың негізгі принциптерін, заңдарын, категорияларын белгілеп берді. Табиғаттың, қоғамның, ойлаудың дамуы диалектика заңдарына бағынады деген оның идеясы өте игілікті болады. Алайда, объективті идеалист болғандықтан, Гегель дүниенің барлық құбылысының негізінде қайдағы бір абсолюттік идеяны, әлемдік рухты алды. Ұғынудың жоғарғы сатысы өзiнiң философиясында берiлген, әрі ендi Гегель басқа философияның болуы мүмкiн емес деп, өзiнiң диалектикалық iлiмiне қайшы пiкiр айтады. Бұл оның философиялық жүйесi мен ойлау тәсiлiнiң арасындағы қарама-қайшылық.
Оның ең маңызды еңбегінің бірі «Логика ғылымы» үш бөлімнен тұрады: 1. Болмыс. 2. Мән. 3. Ұғым.
Гегель өзінің логикасында шындықтың өз-өзінен қозғалуы және өз-өзінен дамуы жөнінде пайдалы пікір ұсынды. Бірақ ол шындықты ойлаумен теңестірді. Бұл еңбекте диалектикалық үш заңды ─ идеалистік тұрғыдан зерттеп көрсетеді:
1. Қарама-қарсылықтың бірілігі мен күресі заңы – дамудың негізгі қайнар көзі.
2. Санның сапаға айналу заңы – барлық болмыс қалай өзгеретiнiн ашады.
3. Терістікті терістеу заңы – өзгеріс қай бағытта болады деген сұраққа жауап береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет