Ќазаќстан Республикасы жоѓарѓы оќу орындарныњ ќауымдастыѓы


Неотомизм – ХІХ ғасырдың 70 жылдары пайда болған, әсері үлкен діни – философиялық мектептердің бірі. Ф. Аквинский



бет60/143
Дата10.11.2022
өлшемі450,91 Kb.
#157449
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   143
Байланысты:
ФИЛОСОФИЯ студенттеріме (1)

Неотомизм – ХІХ ғасырдың 70 жылдары пайда болған, әсері үлкен діни – философиялық мектептердің бірі. Ф. Аквинский ілімінің негізінде сенім мен ақыл-ойдың үйлесімділігіне және сенім ақиқатының алғышартылығына жүгінеді. Ватикан шіркеуінің теориялық басты қаруы. Ол философияда христиан дінінің дәстүрін, догмалық идеялары мен теорияларын сипаттайды. Неотомизмнің көрнекті өкілдері: Жак Маритен, Этьен Жильсон, т. б. Томизмнің негізгі мәселесі – құдайдың болмысын дәлелдеп, дүниедегі орнын анықтау болса, ал неотомистер оны адам болмысы мәселесімен толықтырды. Олар қазіргі заманның жаратылыстану теорияларын түсіндірумен шұғылданды, кейде өзіндік жемісті идеялар айтты. Соның бірі ─ Тейяр де Шарден әлемнің эволюциясы туралы ойлары.
Неотомизмнің орталық мәселесі Құдай. Діни ілімде құдай мәңгі және шексіз, діни философияның міндеті осы тұрақты ақиқатты ашу. Бірақ ХІХ-ХХ ғасырда адамдардың өмір сүру жағдайлары өзгеріп, олардың түсінігі ғылыми білімдерге сүйене бастады, осыған байланысты діни философияның міндеті күрделенеді. Діннің негізі болып келетін догматтарға сенуді сақтау мен оларды жаңаша түсіндірудің қажеттігі арасында қайшылықтар көбейіп, діни идеология тиянақсыз күйге түсті.
Неотомизмнің басты мәселесі – адам, оның өзінің «Менін» іздеп, қайталанбайтын рухын өзгертуге, жаңартуға ұмтылуы. Олар адам мәселесін этикамен байланыстырады. Кейінгі кездерде діни философия адамдағы жақсылықтың мәнін түсіндіруге белсенді күресуде. Олар адамзаттық құндылықтарды қорғайды: ядролық қаруға қарсылық білдіреді, экологиялық мәселелерді шешу мәселесін көтереді. Неотомизм ғылымды жоққа шығармайды, бірақ ғылым өзінің даму барысында адамзатқа тигізіп отырған зияндығын сынайды. Осыған орай католицизмнің кейбір батыс Еуропа елдеріндегі және Латын Америкасындағы ықпалының күштілігі, Ватиканның материалдық қаражат мүмкіндігі, зор байлығының болуын сақтап отыр.
Персонализм (лат. Perona – тұлға ) ─ діни философиясындағы маңызды ағымының бірі. Адамды құдайдың жаратуынан пайда болған, жер бетіндегі рухани құндылықтың жоғарғы мәні деп санайды. Персонализм адамды «жеке дербес индивид» ретінде қарау тәжірбиесіне қарсылық барысында пайда болды. Олар адамды тұтастық құрамындағы құбылыс, жан-жақты жетілген жоғарғы құндылық деп санайды. Оның өмірінің мәні, құдаймен бірігуі болып есептелінеді. Персонализм бағытын Н. А. Бердяев, Л. Н. Шестов, Н. О. Лосский, Америкада Б. Боун және Дж. Мунье, Ж. Лакруа, П. Ландсберг, т. б. дамытып отырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет