Ќазаќстан Республикасы жоѓарѓы оќу орындарныњ ќауымдастыѓы


Позитивизм (Positivism – дұрыс пікір) – оның негізін қалаушы француз философы Огюст Конт



бет59/143
Дата10.11.2022
өлшемі450,91 Kb.
#157449
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   143
Байланысты:
ФИЛОСОФИЯ студенттеріме (1)

Позитивизм (Positivism – дұрыс пікір) – оның негізін қалаушы француз философы Огюст Конт (1798-1857 жж.). Позитивизм – ғылым негізіндегі білім, ғылыми ақиқат, позитивтік дүние көрінісіне сәйкес болу деп, философиялық зерттеудің танымдық маңызын теріске шығаратын бағыт. Оның тарихи кезеңдері мен өкілдері:
Бірінші – классикалық кезең. 1830 ж – ХІХ ғ аяғы. О. Конт, Дж. С.Милль.
Екінші – эмпириокритицизм немесе махизм кезеңі ХІХ ғ. аяғы – ХХ ғ басы. Э. Мах, Р. Авенариус.
Үшінші – неопозитивизм немесе логикалық позитивизм. 1920–1960 ж. Л. Витгенштейн, Б. Рассел, М. Шлик, Карнап.
Постпозитивизм (лингвистикалық, аналитикалық философия ) – 1960 – 1970 жж. – қазіргі кезеңге дейін.
Конттың пікірінше, «Метафизика», яғни философия, тиянақсыз білім құратындықтан ғылымның даму барысында қойылған сұрақтарға жауап бере алмайды. Ол танымдық ілімді үш сатыда көрсетеді.1. Теологиялық (діни) – діннің үстемдігі, дүниедегі құбылыстарды сырт күштер, қияли қимылдар арқылы түсіндіреді. 2. Метафизикалық –философиялық ілімнің үстемдігі, табиғатты абстрактілі (мәні мен себебін) түсіндіреді. 3. Позитивтік – ең жоғары сатысы. Бұл сатыда жоғарғы екеуі жоққа шығарылады. Позитивтік немесе дұрыс пікір барлық құбылысты ғылыми жолмен түсіндіреді. Конт эмпирикалық ғылымға, тәжірибеге сүйенеді. Сондықтан философиясының зерттеуге байланысты ақиқат өзіндік пәні жоқ. Оның мақсаты ─ арнаулы ғылымдардың нәтижесін қортындылау; әрбір ғылымның пайдалы әрі пайдасыз жағы бар, тек пайдалысын қабылдап, пайдасызынан арылу. Ол, француз революциясының теориясы болған француз материализмінен бас тартып, идеализм жолына түседі.
Позитивизмнің келесі сатысы – эмпириокритицизм. Ол позитивизмге қарағанда шындықтан алшақ тұрады. Позитивизм нақты ғылымды зерттеуді ұсынса, эмпириокритицизм ─ біздің сезімнен тыс ешнәрсе жоқ, барлық дүние біздің сезіміміздің жиынтығы деп қорытындылайды. Сөйтіп, объективтік өмірді субъективтік өмірге айналдырды. Эрнст Мах (1836-1916 жж.) физик, әрі физиолог, эмпириокритицизмнің өкілі. Субъективтік идеалист. Дүние менің санама байланысты оны мен қайдан білемін? Махтың пікірінше: «құбылыстар маған әсер еткен жоқ, оны менің сезімдерім тудырды». Оны «түйсіктер кешені» деп атады, олар менің ғана емес, барлық «адамдардың сезіміне байланысты». «Ағаш, стол, үй» менің денемнен тыс өздігінен өмір сүреді, бірақ біз оны психологиялық қабілет арқылы қабылдаймыз дейді.
Екінші өкілі Рихард Авенариус (1843-1896). Оның пікірінше, әртүрлі болмыс өзінің сапасы жағынан сезім ретінде, әртүрлігі жағынан қозғалыс ретінде ойға келеді. Авенариустың «ойды үнемдеу» деген қағидасы бойынша, ойлап түбіне жете алмайтын «материя» сияқты ұғымнан бас тарту керек. Оны біріншіден, сезім элементтеріне бөлшектеу қажет, сонда бәрі де өз орнына келеді. Екіншіден, біз заттың өзін емес, түйсіктер жиынтығын қабылдағандықтан, заттың бар-жоғына көңіл бөлмеуіміз және оған екінші рет ой энергиясын жұмсамауымыз керек дейді. Махтың танымды түйсікпен шектейтін идеалистік эмпиризмі сыннан өте алмағандықтан, ХХ ғасырда оның орнына неопозитивизм ағымы келді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет