ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ С.ҚИРАБЕВ АТЫНДАҒЫ ФИЛОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ
Практикалық сабақ 8
Орындағандар: Адилханова Айнелла
Құлшығазиева Аққу
Баянғали Каусар
Халықты зар илеткен зобалаң заманды жыр еткендердің бірі — ақын Шортанбай Қанайұлы.
— Мына заман қай заман?
Азулыға бар заман.
Азусызға тар заман,
Мұның өзі — зар заман…- деп, кейпі қашқан заманның кесір кепиетін ашына айтады, батыл толғайды. Қазақ жеріндегі ел билеушілерді сын садағына алып, Асанқайғыша толғанады әрі торығады.
М.Әуезовтің «Әдебиет тарихы» (1927) атты еңбегіндегі мына пікірін алға тартады: «Зар заман деген – ХІХ ғасырда өмір сүрген Шортанбай ақынның заман халін айтқан бір өлеңінің аты. Шортанбайдың өлеңі ілгері, соңғы ірі ақындардың барлық күй, сарынын бір араға тұтастырғандай жиынды өлең болғандықтан бүкіл бір дәуірде бір сарынмен өлең айтқан ақындардың барлығына «Зар заман» ақындары деген ат қойдық».
Жақсылықтан нәрім жоқ,
Жамандық асқан заманда,–
деген өлең үзіндісіндегі «нәрім» сөзі 1931 жылғы жинақта «ырым», қолжазба нұсқасында «зәрем» делініп, «жамандық» сөзі «жаманшылық» деп берілген. Дұрысы – «зәрем» сөзі.
Өйткені «нәрім» сөзінің ешқандай мағынасы жоқ. Ал «ырым» сөзінің жеке алғанда мағынасы болғанымен, тұтас ойды білдіруде қатысы аздау. Одан гөрі «зәрем» сөзінің салмағы басым, яғни, «жаманшылық асқан заманда жақсылықтан қорқу» ойға қонымдырақ.
Құдай деген мүһминнің,
Ауыздан кетпес тобасы,–
деген өлеңнің 2006 жылғы жинақта:
Құдай деген мүминнің, Ауыздан кетпес тәубесі,– деп өзгертіліп берілген.
1962 жылғы жинақтағы «Руза намаз панаңды» (1993 жылғы жинақта да) деген өлеңнің
109-жолындағы «руза» сөзі 1989 жылғы жинақта (2006 жылғы жинақта да) «ораза» (277бет) деп беріліп, орынды түзетілген.
Атамыз – Адам пайғамбар Топырақтан жаралды,
Сол адамнан таралды.
Өлеңнің белгісіз үшінші жолы 1993 жылғы жинақта «Мұсылман, кәпір халық боп», 2006 жылғы жинақта «Мұсылман, кәпір, халайық» деп берілген.
Ал қолжазбада:
Әуелі атамыз Адам пайғамбар Топырақтан жан боп жаралды.
Орыс бірлән қазақ боп,
Сол атамыздан таралды,– деп басқаша берілген.
Мұсылманға бұйырған
Көкірегіне халал-ды,–
деген бесінші, алтыншы жолдар басқа жинақтарда кездеспейді. Сондай-ақ барлық жинақтарда кездесетін өлеңнің «Тәркі деген тамұқтың» /«тамұқ» сөзі 1962, 1993 жылғы жинақтарда «тамық» деп қате берілген/ деген он бірінші жолындағы «тәркі» сөзі қолжазбада «тарлығы» деп берілген.
«Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» (2008) «тамұқ» сөзі тозақ, ауыр азап, бейнет, ал «тәрк» сөзі, яғни, «тәрк етті» дегені «дүниеден безді» деген мағынаны білдіреді. Екі сөздің де мағынасы бір-біріне жақын, мәндес боғандықтан қай сөзді қолданса да қателеспейміз.
Ораза, намаз қылғанның
Көңіліңде құдай барлығы,–
деген өлеңнің 33-жолы 2006 жылғы жинақта «Ораза, намаз қаза қылмасаң», қолжазбада «Күн шықпай тұрсаң намазға» (167-жол) деп берілген. Дұрысы – алдыңғы жинақтағы нұсқасы.
Онда жалпы ораза ұстап, намаз оқығандардың көңілінде құдайдың барлығын айтқысы келеді. Ал кейінгі түзетудегі ораза мен намазды қаза қылмасаң ғана көңілінде құдайдың барлығын ескертуі тым артықтау тәрізді.
Шортанбай Қанайұлы өр мінезді өлеңдерімен қазақ әдебиетін түр, мазмұн жағынан байыта түскен, адами және бекзаттық қасиеттерді, ізгілік пен парасаттылықты жырлаған, оны елге насихаттаған ірі ақын.
Сол тұстағы шен-шекпен үшін елі мен жерін сатқан қулардықатты шеней отырып, олардың іс-әрекеттерін әшкерелейді. Ақын поэзиясыныңнегізгі кредосы – ел бірлігі. Ол елі мен жерінің тұтастығын барлық толғауларынаарқау ете білді.