Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы с. Қ. Тұртабаев



Pdf көрінісі
бет156/223
Дата21.12.2021
өлшемі1,75 Mb.
#104464
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   223
Байланысты:
turtabaev-biohimia

235
36-сурет
Липидтердің жіктелуі
Пальмитин – (С
16 
) CH
3
(CH
2
)
14
COOH,
Стеарин – (С
18 
) CH
3
(CH
2
)
16
COOH,
Олеин – (С
18 
) CH
3
(CH
2
)
7
CH=CH(CH
2
)
7
COОH,


236
Линол – (С
18 
) CH
3
(CH
2
)
4
-CH=CH-CH
2
-CH=CH(CH
2
)
7
-COOH,
Линолен – (С
18
) CH
3
CH
2
CH=CHCH
2
CH=CHCH
2
CH=CH-(CH
2
)
7
 COOH
Арахидон – (С
20
) СН
3
(СН
2
)
4
–СН=CH–CH
2
–CH=CH–CH
2
–CH=CН– 
        
 
           - CH
2
ּCH=CH – (CH
2
)
3
 – COOH 
қышқылдарын жиі кездестіруге болады. Майлардың құрамына 
кіретін май қышқылдарының жұп санды көміртек атомдары бар 
тармақталған тізбектер кездеседі. Тармақталған немесе тақ сан-
ды көміртек атомдары бар май қышқылдары өте сирек кездеседі. 
Сондай-ақ үш байланысты жəне радикалдары циклді құрылысты 
болып келетін май қышқылдары да сирек кездеседі. 
Май қышқылдары қаныққан (пальмитин, стеарин) жəне қа-
нықпаған (олеин, линол, линолен) май қышқылдары болып бө-
лінеді. Майлардың қасиеттері май қышқылдарының сапалық 
құрамына байланысты.
Қанықпаған май қышқылдары цис-изомер түрінде кездеседі, 
ал транс-изомерия түрі өте сирек. Қанықпаған май қышқылдары 
қалыпты температурада сұйық күйде болады. Линол, линолен, 
арахидон қышқылдары жануарлар мен адам ағзасында син тез-
делмейді, олар ағзаға тек тағам арқылы енеді, бұларды ауысты-
рылмайтын май қышқылдары деп атап, Ғ витамин комплексі то-
бына біріктіреді.
Қарапайым липидтер.
 
Бұлар негізінен екі компонентті заттар-
дан, яғни жоғары май қышқылының күрделі эфирі – глицериннен 
жəне бір компонентті заттар: бос түріндегі жоғары қышқылдардан 
не полициклді спирттерден тұрады. Мұндай липидтерге майлар 
(триглицеридтер) – жоғарғы май қышқылдары мен үш атомды 
спирт глицериннің күрделі эфирлері жатады.
Қарапайым липидтер тобына негізінен кəдімгі майлар жата-
ды, оларды бейтарап майлар немесе глицеридтер деп атайды. Бұл 
нейтралды майлар, олардың негізгі құрамы – глицериннің күрделі 
эфирі мен жоғары май қышқылдарынан тұрады. Липоидтар то-
бына жататын заттар адам, жануарлар мен өсімдіктер ағзасында
майлардың химиялық құрамына тəуелсіз болады.
Қарапайым липидтер өте ертеден белгілі зат, оны адам ба-
ласы құрылысы белгісіз бола тұрса да, ертеде-ақ əртүрлі қажет-
тілігіне қолдана білген. Мысалы, ас үшін, майлау, жарық үшін 
пайдаланған. Кейін XVIII жəне XIX ғасырларда оның құрылысы 


237
ашыла басталды. 1828 жылы Шеврель деген оқымысты қарапа- 
йым липидтер гидролизденгенде глицериннен басқа да орга-
никалық қышқылдардың қатарын беретінін ашып, ол қарапа-
йым липидтердің құрамына кіретін маңызды қышқылдарының 
құрылысын зерттеп, оларға ат берді: стеарин, пальмитин, олеин. 
Бертін келе Бертло қарапайым липидтерді синтездеді. Бутлеров 
көмірсутектерді синтездеуде қандай жетістікке жетсе, оның еңбегі 
де дəл сондай болды. Қарапайым липидтердің жалпы формуласы:
Мұндағы R, R
1
, R
2
 – əртүрлі май қышқылдарының келіп 
жалғанатын радикалдарының орны.
Қарапайым липидтер суда ерімейді, органикалық еріткіштер- 
де жақсы ериді. Қарапайым липидтер бір-бірінен иісі, түсі, қатты-
лы ғы жағынан əртүрлі болады, қарапайым липидтердің əртүрлілі-
гі өсімдіктердің, жануарлардың түріне, тұқымдарына, қорек зат-
тарына, өмір сүретін ортасына байланысты болады. Қарапайым 
липидтердің құрамына кіретін органикалық қышқылдардың 


238
қаныққан-қанықпағанына байланысты қарапайым липидтер қат-
ты жəне сұйық күйде кездеседі. Өсімдікте қарапайым липидтер 
түзілетін негізгі заттар – көмірсулар, олардың ішінде, глюкоза 
мен фруктоза. Кейбір микроағзалар пентозалардан қарапайым 
липидтерді синтездейді. Қарапайым липидтердің синтезі тұ-
қым мен жемістің жетілген кезінде қарқынды жүреді. Ағзада 
қарапайым липидтердің мөлшері көбейгенде, көмірсулардың 
мөлшері азаяды. Жас жаңғақ жемісінде 3% май, 21% крахмал 
болады, ал жетілген жаңғақ жемісінде 62% май, 2,6% крахмал 
кездеседі.
Қарапайым липидтер молекуласындағы қышқылдарының 
санына байланысты моно-, ди- жəне триглицеридтер болып 
бөлінеді. Егер күрделі эфир глицериннің бір гидроксилдік тобы-
нан құралса, ол – моноглицерид, құрамына май қышқылының 
екі молекуласы кірсе, диглицерид түзіледі, сол сияқты егер гли-
цериннің үш гидроксилдік тобының үшеуі де этерленсе, онда 
триглицерид құралады. Табиғи майларда негізінен триглицерид-
тер ғана кездеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   223




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет