Қазақстан Республикасы Үкіметінің 9 сәуір 2010 жылғы №271- IV қаулысының негізінде бап



Дата08.12.2023
өлшемі22,6 Kb.
#195764
Байланысты:
ЕРЕЖЕ кеңес


Қазақстан Республикасы Үкіметінің
29 сәуір 2010 жылғы № 271- IV қаулысының негізінде
2 бап. Құқық бұзушылықтың профилактикасы туралы Қазақстан ркспубликасының заңнамасы.
3. Бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдарда кәмелетке
толмағандарды тәрбиелеу, оқыту, ұстау жағдайларын бақылауды қамтамасыз ету.
_______________________________________________________________________________________

А.Құнанбаев атындағы «БЕКІТЕМІН»


№ 2 мектеп педагогикалық ұжымның А.Құнанбаев атындағы
жалпы жиналысында «ҚАБЫЛДАНДЫ» № 2 мектебінің директоры
№ ___ хаттама ________ А.Б.Шолпанова
« ______ » ____________ 20______ ж. « ___ » __________ 20 ___ ж.
Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі кеңестің
ЕРЕЖЕСІ.


Алматы қаласы.


І. Жалпы ереже.
1. Оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі кеңес - (ары қарай - Кеңес)
мектептің жергілікті өзін- өзі басқару органдарының бірі.
2. Кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, «Кәмелетке толмағандар
арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз
қалуының алдын алу туралы» Заңы негізінде атқарады.
3. Осы Ереже мектептегі қылмыстың алдын алудың нормативтік- құқықтық негізі болып табылады.

ІІ. Мақсаты. 


Кеңесті құрудағы мақсат - мектеп оқушыларының құқыққа қайшы әрекеттеріне қарсы тұру, сонымен қатар олардың толыққанды сапалы білім алуына жағдай жасау.
 
ІІІ. Міндеті.
1. Мектеп оқушыларының арасында құқық бұзушылықтың, маскүнемдіктің, нашақорлықтың,
токсикоманияның және немқұрайлылықтың алдын алу бойынша шаралар кешенін әзірлеу және
іске асыру.
2. Бала тәрбиелеуге қатысты міндеттерін толық орындай алмайтын отбасыларды анықтау және осы
отбасыларға көмектесу жұмысын істеу.
3. Ата- аналармен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша
тәрбие жұмыстарын жүргізу.
4. Жанжал жағдайында балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау.
IV. Кеңес құрамы.
1. Кеңес құрамына кіреді:
- мектеп директоры
- директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
- мектеп психологы
- мектеп мұғалімдері
- оқушылар арасындағы өз- өзі басқару ұйым мүшелері.


2. Кеңес жұмысына талқыланатын мәселелерге қатысы бар қызметкерлер, сонымен қатар, ішкі істер
қызметкерлерінің және денсаулық сақтау мекемелерінің өкілдері қатыса алады.


V. Жұмыс істеу тәртібі.
1. Кеңес отырысы айына 1 рет өтеді. Қажет болған жағдайда кезектен тыс отырыстар өтуі мүмкін. 
2. Кеңес отырысында:
- жұмыс жоспары бекітіледі.
- сынып жетекшілерінің есептері және анықтамалары тыңдалады.
- ата- аналар, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының, ішкі істер органдарының өкілдері
шақырылады.
- мінездемелер бекітіледі.
- өтініштер қабылданады.
- ынталандыру немесе тәртіптік шара қолдану туралы ұсыныстар әзірленеді.
3. Кеңес қызметі ағымдық жылға жоспарланады.
4. Кеңестің шешімдері ұсыныс беру сипатында болады және ұсыныстар кәмелетке толмағандар
арасындағы қылмыстың алдын алу және қадағалау мәселесі бойынша мектеп жұмысын
ұйымдастыруда қолданылады.
 
VI. Кеңес құқылы.
1. Мектептің оқу- әдістемелік үрдісі жоспарына ұсыныстар мен өзгертулер енгізуге.
2. Сынып жетекшілерінің есебін қарауға.
3. Ата- аналарды әңгімелесуге шақыруға, жағдайды талдау, көмек беру, баланың құқығын қорғау
үшін аз қамтылған отбасыларына баруға, қажет болған жағдайда, дисфункционалды отбасылар
туралы ақпаратты қамқоршылық және қорғаншылық органдарына жіберуге.
4. Әкімшілікке әкімшілік шаралар қолдану туралы өтініш беруге (кәмелетке толмағандарға қатысты
әкімшілік шараларды кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі
комиссия қабылдауы мүмкін).
5. Қоғамдық қауіпті жағдайға душар болған және жеке профилактикалық жұмыстарға мұқтаж
оқушыларды мектепішілік есепке қоюға, сонымен қатар тіркеуден шығаруға құқылы.

VII. Оқушылардың мектепішілік есепке қойылуы.
Оқу жылы ағымында оқушыларды тіркеу және мерзімі туралы шешім. Алдын- алу кеңесінің отырысында қабылданады, онда тіркеу себебі, оның мерзімі (3 айдан 1 жылға дейін) және тіркеуден шығару шарттары түсіндіріледі.


1. Сабаққа жүйелі түрде себепсіз келмейтін (оқу сағатының 15-30%). 
2. Сабаққа жүйелі түрде кешігіп келетін оқушылар. Сабаққа келуді есепке алу.
3. Ішімдік ішу, темекі шегу және басқа да бұзушылықтармен көзге түскен оқушылар.
(мұғалімдердің мектепішілік есепке қою туралы кеңеске ұсынған өтініші).
4. Тәртіпті жүйелі түрде бұзатын, қоғамға қарсы мінез- құлық элементтерін көрсететін оқушылар:
дөрекілік, төбелес, басқа балаларды мазақ ету, адамның қадір- қасиетін қорлау.
(Мұғалімдердің баяндау хаттары).
5. Мектеп мүлкін зақымдаған оқушылар: парта, тақта, есіктер.
(Мұғалімнен баяндау хат).
6. Ішкі тәртіп ережесін бұзған оқушылар: мектеп формасы, асханадағы тәртіп т.б.


VIII. Мектепішілік есептен шығарылуы.
1. Жұмыс жүргізудің оң нәтижелері болған жағдайда, кеңесін отырысында оқушының мектепжішілік
есептен шығарылуы туралы шешім қабылданады
2. Белгіленген мерзімнен кейін және оң нәтижелер болса, есептен шығарылу оқушылардың
қатысуымен, кеңесте жүзеге асырылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет