Қазақстан Республикасы Президентiне қол қоюға ұсынылған,
1997 жылғы 12 наурызда Қазақстан Республикасының Парламентi қабылдаған Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы" Заңының Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкестiгi жөнiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң өтiнуi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң
1997 жылғы 8 мамырдағы N 10/2 қаулысына түсiндiрме беру туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық
Кеңесiнiң қосымша қаулысы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң
2007 жылғы 23 ақпандағы N 3 Қосымша Қаулысы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi, Төраға
И.И. Рогов, Кеңес мүшелерi Х.Ә. Әбiшев, Қ.Ж. Балтабаев,
H.B. Белоруков, С.Ф. Бычкова, А.М. Нұрмағамбетов, Y.M. Стамқұлов қатысқан құрамда, мыналардың:
- өтiнiш субъектiсiнiң өкiлдерi – Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттары М. Шахановтың,
Е. Әбiлқасымовтың, А. Айталының,
- Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң өкiлi – Қазақстан Республикасының Әдiлет вице-министрi
С.П. Нұғымановтың,
- Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң өкiлi – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Тiл комитетiнiң төрағасы Е.З. Қажыбектiң,
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкiлi – Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры аппаратының басшысы Р.Қ. Сарпековтың қатысуымен,
өзiнiң ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламентi бiр топ депутаттарының "Қазақстан Республикасы Президентiне қол қоюға ұсынылған, 1997 жылғы 12 наурызда Қазақстан Республикасының Парламентi қабылдаған Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы" Заңының Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкестiгi жөнiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң өтiнуi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 1997 жылғы
8 мамырдағы N 10/2 қаулысына түсiндiрме беру жөнiндегi
өтiнiшiн қарады.
Қолдағы бар материалдарды зерделеп, баяндамашыны – Конституциялық Кеңестiң мүшесi Х.Ә. Әбiшевтi және конституциялық iс жүргiзуге қатысушыларды тыңдап, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi мынаны
Достарыңызбен бөлісу: |