Ќазаќстан Республикасы Конституциясыныѕ 52-бабыныѕ



бет322/332
Дата06.02.2022
өлшемі7,99 Mb.
#39349
1   ...   318   319   320   321   322   323   324   325   ...   332
АНЫҚТАДЫ:

Конституцияның 79-бабының 1-тармағын түсiндiрген кезде, Конституциялық Кеңестiң қайта қаралып отырған қаулысының уәждеу бөлiгiнде мынадай деп атап көрсетiлген:


"Аталған Жарлықтың 8-бабының 1-тармағына сәйкес бiрiншi сатыдағы соттарда iстердi қарауды судья жеке, ал ерекше жағдайларда тұрақты үш судьяның құрамында жүзеге асырады"
(7-тармақтың екiншi абзацы);
"Қолданылып жүрген заңда белгiленген тұрақты судьялардан тұратын соттармен салыстырғанда бұрын болған халық соттары және басқа елдердегi қазiргi ант берген судьялар судьялардың тұрақтылық және кәсiбилiк сияқты белгiлерiн иеленбейдi"
(7-тармақтың үшiншi абзацы).
Конституциялық Кеңес қаулысының қаулы алу бөлiгiнде мынадай деп белгiленген: "...7. Конституцияның 79-бабының
1-тармағының нормасы мен сот құрылысы туралы қолданылатын заң соттар тек кәсiби, тұрақты судьялар құрамында құрылатынын ескередi. Республикада қолданылатын құқық бойынша соттарды басқа құрамда құру ескерiлмеген".
Республика Конституциясының 79-бабының 1-тармағына ресми түсiндiрменi Конституциялық Кеңес "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1998 жылғы 7 қазандағы N 284-I Заң қабылданғанға дейiн берген болатын, бұл заң Негiзгi Заңның 75-бабының
2-тармағын мынадай ережемен толықтырды: "заңда көзделген жағдайларда қылмыстық сот iсiн жүргiзу алқа заседательдерiнiң қатысуымен жүзеге асырылады".
Осылайша, Конституциялық Кеңестiң 1997 жылғы
6 наурыздағы N 3 қаулысының уәждеу бөлiгi 7-тармағының екiншi және үшiншi абзацтары және қаулы алу бөлiгiнiң 7-тармағы
1998 жылғы 7 қазандағы редакциясындағы Республика Конституциясының 75-бабының 2-тармағына сәйкес келмейдi.
Баяндалғанның негiзiнде, "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 36-бабы
1-тармағының 1) тармақшасын және 2, 3-тармақтарын,
31-33-тармақтарын, 41-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi


ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң "Қазақстан Республикасы Конституциясы 4-бабының 1-тармағын, 14-бабының 1-тармағын, 77-бабы 3-тармағының 3) тармақшасын, 79-бабының 1-тармағын және 83-бабының 1-тармағын ресми түсiндiру туралы" 1997 жылғы 6 наурыздағы N 3 қаулысы ережелерiнiң, Қазақстан Республикасы Конституциясының


79-бабының 1-тармағын "алқа соты институтын" құру мәселесi бойынша ресми түсiндiру бөлiгiнде күшi жойылсын.
Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң
1997 жылғы 6 наурыздағы N 3 қаулысының уәждеу бөлiгi
7-тармағының екiншi және үшiншi абзацтары;
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң
1997 жылғы 6 наурыздағы N 3 қаулысының қаулы алу бөлiгiнiң
7-тармағы.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi және шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 4-тармағында көзделген реттi ескере отырып, түпкiлiктi болып табылады.

  1. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тiлдерiнде жариялансын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   318   319   320   321   322   323   324   325   ...   332




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет