Ќазаќстан Республикасы Конституциясыныѕ 52-бабыныѕ



бет324/332
Дата06.02.2022
өлшемі7,99 Mb.
#39349
1   ...   320   321   322   323   324   325   326   327   ...   332
АНЫҚТАДЫ:

"Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2007 жылғы 21 мамырдағы


N 254-III Қазақстан Республикасының Заңы арқылы елiмiздiң Негiзгi Заңына елеулi тузетулер енгiзiлдi. Конституциялық новеллаларда қоғамдық және мемлекеттiк институттардың бiрiгiп кетуiне және қоғамдық бiрлестiктердi мемлекеттiк қаржыландыруға салынатын тыйымды алып тастау (Конституцияның 5-бабы), өлiм жазасын қолдану ауқымын шектеу (Конституцияның 15-бабы), тек қана соттың санкциясымен тұтқындау және қамауда ұстау (Конституцияның 16-бабы) көзделген. Конституцияға Республика Президентi сайланатын мерзiмдi (41-бап), Парламенттiң өкiлеттiгiн, депутаттарының санын, оларды сайлау тәртiбiн және өкiлеттiгiн тоқтату негiздерiн (50-58, 61-63-баптар), Үкiметтi (44, 56-баптар), Конституциялық Кеңестi (57, 71-баптар) және басқа да кейбiр мемлекеттiк органдарды (57, 58-баптар) құру рәсiмдерiн өзгертетiн түзетулер енгiзiлдi. Негiзгi Заңның сот және құқық қорғау жүйелерiнiң (75, 82, 84-баптар) , жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару (86, 87, 89-баптар) қызметiн регламенттейтiн және басқа да кейбiр нормалары өзгертiлдi.
Конституциялық реформа негiзгi қоғамдық-саяси институттар мен олардың даму келешегiн түсiнудегi жаңа тұжырымдамалық көзқарастарды айқындап бердi. Конституцияға енгiзiлген бiрқатар өзгерiстер мен толықтырулар (5, 43, 44, 51, 84, 89-баптар), өзара байланыса келе, мемлекеттiк билiктiң мақсатын, мемлекет функциясының мазмұнын жаңаша түсiндiруге, мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктер мен азаматтардың өзара қарым-қатынасы принциптерiн айқындауға, азаматтық қоғам институттарын мемлекеттiк маңызы бар мәселелердi шешуге кеңiнен қатыстыруға, өзгерiп отыратын қоғамдық қатынастармен бара-бар заң нормаларын белгiлеуге мүмкiндiк бередi.
Бұл елiмiздiң бүкiл нормативтiк құқықтық базасын, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң нормативтiк қаулыларын қоса отырып, жаңартылған Конституцияға сәйкестендiрудi
талап етедi.
"Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 2737 Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 36-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Конституциялық Кеңестiң шешiмiн ол өз бастамасы бойынша, егер Кеңес қабылданған шешiмге негiз болған Конституция нормасы өзгердi деп тапқан жағдайда, қайта
қарауы мүмкiн.
Жүргiзiлген талдау көрсеткенiндей, Конституциялық Кеңестiң бұдан бұрын қабылданған кейбiр нормативтiк қаулылары қайта қарауды талап етедi. Негiзгi Заңның өзгертiлген және толықтырылған нормаларына сәйкес келмейтiндерi толығымен жойылуға тиiс, Конституциялық Кеңестiң конституциялық новеллаларға сәйкес келмейтiн жекелеген ережелерiн алып тастағанда Конституция нормаларын түсiндiрудiң iшкi қисыны, мазмұндылығы мен мағынасы жоғалмайтын нормативтiк қаулылары iшiнара жойылуға тиiс. Сол арқылы, Конституциялық Кеңестiң тиiстi конституциялық өкiлеттiгi жүзеге асырыла отырып қабылданып, iшiнара күшi жойылып отырған қорытынды шешiмдерде бекiтiлген құқықтық позициялардың нысаны өзгермейдi және ауқымы кеңеймейдi.
Жазылғанның негiзiнде, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 36-бабы 1-тармағының 1) тармақшасын,
2 және 3-тармақтарын, 31-33 және 40-баптарын, 41-бабы
1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi



Каталог: uploads
uploads -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
uploads -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
uploads -> Ғарыш әлеміне саяхат
uploads -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
uploads -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
uploads -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
uploads -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
uploads -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
uploads -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   320   321   322   323   324   325   326   327   ...   332




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет