Ќазаќстан Республикасы Конституциясыныѕ 52-бабыныѕ



бет172/332
Дата06.02.2022
өлшемі7,99 Mb.
#39349
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   332
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға беру туралы 1994 жылғы 10 желтоқсандағы шарттың 6-бабының 6.12-тармағы екінші бөлігінің, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешені аумағында құқық тәртібін қамтамасыз етудегі құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылы туралы 1997 жылғы 4 қазандағы келісімнің 5 және 11-баптарының нормалары, Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары мен соттарының Қазақстан Республикасы аумағында Қазақстан азаматтарына қатысты юрисдикциясы бөлігінде Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес емес деп танылсын.


2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабы
2-тармағына және Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» конституциялық заң күші бар Жарлығының 39-бабы 2-тармағына сай, «Байқоңыр» кешенін жалға беру туралы шарттың 6-бабының 6.12-тармағы екінші бөлігінің, «Байқоңыр» кешені аумағында құқық тәртібін қамтамасыз етудегі құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылы туралы келісімнің 5 және 11 -баптарының нормалары, Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары мен соттарының Қазақстан Республикасы аумағында Қазақстан азаматтарына қатысты юрисдикциясы бөлігінде заңдық күшін жоғалтады және қолдануға жатпайды. Бұл орайда осы халықаралық актілердің өзге нормалары өзінің заңдық күшін сақтайды және орындалуға тиіс.
3. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабы
3- тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшіне енеді және шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабы 4-тармағында көзделген жағдайды ескеріп, түпкілікті болып табылады.
4. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тілдерінде жариялансын.
Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық сотының өтiнiшi бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   332




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет