Ќазаќстан Республикасы Конституциясыныѕ 52-бабыныѕ


Қазақстан Республикасы Конституциясы 41-бабының



бет63/332
Дата06.02.2022
өлшемі7,99 Mb.
#39349
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   332
Қазақстан Республикасы Конституциясы 41-бабының
2-тармағын ресми түсіндіру туралы


Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің
1998 жылғы 9 қазандағы N 9/2 қаулысы

Конституциялық Кеңес құрамында Конституциялық Кеңес Төрағасы Ю.А. Ким, мүшелері Ж.Д. Бұсырманов, О.Қ. Ықсанов,


С.Ғ. Темірболатов және В.Д. Шопин қатысқан, өтініш субъектісі өкілі – Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Е.З. Бекбаевтың қатысуымен ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы М.Т. Оспановтың Қазақстан Республикасы Конституциясы 41-бабының 2-тармағын ресми түсіндіру туралы өтінішін қарады.
Конституциялық Кеңес мүшелері, баяндамашылар
В.Д. Шопин мен Ж.Д. Бұсырмановтың хабарламаларын, өтініш субъектісі өкілінің сөзін тыңдап, осы өтінішке қатысты материалдармен танысқаннан кейін Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі мынаны


АНЫҚТАДЫ:

1998 жылғы 8 қазанда Конституциялық Кеңеске Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы М.Т. Оспановтың Қазақстан Республикасы Конституциясы 41-бабының


2-тармағындағы "мемлекеттік тілді еркін меңгеретін" деген бөлігін ресми түсіндіру туралы өтініші келіп түсті.
Өтініште "мемлекеттік тілді еркін меңгеретін" деген сөздердің мағынасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгеруін қалай және кім белгілейтін болады деген мәселе қойылған.
Осы өтінішке қатысты материалдарды зерделеп, және тіл мамандарының пікірлерін негізге ала отырып, Конституциялық Кеңес өтініште қойылған мәселелер бойынша мынадай
түсінік береді,
"Мемлекеттік тілді еркін меңгеретін" деген сөздер қазақ тілінде сауатты түрде оқиды, жазады, өз ойларын қиналмай оңай жеткізеді және көпшілік алдында сөйлей алады деген ұғымды білдіреді.
Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгеруін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен құрылған құрамында тіл мамандары және басқа да мамандар бар кем дегенде 5 адамнан тұратын лингвистикалық комиссияның қорытындысы анықтайды.
Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгеруін Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы N 3205 Жарлығы бекіткен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы туралы Ереженің 8-тармағының 20) тармақшасына сәйкес Орталық сайлау комиссиясының қаулысы анықтайды.
Баяндамалардың негізінде және Қазақстан Республикасы Конституциясы 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" конституциялық заң күші бар Жарлығының 33, 37, 38-баптарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Конституциясы 41-бабының 2-тармағын ресми түсіндіру ретінде Конституциялық Кеңес


ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Конституциясы 41-бабы


2-тармағы нормасының "мемлекеттік тілді еркін меңгеретін" деген бөлігінің қазақ тілінде сауатты түрде оқиды, жазады, өз ойларын қиналмай оңай жеткізеді және көпшілік алдында сөйлей алады деп ұғу керек.
Қазақстан Республикасының Президентігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгеруін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен құрылған құрамында тіл мамандары және басқа да мамандар бар кем дегенде 5 адамнан тұратын лингвистикалық комиссияның қорытындысы анықтайды.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясы 74-бабының
3-тармағына сәйкес осы Қаулы қабылданған күнінен бастап күшіне енеді, Республиканың бүкіл аумағында жалпыға міндетті, түпкілікті болып табылады және Қазақстан Республикасы Конституциясы
73-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларды ескере отырып, шағымдануға жатпайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   332




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет