АНЫҚТАДЫ:
1999 жылғы 18 ақпанда Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне Қазақстан Республикасы Парламентiнiң бiр топ депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясы
14-бабының 1 және 2-тармақтарына, 24-бабының 2-тармағына,
77-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына ресми түсiндiрме беру туралы өтiнiмi келiп түстi.
Конституциялық Кеңеске өтiнiм жасауға Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Парламентке зейнетақымен қамтамасыз ету, халықты жұмыспен қамту және азаматтардың жекелеген санаттарының жеңiлдiктерi туралы заңдарға өзгерiстер енгiзу туралы заңдардың жобаларын енгiзуi себеп болды. Парламент депутаттары әлеуметтiк жәрдемақы төлемiн республикалық бюджеттен жергiлiктi бюджетке көшiрудiң заңдылығына күмән келтiредi, өйткенi, олардың пiкiрiнше, бұл азаматтарды тұрғылықты жерi бойынша кемсiтуге және Конституцияның 14-бабының
1-тармағында көзделген заң алдында жұрттың бәрi тең деген принциптi бұзуға әкеп соғады. Сонымен қатар, олар жұмыссыздық бойынша берiлетiн жәрдемақыны халықты әлеуметтiк қорғау жөнiндегi шаралар санатынан шығарып тастау азаматтардың жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғалу құқықтарын жоғалтуына әкеп соғады, ал бұл Конституцияның 24-бабының 2-тармағының нормасына қайшы келедi деп есептейдi.
Парламент депутаттары, сондай-ақ, жаңа Заңда зейнетақының мұндай түрiнiң болмауына байланысты "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы"
1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғанға дейiн тағайындалған зейнетақылардың төлемiн тоқтатудың, сондай-ақ бұрын тағайындалған зейнетақы төлемдерiнiң барынша жоғары мөлшерлерiн азайтудың заңдылығы туралы мәселе көтерген. Осыған байланысты Конституцияның
77-бабы 3-тармағының 5) тармақшасы нормасын бұзуға әкеп соғуы ықтимал, азаматтардың ахуалын нашарлататын заңдарды шығаруға заң шығарушы органның құқылылығы туралы
мәселе қойған.
Көрсетiлген мәселелердi қарағанда Конституциялық Кеңес мынаны негiзге алады.
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабы Заң мен сот алдында жұрттың бәрi тең екендiгiн (1-тармақ), тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге, көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез-келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсiтуге болмайтынын белгiлейдi (2-тармақ). Келтiрiлген норма адам құқықтары мен мiндеттерiнiң теңдiгiн, осы құқықтарды мемлекеттiң тең қорғайтынын және адамның заң алдындағы тең жауапкершiлiгiн бiлдiредi.
Әлеуметтiк жәрдемақылардың төлем тәртiбi оларды республикалық, сондай-ақ жергiлiктi бюджеттерден көрсетiлген төлемдердi жүзеге асыруды көздейтiн заң актiлерiмен регламенттеледi. Төлем көздерiнiң өзгеруi азаматтардың әлеуметтiк жәрдем ақыға деген құқығына нұқсан келтiрмейдi.
2. Конституцияның 24-бабының 2-тармағы әлеуметтiк қорғаудың нақты түрлерiн белгiлемейдi. Нақтырақ айтқанда, "Халықты еңбекпен қамту туралы" 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы "жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғау" конституциялық ереженi нақтылай келiп, тұтас бiр шаралар кешенiн, оның iшiнде жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлемiн, кәсiби дайындық, бiлiктiлiгiн көтеру және қайта дайындау кезеңiндегi стипендия төлемiн жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға тартқанда жұмыс берушiнiң шыққан шығынының бiр бөлiгiн мемлекеттiк бюджеттен төлеудi көздеген.
Демек, жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғау тек жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлемiмен шектелiп қалмайды және оны қорғау шаралары жүйесiнен алып тастау азаматтың Конституцияның 24-бабының 2-тармағында көзделген оны жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғалу құқығынан айырмайды.
3. Қазақстан Республикасы Конституциясы 77-бабы
3-тармағының 5) тармақшасында азаматтардың жауапкершiлiгiн белгiлеген немесе күшейткен, жаңа мiндеттер жүктеген немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың керi күшi болмайды деп жазылған. Конституцияның осы нормасын азаматтардың құқық бұзушылық үшiн заңдық жауапкершiлiгiн реттеу саласына жататын және жауапкершiлiктiң жаңа түрлерiн белгiлейтiн немесе оны жаңа санкциялар енгiзу жолымен күшейтетiн, яғни айтқанда, құқық бұзушылық жасаған азаматтардың жағдайын нашарлататын заңдардың керi күшi болмайды деп түсiну керек. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейiн ол үшiн жауапкершiлiк заңмен жойылатын немесе жұмсартылатын болса, онда жаңа заңның керi күшi болады.
Жоғарыда көрсетiлген заңдардың керi күшi туралы Конституцияның нормасы құқық қолдану қызметiн жүзеге асыратын соттар, мемлекеттiк органдар және лауазымды адамдар үшiн мiндеттi болады. Парламенттiң қалыптасқан жағдаяттар мен тиiмдiлiк принципi негiзiнде жаңа заңдық нормаларды белгiлеуге, оның iшiнде – әрдайым өзгерiп отыратын және серпiмдi қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудегi кемшiлiктердi жоюға құқығы бар. Парламент қабылдаған заңдар егер бұл туралы шешiм заңның өзiнде немесе оны күшiне енгiзу туралы қаулыда бекiтiлген болса керi күшiмен қолданылуы мүмкiн.
Баяндалғандардың негiзiнде және Қазақстан Республикасы Конституциясы 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 17-бабы 3-тармағының 1) тармақшасын, 37-бабын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабының 1 және 2-тармақтарына,
24-бабының 2-тармағына, 77-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына ресми түсiндiрме беру ретiнде Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi
Достарыңызбен бөлісу: |