Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары


Статистикалық ақпаратты ұсыну саласы



бет12/30
Дата19.03.2022
өлшемі1,49 Mb.
#136208
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30
Байланысты:
sp mne kaz09092019171319

Статистикалық ақпаратты ұсыну саласы
1. Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері
Пайдаланушыларды сапалы статистикалық ақпаратпен қамтамасыз ету және Қазақстанның статистикалық жүйесінің тиімділігін арттыру үшін статистиканың барлық салаларында халықаралық стандарттар табысты енгізілуде.
Еуразиялық экономикалық комиссия және Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясы, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының статистикалық комитеті және т. б. сияқты халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жүзеге асырылуда.
Статистикалық процестерді автоматтандыруды, барлық пайдаланушыларға статистикалық деректерге шектеусіз ыңғайлы қолжетімділікті, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен өзара іс – қимыл «е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «е-Статистика» ИАЖ) қамтамасыз етіледі.
Респонденттер үшін ақпараттық технологияларды қолдану бөлігінде «е-Статистика» ИАЖ-дың құрамдаушының бірі – «Деректерді онлайн режимде жинау»АЖ атап өткен жөн. 2017 жылдың қорытындысы бойынша респонденттерден онлайн режимде 2,5 млн.астам есеп қабылданған, (2018 жылғы қаңтар – қазан ішінде - 2 784 215), осылайша, 2017 жылмен салыстырғанда (2017 жылы – 2 513 625 есеп) онлайн режимде статистикалық есептерді ұсынатын респонденттер санының артқаны байқалады. Пайдаланушылардың өзекті статистикалық ақпаратқа қажеттілігін интерактивті режимде қанағаттандыру үшін статистикалық деректер "Талдау" Ақпараттық-талдау жүйесінде (бұдан әрі – "Талдау"ИАҚ) жарияланады.
2018 жылдың он айында респонденттерден онлайн-режимде 2,7 млн. астам есеп қабылданды (жылмен салыстырғанда.
Пайдаланушылардың өзекті статистикалық ақпаратқа қажеттілігін интерактивті режимде қанағаттандыру үшін статистикалық деректер «Талдау» Ақпараттық-талдау жүйесінде (бұдан әрі – «Талдау» ИАҚ) жарияланады.
«Талдау» АТЖ статистикалық көрсеткішті іздестіру, деректерді әртүрлі кестелік, графикалық және картографиялық түрлерде және тіліктерде ұсыну; берілген шарттар бойынша деректерді көру; деректерге талдау жүргізу үшін құралдар ұсыну; таңдалған деректерді немесе талдау нәтижелерін қол жетімді жалпы қабылданған форматтарда жүктеп алу, деректерді үздіксіз жаңарту және т. б. үшін Пайдаланушының жеке кабинетін құру мүмкіндігін береді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне «Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты ұсыну» мемлекеттік қызметі енгізілді.
2018 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы мен мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар жоқ.
2015 жылдан бастап пайдаланушылар мен респонденттермен тығыз байланыс орнату және оларға қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында құрылған пайдаланушылар мен респонденттерден қоңыраулар қабылдау бойынша ақпараттық қызмет жұмыс істейді.
Статистиканың Интернет-ресурсын пайдаланушылар санының артқаны байқалады, осылайша 2017 жылы пайдаланушылар саны 6,1 миллион адамды құрады (2014 жылы – 2,1 миллион, 2015 жылы – 3,5 миллион, 2016 жылы – 5,6 миллион), 2018 жылғы 1 қазанда - 5,5 миллион болды.
Ресми статистикалық ақпаратпен қанағаттану бөлігінде қоғамдық пікірді зерделеу мақсатында жыл сайын пайдаланушыларға сауалнама жүргізіледі. Тұтастай алғанда, пайдаланушылар статистикаға оң көзқараста. Жыл сайын пайдаланушылардың статистикалық деректерге деген сенімі деңгейінің жоғары екені байқалады (2014 жылы – 82,2%, 2015 жылы – 84,4%, 2016 жылы – 82,8%, 2017 жылы – 88,1%, 2018 жылы – 88,2%).
Статистикалық ақпаратты жасау үшін статистика органдары сондай-ақ мемлекеттік органдардың әкімшілік деректерін пайдаланады. Деректермен электрондық алмасуды қамтамасыз ету үшін «е-Статистика» ИАЖ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен ықпалдастығы іске асырылды, бұл респонденттерге деген жүктемені төмендетуге мүмкіндік береді.
Алғашқы статистикалық деректердің дұрыстығын қамтамасыз ету үшін нормативтік құқықтық актілерге кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тексеру құқығынсыз және орталық және жергілікті атқарушы органдарға қатысты тексеру құқығымен мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға бақылау функцияларын беру бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, айыппұл санкциялары ұлғайтылды.
Сонымен қатар, 2017 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарына сәйкес, 2017 жылғы желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік статистика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне енгізіліп, 2018 жылғы 5 қарашада ҚР Парламенті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік статистика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдады.
2. Негізгі проблемаларды талдау
Өндірілетін өнім сапасын қамтамасыз етудің негізгі факторларының бірі-жоғары білікті қызметкерлердің болуы.
Қазіргі уақытта статистика органдарында жоғары деңгейдегі экономикалық, математикалық, статистикалық және компьютерлік дайындығы бар, жүйелік талдау мен болжау әдістерін меңгерген мамандардың жетіспеушілігі сезіледі.
Бұдан басқа, респонденттерге түсетін елеулі жүктеме олар ұсынатын бастапқы деректердің сапасына ықпал етеді, бұл шығарылатын статистикалық ақпараттың сапасына әсер етеді.
3. Тәуекелдерді басқару



Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдер атауы

Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар

1

2

Респонденттердің дұрыс емес деректер беруі

1. Статистикалық құралдардың әдістемелік қамтамасыз етілуін жетілдіру бойынша шаралар қабылдау.
2. Деректерді жинау кезеңінде бақылау мен тексерістерді орындау.
3. Статистикалық нысандарды толтыру бойынша респонденттерге түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру.
4. Респонденттерді қатыстыра отырып, статистикалық нысандарды алдын ала тестілеу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет