Кеденсаясаты саласы 1. Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа сәйкес әріптес елдермен неғұрлым терең интеграциялық процестердің деңгейі – Еуропалық экономикалық одақ құру белгіленді – нормативтік құқықтық базаны қалыптастыру ұлттық деңгейде де, одақ заңнамасы деңгейінде де жүзеге асырылады. Бірыңғай экономикалық кеңіс құру туралы шешімнің қабылдануына байланысты 2013 жылдың соңынан бастап Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің жаңа жобасын қалыптастыру бойынша жұмыс басталды. Сол уақытта қолданыста болған Кеден одағының Кеден кодексі, сондай-ақ «Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» хаттама жобасы негізге алынды.
2017 жылғы 11 сәуірде Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы келісімге Қырғыз Республикасының, Армения Республикасының, Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының басшылары қол қойды. Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты Қазақстан Республикасы 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 115-VI. Заңымен ратификациялады.
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің нормаларын имплементациялау, мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасына сілтеме нормаларды іске асыру мақсаттарында «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі әзірленген. Кодекске Мемлекет басшысы 2017 жылғы 26 желтоқсанда қол қойды.
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі, «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.
Жүргізілген жұмыс нәтижесінде кеден саясатының мынадай бағыттары:
1) электрондық кедендік декларациялау басымдығы және жазбаша декларациялауды тек белгілі бір жағдайларда ғана қолдану;
2) уәкілетті экономикалық операторлар үшін арнайы жеңілдіктерді кеңейту, атап айтқанда,жеңілдіктер топтамасына байланысты куәліктердің үш түрі көзделді;
3) «Постфактум» кедендік тазалау режимінде шығарылатын тауарлар тізбесін кеңейту;
4) процестерді Қазақстан Республикасының Салық кодексімен үндестіру;
5) транзиттік әлеуетті дамыту мақсатында кедендік операцияларды оңтайландыру, транзитті аяқтау, тексеріп қарау жүргізу мерзімдерін қысқарту, тауарларды екі және одан көп көлік түрлерімен тасымалдау кезінде (мультимодальды тасымалдаулар) бір транзиттік декларацияны ресімдеу мүмкіндігі іске асырылған.
2019 жылдан бастап Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында кедендік заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмыс тобы өз жұмысын қайта бастайды, бұл топтың міндеті – Еуразиялық экономикалық одақтың қолданыстағы Кеден кодексіне түзетулерді қалыптастыру болып табылады.
2. Негізгі проблемаларды талдау
Бүгінгі күні Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің сілтеме нормаларын іске асыру үшін 2018-2020 жылдары әзірлеп қабылдау мерзімімен Еуразиялық экономикалық комисияның бірқатар шешімдерін әзірлеу қажеттігі – негізгі проблемалардың бірі. Бұдан басқа, құқық қолдану практикасының нәтижелері бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне қажеттігіне қарай өзгерістер мен толықтырулар енгізу жоспарланған.
Тәуекелдерді басқару
Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдер атауы