3-басымдық Адал бәсекелестікті дамыту Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруінің маңызды бағыттарының бірі бәсекелестікті дамыту болып табылады. Бәсекелестік өнімділікті тұрақты арттырудың, инновацияларды дамыту мен бәсекеге қабілеттілікті күшейтудің көзі болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы № 732 Жарлығымен Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдамасы бекітілді.
Аталған басымдыққа қол жеткізу:
– нарыққа жаңа нарық субъектілерінің кіруі үшін кемсітушілік жағдайларын анықтап, жою;
– бәсекелестіктің қарқындылығына, жеткізілетін өнімдердің, көрсетілетін қызметтердің бағасы мен сапасына теріс ықпал ететін себептерді жою;
– монополияға қарсы реттеу тетігінің экономикалық тиімділігін арттыру;
– нарықтар мен бәсекелестіктің дамуына және еркін жұмыс істеуіне кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді анықтау;
– экономиканың жекелеген секторларында мемлекеттік баға реттеуден монополияға қарсы ден қою шараларына кезең-кезеңмен көшуді жүзеге асыру арқылы қамтамасыз етілетін болады.
Бәсекелестік деңгейін айқындау, үстем және монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерін анықтау мақсатында бәсекелестікті қорғау мен дамытуға (оның ішінде бәсекелестікті дамыту кедергілерін айқындауға), монополиялық қызметтің алдын алу, шектеу мен болдырмауға бағытталған шаралар кешенін әзірлеу үшін монополияға қарсы орган тауар нарықтарына талдау жүргізеді.
Бәсекелестікке кедергі келтіретін нормаларды анықтау мақсатында нәтижесі бизнес ортаны түпкілікті жақсарту және кеңейту болатын барлық заңнамаға «ревизия» жүргізіледі, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауының екінші басымдығы.
Бұдан басқа, мемлекеттің қатысу үлесін төмендету сондай-ақ тиісті тауар нарықтарында бәсекелестіктің дамуына әкеп соқтырады.