Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары



бет24/30
Дата19.03.2022
өлшемі1,49 Mb.
#136208
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30
Байланысты:
sp mne kaz09092019171319

4-басымдық
Табиғи монополия субъектілерінің тиімді жұмыс істеуі
Бұл басымдық «Қазақстан – 2050» стратегиясында Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға әсер ететін экономика секторларын дамытуға қажетті көрсетілетін қызметтердің сапасына байланысты болатын табиғи монополиялар салалаларының дамуы мен жаңғыртылу деңгейін анықтаудың бірден бір факторы ретінде айқындалған.
Бұл басымдыққа қол жеткізу үшін, сондай-ақ тарифтердің инвестициялық тартымдылығы мен болжамдылығын қамтамасыз ету мақсатында 2015 жылғы сәуірден бастап табиғи монополиялар субъектілерінің бес жылға және одан артық мерзімге шекті (ұзақ мерзімді) тарифтер бойынша жұмыс істеуге көше бастады.


5-басымдық
Ұлттық саясатты тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында іске асыруға жұртшылық пен қоғамдық бірлестіктерді кеңінен тарту
БҰҰ Бас Ассамблеясының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау үшін басшылыққа алынатын қағидаттар» (1985 жылғы 9 сәуір) 39/248 қарары тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы ұлттық саясатты қалыптастырудың халықаралық негіз болып табылады.
Осы Қарарға сәйкес тұтынушыларды сауаттандыру мен тұтынушылық және басқа да тиісті топтар немесе ұйымдар құру еркіндігі және осындай ұйымдар үшін мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдау процесінде өз көзқарасын білдіру мүмкіндігі негізгі қағидаттардың бірі болып табылады.
Тұтастай алғанда халықтың тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы білуі жоғары деңгейде емес.
Халықты тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласына тарту үшін:
1. тұтынушылық сауаттылық деңгейін арттыру жөніндегі ақпараттық жұмыс жүргізу;
2. тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ақпараттық материалдарды (журналдар, буклеттер, видеороликтер, аудиороликтер және т.б.) жариялап, таратуды қамтамасыз ету.


6-басымдық
Инвестициялық ахуалды жетілдіру
Өңірде неғұрлым тартымды инвестициялық ахуал құру, оның ішінде ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес үздік әлемдік тәжірибені ескере отырып, Қазақстанды өңірлік инвестициялық хаб етіп қайта құру, сондай – ақ өңдеуші секторға салынатын инвестициялардың азаюына жол бермеу – елдің индустриялық-инновациялық дамуының негізгі бағыттары болып табылады. Осыған байланысты озық халықаралық тәжірибені, мысалы, ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесін ескере отырып инвестициялық ахуал мен заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмыс күшейтілетін болады.
Шаралар:
Осылайша, инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында инвестициялық ахуалды және заңнаманы жетілдіру бойынша мынадай шаралар қабылданылуда:
- қолайлы инвестициялық ахуал құруға және тиімділікті арттыруға бағдарланған инвестициялар тартуға бағытталған Ұлттық инвестициялық стратегия іске асырылуда;
- инвестициялық ахуал мен заңнаманы жақсарту бойынша, оның ішінде халықаралық сарапшылардың, ЭЫДҰ-ның көші-қон заңнамасын жетілдіру, АХҚО-ның Соты мен Төрелігіне қол жеткізу, мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну шарттарын жеңілдету және т. б. ұсынымдары бойынша тұрақты негізде ұсыныстар әзірленеді;
- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің жанындағы Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі шеңберінде Инвестициялық саясатты іске асыру жөніндегі бірлескен жұмыс тобы, ҰЭМ жанындағы Инвестициялық ахуалды жақсарту мәселелері жөніндегі жұмыс тобы (инвестициялық штаб) жұмыс істейді;
- инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімдер жобаларын мүдделі мемлекеттік органдар мен контрәріптес-елдердің қарап, келісуі, оларды жасауға дайындау және кейіннен олар күшіне енгеннен кейін мемлекетішілік рәсімдер жүргізу арқылы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау саласындағы халықаралық құқықтық база жетілдірілуде.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет