2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру
|
Өндіріс және жаңа технологиялар саласында жұмыспен қамтылған салық салу объектілері үшін қолайлы салық режимін енгізу қажет. Қазір бұл жұмыс басталды. Оны жетілдіру міндетін қоямын: барлық қолданыстағы салықтық жеңілдіктерге ревизия жүргізілсін және олар барынша тиімді етілсін
|
Өңірлерде әлеуметтік-экономикалық жағдайларды теңестірудің жаңа тиімді тетіктері қажет.
|
Мемлекеттік жоспарлау және болжамдау жүйесін одан әрі жетілдіру
|
2020 жылдан бастап салықтық кредиттеу практикасын енгізу
|
Шекара маңындағы аумақтарға ерекше назар аударған жөн. Олардың әлеуеті әлі толық ашылған жоқ. Оларды өмір сүруге неғұрлым тартымды ету қажет.
|
Мемлекеттік секторда корпоративтік басқарудың заманауи қағидаттарын енгізу
|
2015 жылдан бастап ынталандыру шараларын, оның ішінде білім беруге және өзін, өз отбасын, қызметкерлерін медициналық сақтандыруға қаражат салатын компаниялар мен азаматтарды салықтан босату практикасын көздейтін ынталандыру шаралар кешенін әзірлеу
|
Агломерацияларға біріктірілген, саны шектеулі қалалардың қаржылық, капитал және адами ресурстарын жұмылдыру қамтамасыз етіледі. Бұл агломерациялар ғылымды қажет ететін экономиканың «өсу нүктелеріне» айналады.
|
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік үшін құқықтық базаны айқындауды жеделдету қажет. Міндеті – мұндай әріптестіктің бүгінгі күнгі ең озық құралдары мен тетіктерін енгізу
|
Елдің мемлекеттік борыш деңгейін тұрақты бақылауды қамтамасыз ету
|
Агломерациялар ел халқын тарту орталығына айналады. Олар сапасы жоғары білім беру, ақпараттық және көлік қызметтерін ұсыну, бәсекелестікті арттыру, шетелдік инвесторлар үшін тартымды жағдайлар жасау есебінен адами капиталды дамытуды және тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді.
|
Экономикадағы мемлекеттің рөлін одан әрі оңтайландыру бойынша және мемлекеттік активтерді басқару тиімділігін арттыру бойынша жұмыс жалғасатын болады
|
Қазақстан тең құқылы бизнес-әріптес ретінде қатыса алатын жаңа нарықтық тауашаларды айқындау. Экономикалық өсудің жаңа нүктелерін құру
|
Орта мерзімді перспективада инфрақұрылымдық даму саласында агломерацияның жинақталған жағымды тәжірибесі елдің басқа өңірлеріне таратылатын болады.
|
Ұзақ мерзімді перспективада экономикалық даму мен ғылымды қажет ететін экономикаға көшуіне қарай Қазақстанның ЖІӨ құрылымында көрсетілетін қызметтер секторының үлесі айтарлықтай өседі. Экономикадағы көрсетілетін қызметтер үлесі 70%-ға жуықтайды
|
Бізге елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту керек. ЭКСПО-2017 бұл процеске серпін беруі және бізге болашақтың энергиясын дамыту үшін жаңа технологияларды таңдап алуға көмектесуі тиіс
|
Бәсекеге қабілетті, «жасыл» және «ақылды» қалалар желісі құрылатын болады.
|
|
Жаңа болмыстарды, оның ішінде біздің ЕЭК-ке қатысуымызды, алдағы ДСҰ-ға кіруімізді ескере отырып, отандық өндірушілерді қолдау тетіктерін жетілдіру және олардың мүдделерін қорғап ілгерілету үшін барлық қажетті шаралар қабылдау.
|
|
|
Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 2030 жылға қарай, ең аз дегенде, екі есеге артуға тиіс.
|
|
|
Ұсақ кәсіпорындар мен дара кәсіпкерлердің орташа разрядқа көшуі үшін қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасау.
|
|
|
Әйелдерді мемлекеттік және өңірлердегі, әсіресе жергілікті деңгейдегі қоғамдық басқаруға белсенді түрде тартқан жөн. Әйелдердің бизнес ашып жүргізуі үшін қолайлы жағдайлар жасау.
|
|
|
Әлемдік экономиканың бірқалыпты өсуі жағдайында Қазақстанда жан басына шаққанда ЖІӨ 12 мыңнан 60 мың АҚШ долларына дейін (сатып алу қабілетінің паритеті бойынша түзетумен 2005 жылғы бағалармен) өседі. Ол үшін 4,3% деңгейіндегі орташа жылдық өсу қарқынына қол жеткізу қажет
|
|
|
ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесі 50 %-ға дейін ұлғаяды
|
|
|
Рұқсат беру жүйесін одан әрі жетілдіру және салықтық әкімшілендіруді жеңілдету
|
|
|
Салық-бюджет саясаты шағын және орта бизнесті дамыту үшін қосымша ынталандыруды қамтамасыз ететін болады.
|
|
|
Еуропа мен Азияның тоғысқан тұсында орналасқан ел ретінде Қазақстанның географиялық артықшылығы Қытаймен сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, оның ішінде Қазақстан-Қытай шекарасында өңірлік сауда-логистикалық хаб құру арқылы кеңейту үшін қолданылатын болады.
|
|
|
Заңнамалық негізде ұсынылатын тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау мәселелерін бизнестің өзі реттейтін жағдайлар жасау қажет. Бізге тұтынушылар үшін сот шешімдерін қабылдаудың көп деңгейлі жүйесін алып тастай отырып, олардың құқықтарын қорғаудың жаңа жүйесін әзірлеу қажет
|
|