3-стратегиялық бағыт 1-басымдық Қазақстанның жаңа аумақтық ұйымдастырылуын қалыптастыру Қазақстанның жаңа аумақтық ұйымдастырылуын қалыптастыру экономикалық мамандануы, қоныстандыру жүйесi, экономикалық байланыстар сипаты ескеріле отырып, сондай-ақ хаб және шұғыла қағидаттары негiзінде өңірлердің жаңа жiктемесін айқындайтын Елді аумақтық кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде: макроөңірлердің (Батыс, Оңтүстік, Солтүстік және Орталық-Шығыс); орталықтары Нұр-Сұлтан, Алматы, сондай-ақ Шымкент, Ақтөбе қалалары болатын ірi қалалар-агломерациялардың; моно- және шағын қалалардың, аудан орталықтарының, тiрек ауылдық елдi мекендер мен шекара маңы аумақтарының экономикалық өсу орталықтарын дамыту бойынша жұмыс жалғасатын болады.
Орталықтары Нұр-Сұлтан мен Алматы болатын әлемдік деңгейдегі хаб-қалалар екі агломерацияны дамытудың негізгі бағыты қызмет көрсету секторларында (білім беру, медицина, туризм, қаржы, ғылыми әзірлемелер және басқалар) экспорттық әлеуеті бар, әртараптандырылған ғылымды қажет ететін экономиканы қалыптастыру және дамыту болмақ.
Дамуында хаб қағидатын енгізу және соның негізінде Шымкент, Ақтөбе және Өскемен қалаларын агломерациялық дамыту үшін базаны одан әрі қалыптастыру макроөңірлерді дамытудағы басымдық болмақ.
Бұл ретте басқа экономикалық өсу орталықтарының хаб-қалалармен шұғыла қағидаты бойынша макроөңірлер ішінде (моно- және шағын қалалар, тірек ауылдық елді мекендер) байланыстылығы қамтамасыз етілетін болады.
Басқарылатын урбанизациялау саясаты еңбек ресурстарының аумақтық және салааралық ұтқырлығын ынталандыруды, олардың экономикалық өнімділігі төмен өнімділігі секторынан өнімділігі жоғары секторына өтуін қамтамасыз етуді көздейді. Осы мақсатта негізгі назар көші-қон ағындарын басқарудың тиімді тетіктерін енгізуді қамтамасыз етумен бірге экономикалық өсу орталықтарында жоғары сапалы инфрақұрылымды дамытуға баса нағар аударылатын болады.
2-басымдық Жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды дамыту Жергiлiктi өзiн-өзi басқару жүйесiн дамыту, экономикалық өркендеу, әлеуметтiк саламаттылық пен азаматтық қоғамды қалыптастыруға жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 28 қарашадағы № 438 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды дамыту тұжырымдамасын іске асыру жалғасатын болады.
«Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 98-қадамын іске асыру шеңберінде аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер мен ауылдық округтер деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін және коммуналдық меншікті кезең-кезеңмен енгізуді көздейтін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.