Техникалық реттеу мен метрологияны дамыту. Кәсіпорындардың халықаралық сапа стандарттарына жеделдетіп өтуін қамтамасыз ету мақсатында, ИСО 9001, 14001, 22000, OHSAS 18001, SA 8000 халықаралық стандарттарына сәйкес келетін менеджмент жүйесін енгізу жөніндегі жоспар бекітілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 қазандағы № 1100 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында техникалық реттеу және сапа инфрақұрылымын құру жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында, Техникалық регламенттер мен стандарттар, оның ішінде Маңғыстау облысының кәсіпорындары мен ұйымдарындағы менеджмент жүйесіне стандарттар енгізу жөніндегі 2013 жылға арналған өңірлік жоспар ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі келісіліп, бекітілді.
2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыстың 340 кәсіпорны халықаралық стандарттарға сәйкес келетін менеджмент жүйесін енгізіп, сертификаттады. Оның ішінде, ІSО 9001 сериясын енгізген – 323 кәсіпорын, ІSО 14001 енгізген – 118 кәсіпорын, OHSAS 18001 енгізген – 64 кәсіпорын, ІSО 22000 енгізген – 2 кәсіпорын. 14 кәсіпорын енгізу сатысында.
2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша таяу және алыс шетелдерге экспорттауды жүзеге асырған кәсіпорындар саны 24 бірлікті құрады, оның ішінде менеджмент жүйесін енгізген және сертификаттаған 9 кәсіпорын («Емір-Ойл» ЖШС, «Қарақұдықмұнай» ЖШС, «Бозашы Оперейтинг ЛТД» ЖШС, «Ақтау болат құю зауыты» ЖШС, «Қазақ газ өңдеу зауыты» АҚ, «Arcelor Mittal Tubular Products Aktau» АҚ, «ҚазМұнайТеңіз» теңіз мұнай компаниясы» АҚ-ның Ақтау қаласындағы филиалы, «Cүйiндiк» ЖШС, «Арман» БК» ЖШС) 37,5% құрайды. 2 кәсіпорын менеджмент жүйесін енгізу сатысында.
Маңғыстау облысының кәсіпорны «Каспий Битум» ЖШС 2013 жылдың бірінші жартыжылдығында:
- «Түрлендірілген жол битумы»;
- «Каспий мұнай өнімдерінің композиті» өнімдеріне ҚР СТ әзірлеуге ҚР мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыс жоспарына техникалық-экономикалық негіздемесі бар 2 ұсыныс-өтінім жолдады.
Техникалық реттеу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен және «ҚазИнСТ» РМК МФ-мен бірге, 2013 жылы Кеден одақғының қабылданған техникалық регламенттерін бейімдеу және енгізу мәслелері жөнінде дөңгелек үстелдің 12 отырысы өткізілді.
«Маңғыстаудың ең үздік тауары» өңірлік конкурс-көрмесін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі 2013 жылға арналған іс-шаралар жоспары әзірленіп, облыс әкімінің орынбасарымен бекітілді.
Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары С.Т. Алдашевтің қатысуымен 2013 жылғы 23 тамызда «Маңғыстаудың ең үздік тауары» өңірлік конкурс-көрмесі мен конкурс жеңімпаздарын марапаттаудың салтанатты рәсмі болып өтті. Конкурсқа 30 кәсіпорын қатысты.
Номинациялар бойынша мына жеңімпаздар:
- «Ең үздік азық-түлік тауарлары» номинациясында – «Жаңаөзен сүт зауыты» ЖШС (1-орын), «Волна» Ақтау кондитерлік фабрикасы» ЖШС (2-орын), «Берекет-Ф» ЖШС (3-орын);
- «Өндірістік мақсаттағы ең үздік тауарлар» номинациясында – «РИГ» ЖШС (1-орын), «Шыны талшықты құбырлар зауыты» ЖШС (2-орын), «Mega Construction services» ЖШС (3-орын);
- «Халыққа арналған ең үздік тауарлар» номинациясында – «Нұр-Шах» ЖШС (1-орын), «Сенек» ЖШС (2-орын), «Өрнек» ЖШС (3-орын) болып анықталды.
«Маңғыстаудың ең үздік тауары» өңірлік конкурс-көрмесі жеңімпаздарының қажетті құжаттарының толық пакеті ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне, «Қазақстанның ең үздік тауары» конкурс-көрмесінің лауреаттары атағын беру жөніндегі республикалық сараптамалық комиссияның қарауына жолданды (12.09.2013 жылғы №02-12-1230 хат).
«ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысуға өңірдің 7 кәсіпорны ниет білдірді, олар: «РИГ» ЖШС, «Жамал-ай» АҚ, «Жанарыс» ЖШС, «Әлім» БК» ЖШС, «Жаңаөзен сүт зауыты» ЖШС, «Волна» Ақтау кондитерлік фабрикасы» ЖШС, «Ақ бидай – Терминал» АҚ.
Тиісті құжаттар пакеті өңірде құрылған сарапшылық кеңеспен қаралып, республикалық сарапшылық комиссияның қарауына Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне жолданды.
«Қазақстанның ең үздік тауары» республикалық конкурс-көрмесі мен «Алтын сапа» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты 2013 жылғы 20 желтоқсанда Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Сарайында болып өтті. «Қазақстанның ең үздік тауары» республикалық конкурс-көрмесінің қорытындысы бойынша «Жаңаөзен сүт зауыты» ЖШС 3- дәрежелі дипломмен марапатталды.
Кәсіпорындарда ИСО сериясындағы сапа менеджменті жүйесін енгізу жөніндегі мәселелерді түсіндіру мақсатында, кәсіпорындарды, ұйымдарды, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қатыстырумен дөңгелек үстелдерді, семинарлар мен кеңестерді тұрақты өткізу ұйымдастырылды.
Облыс әкімдігінің сайтының техникалық реттеу бөлімінде ДСҰ-ның саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі хабарламалар тізімі мен Санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі хабарламалар және стандарттау мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік-құқықтық актілер тұрақты жарияланып тұрады.
Отандық өнімнің сапасын арттыру проблемалары жөніндегі жұмыс тобы құрылды, оның негізгі міндеті тауар өндірушілердің халықаралық стандарттарға өту дайындығын айқындау болып табылады.