Мүмкіндіктер:
облыстық инфрақұрылымда дене шынықтырумен және спортпен айналысу үшін мүмкіндіктер құру (жалпы пайдаланымдағы спорт құрылыстарын – спорт залдарын, спорт кешендерін және халықтың тұрғылықты жерінде, халық жаппай демалатын жерлерде спорт алаңдарын салу);
бұқаралық спортты дамыту, спорттық-бұқаралық, дене шынықтыру- сауықтыру, спорттық іс-шаралар нысандарын жетілдіру және дамыту бойынша жұмысты жандандыру;
сабақтан тыс уақытта балаларды бос қоймаудың негізгі буыны ретінде балалардың, оның ішінде дене шынықтыру бойынша аулалық клубтарының желісін дамыту;
балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту, балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептерінің желісін кеңейту;
бұқаралық спортты дамыту, спорттық резервті және халықаралық дәрежедегі спортшыларды дайындау бойынша жұмысты бастау;
Қатерлер:
әлемдік қаржылық дағдарыстың әсері спорт секторын қаржыландыруды азайтуы және халықтың спорт мекемелерінің қызметтеріне қолжетімділігін төмендетуі мүмкін;
спорт секторындағы бюджет ұйымдары қызметкерлері еңбекақысының төмендігінен кадрлардың кетуі орын алуд және осы бағытта жұмыс жүргізуде мамандардың мүддесі төмен.
Ақтау және Жаңаөзен қалаларында, сондай-ақ облыстың аудандарда спорт құрылыстарының, өткізілетін дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-бұқаралық іс-шаралардың саны аз болғандықтан, балалардың, оқушылардың және жастардың арасындағы қылмыстылықтың өсу фактілері артуы мүмкін.
Туризм. Қазіргі кезеңде туризм әлемдегі табысты салалардың бірі болып табылады.
Маңғыстау облысында туристік ұсыныстардың халықаралық деңгейдегі бәсекелестігін дамыту үшін ең жақсы табиғи және мәдени орындар бар:
Маңғыстау облысының аумағындағы Каспий теңізінің жағалау аймағының қашықтығы 874 километрді құрайды;
әдемі жартасты әсем көрінісі мен терең каньондары бар далалық және шөлдік әсерлі ландшафт;
ежелгі және бірегей тарихы бар көрікті мәдениет орындары: «жер асты мешіттері», қорымдар, көне қалалар және киелі жерлер.
Облыста 53 қонақ үй, «Шағала» санаторий-профилакториясы, 12 жазғы демалу базасы және 6 балаларды сауықтыру лагері, 5 мұражай жұмыс істейді, оның екеуі Түпқараған ауданының Форт-Шевченко қаласында орналасқан.
Облыстағы инфрақұрылым объектілерінің желісі «Caspian Riviera Grand Palace» жаңа қонақ үйінің, «PR» көңіл көтеру кешенінің, «TREE OF LIFE», «Sun Set» демалу базаларының, «Кендірлі» шығанағында «Қазмұнайгаз» БӨ» АҚ салған «Ақбөбек» балаларды сауықтыру лагерінің ашылуынан ұлғайды.
Жұмыс істеп жатқан туристік фирмалармен шетел азаматтары және отандастар үшін ««Саура» арнасының таң қаларлық әлемі», «Ақ жартастар патшалығы», «Құпия ор», «Түпқараған мүйісінде», «Қаратау етегінде» сияқты және тағы да басқа 50-ден астам облысішілік туристік маршруттар, экологиялық маршруттар әзірленді.
Жыл сайын облыс Алматы қаласындағы KITF «Туризм және саяхат», Астана қаласындағы «Астана - Демалыс», Берлин қаласындағы (ГФР), Лондон қаласындағы (Ұлыбритания), Мадрид қаласындағы (Испания), Гонконг қаласындағы (Қытай), Көкшетау қаласындағы «Сарқылмас саяхат» (жылжымалы), «Демалыс. Туризм. Саяхат», Ақтөбе қаласындағы ITFA сияқты халықаралық және республикалық туристік көрмелерге қатысады.
Келушілерді орналастырмен айналысатын объектілер саны 2014 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 55 бірлікті құрады, оларда 2181 орын бар, бұл ретте бір мезгілдегі сыйымдылық 3319 төсек-орынды құрайды. Олар 3787,7 млн. теңге сомасына 132 514 адамға қызмет көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: |