Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы


-2013 жылдардағы туризм көрсеткіштерінің даму динамикасы



бет73/144
Дата06.02.2022
өлшемі3,44 Mb.
#35473
түріБағдарламасы
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   144
2011-2013 жылдардағы туризм көрсеткіштерінің даму динамикасы



Көрсеткіштің атауы

Өлшем бірлігі

2011

2012

2013



Келушілерге тұрғылықты орындармен көрсетілген қызметтер көлемі

млн.теңге

3528,5

3579,9

5010,4

Шығу туризмі келушілерінің саны

мың адам

43833

32835

29162

Ішкі туризм келушілерінің саны

мың адам

102800

144617

147136

Қонақ үйлердің
толтырылымдылығы

%

88,4

50,3

35,1

Облыс әкімдігінің 2013 жылдағы қызметінің тиімділігін бағалау қорытындысында «Шығу туризмі келушілерінің саны» көрсеткішіне қол жеткізе алмау анықталды. Жоспар 50301 адам болғанда, нақтысы 29162 адамды құрады. Негізгі себеп – статистикалық әдістеменің өзгеруі.


Яғни, бұрын осы көрсеткішті есептеу үшін «Туристік қызмет объектілерін орналастыратын жерлер туралы» есептен келген резиденттердің саны бойынша деректер (яғни, қона үйлерде тоқтаған шетел азаматтарының саны) есепке алынып, кейін жыл қорытындысында туристік фирмалар ұсынатын «Туристік қызмет туралы есеп» нысаны бойынша қоса есептеу жүргізілетін.
Халықаралық талаптарға сәйкес, қайталауды болдырмау мақсатында ҚР Статистика агенттігі 2014 жылғы қаңтардан бастап «Туристік қызмет туралы есеп» 1-туризм статистикалық нысанынының күшін жойып, Статистикалық жұмыстар жоспарынан алып тастады. Тиісінше, 2013 жылдың қорытындысы бойынша тиімділікті бағалау кезінде «Туристік қызмет объектілерін орналастыратын жерлер туралы» есеп бойынша резиденттердің саны ғана (29162 адам есепке алынды. Осы жағдай «Шығу туризмі келушілерінің саны» көрсеткіші бойынша мәннің төмендеуіне әсер етті.
Көрсеткіштерді жақсарту және туризмді одан әрі дамыту мақсатында, облыста жоспарлы жұмыс жүргізілуде.
Облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 12 ақпандағы № 4/48 шешімімен 2008 жылы облыста туристік кластер құру және дамыту бойынша шебер-жоспар бекітілді, онда Маңғыстау облысының туристік кластерін дамыту, оның ішінде «Кендірлі» курортты аймағын салу жөніндегі іс-шаралар көздестірілген.
Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауын орындау үшін, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің тапсырысы бойынша «Кендірлі» демалыс аймағын дамытудың жүйелік жоспары әзірленіп, онда курортты аймақтың даму стратегиясын айқындау, инвесторлар тарту үшін ерекше шарттар құру және курортты аймақты дамыту бойынша өзге де зерттеулер көздестірілген.
«Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы» бойынша 2014 жылы аталған Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі облыстық іс-шаралар жоспары мен шаралар қабылданды, сондай-ақ «Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың жол картасына» өңірде туризмді дамыту жөніндегі ұсыныстар енгізілді.
2014 жылдың басынан бері мемлекеттік органдар, ірі мұнай компаниялары, қоғамдық ұйымдар, ҮЕМ, қонақ үйлер, туристік компаниялар өкілдерінің қатысуымен ішкі және шығу туризмін, балалар мен жасөспірімдердің туризмін дамыту, жазғы мезгілде Каспий теңізінің жағасындағы балалардың сауықтыру лагерлерін жүктеу, демалыс базаларының инфрақұрылымын дамыту, туристік компаниялар мен орналастыру объектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету бойынша 14 кеңес өткізілді.
Ағымдағы жылы, жүргізілген мониторингтің нәтижесінде туристік объектілер: «Қарақия» ойпатының тамашалау алаңына, Маңғыстау ауданының «Шерқала» тауына, «Ақмыш» шатқалына, Самал» шатқалына баратын кіреберіс жолдарда, Түпқараған ауданының «Саура» шатқалына, «Тамшалы» шатқалына, «Көгілдір мүйіске» баратын кіреберіс жолдарда үш тілде: мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде 10 жол сілтегіш орнатылды.
Ағымдағы жылғы қыркүйекте халықаралық деңгейдегі іс-шара «Каспий маңы өңірінде туризмді дамыту» атты І халықаралық форум өткізілді. Форумда Каспий маңы өңірінде туризмді дамыту, туристік бизнесті мемлекеттік қолдау, өңірлерде ішкі және шығу туризмін дамыту туралы мәселелер талқыланып, ынтымақтастық туралы 6 меморандумға қол қойылды. Мүдделі мемлекеттік органдар мен жекеменшік құрылымдар өкілдерінің қатысуымен «Кендірлі» курортты демалыс аймағын дамыту мәселелері жөніндегі кеңейтілген отырыс өткізілді. Маңғыстау облысы туризм басқармасының «Mangystau.info» атты ресми сайты таныстырылып, ашылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   144




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет