Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы


Маңғыстау облысының ресурстық әлеуеті



бет7/144
Дата06.02.2022
өлшемі3,44 Mb.
#35473
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   144
2.1.2. Маңғыстау облысының ресурстық әлеуеті
Облыстағы пайдалы қазбалардың негізгі түрлері мұнай мен газ болып табылады. Бүгінге Маңғыстау облысының аумағында 75-тен астам мұнай мен газ кен орындары белгілі. Облыс бойынша мұнайдың геологиялық қорлары 2840,0 млн. тоннаны құрайды. Жалпы шығарылатын мұнай қоры – 578,0 млн. тонна, ілеспе газ қоры – 34,6 млрд. тонна текше метр, табиғи газ қоры 171 млрд. текше метр, конденсат қоры – 8,0 млн. тонна. Олардың ішінде 39 кен орны игерілуде. Жинақталған мұнай өндірілуі – 629 млн.тонна.
Ірі мұнай кен орындары:
- Өзен – геологиялық қоры шамамен 730 млн. тонна;
- Жетібай – шамамен 279 млн. тонна;
- Қаламқас – 523 млн. тоннадан астам;
- Қаражанбас – 270 млн. тонна;
- Солтүстік Бозашы – 305 млн. тонна.
Сондай-ақ, облыстың жер қойнауы фосфорит (3 млн. тонна), көмір (42 млн. тонна) (теңгерімнен тысқары қорлар), марганец (38 млн. тонна), әр түрлі тұздар (4,8 млн. тонна), әктас-ұлутас (261752,0 мың текше метр), минералды су (тәулігіне 3,54 мың текше метр), уран (38 млн. тонна) қорларына бай.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   144




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет