СӨЗ СОҢЫ
Омбы өңірі қазақтарының әдеби шығармашылығы туралы айтар ой осымен аяқталмайды. Ел аузындағы әрбір шешендік сөздердің, шешендік толғаулардың туу тарихы, таралу және жатталу жолы әрқалай. Солардың бәрі әртүрлі жағдай үстінде туып пайда болған. Біздер бұл кітапта осы сөздердің қыр-сырына үңілуге тырыстық. Байсерке абыс, Тоқсан би, Бапан би, Саққұлақ шешен, Домақ шешен, Бектұр Батырқожаұлы, Олжабай Нұралыұлы тағы басқа би-шешендердің, ақындардың есімдері ауызша тараған өлең, жыр, аңыз-әңгімелер де берік орын алып, бүгінгі күнге жеткен. Әрбір шешен, би, ақын өз заманында елі үшін зор қызмет атқарғанын ескере отырып, олардың әрқайсысы туралы жеке-жеке тоқталып өттік
Қай шешеннің, қай бидің шығармасын алсақ та, бел ортасында сол билер мен шешендер бейнесін көреміз. Ол заманда болған оқиғаларды мейлінше нақты, нанымды баяндаған бұл даналық сөздердің жастар үшін мәні зор. Бұл билік, шешендік сөздердің желісі ар-намыстың, күш-қайраттың, ақыл мен сананың бар асылын бақыт жолына жұмсауға уағыздайды. Бұл ұлы мұраттарды сол шешендердің өз заманында да, бүгінгі күні де қостаушылар саны есепсіз.
Біз зерттеп зерделеген, талдаған би-шешендердің өмірінің барлық кезеңдерін қамтыдық десек қателесер едік. Бұл би-шешендер артында қалған мұралары мен халық басына түскен істерді бұқара тағдырымен бірлестікке шешіп, мағыналы өмір өткізген.
Билік-шешендік сөздері қазақ халқының елдігіне, ерлігіне арналған. Бұлардың сөздері уақыт шаңына көміліп қалмай, бізге жетуінің өзі олардың сөз әдісінің салмақтылығында болса керек.
Ертістің Омбы өңірінде кең тараған би-шешендерінің, ақындарының шығармашылығының табиғи даму барысында әдебиет тарихында, оның ішінде билік-шешендік сөздерге тән жалпылама өсиеттері ғибрат айту шеңберінде ғана шектелмеген, бүкіл қазақ елінің таным-тынысын аңғаруды мақсат еткен. Бұл шешендік сөздерде әдет-ғұрып, адамгершілік принциптері толық қамтылған. Біздің саралауымызша дидактикалық поэзияның үлгісін толық жасай алған. Олардың ықпалы негізінде басқалардың да өнімді шығармалар беруіне мүмкіндік туған. Бұл дәстүр бүгінге дейін жалғасуда. Сөз иелері қариялар ел ішінің белсенді-басшыларының сөздеріне арқа сүйеп, мақал-мәтел, үлгі-ғибрат орнына пайдаланып отырған.
Біз талдаған шешен, би, ақын-жыраулар сөздері қазақ әдебиеті аталатын ұлы қазынаның жұрнағы ғана.
Ел ішінде ұрпақтан-ұрпаққа ауызша жетіп, сақталып келе жатқан көркем әдеби мұра әлі де жетерлік. Олардың көзін тауып, жазып алып, зерттеу, халқымыздың рухани мұрасына, игілігіне айналдыру - әдебиеттану ғылымының күн тәртібіндегі кезек күттірмейтін міндет.
Бұл еңбекте бұрын баспа бетін көрмеген, бізге белгісіз болып келген шешен би,ақын-жыраулар шығармаларын талдап, ұсынылды. Рас, кейбір аты таныс шешен-би, ақындар бірді-екілі сөздер түрлі жинақтарға енгендері болса да, жүйелі түрде зерттеу объектісіне айналмаған авторлар. Затында бұл авторлардың мән-жайы қазір ғана белгілі бола бастады.
Қайсы бір сөз иелері бұрын мүлдем белгісіз болып келді. Олардың шығармалары да, есімдері де Қазақстаннан тыс өңірлерде Батыс Сібір өлкесінде мол жиылған. Сөзінің салмақтылығымен, ойының салиқалылығымен баурап алатын Бектұр Батырқожаұлының есімі мен шығармалары өз көргендерін бояусыз бейнелеген, халық өмірін жырлауда тек әділдікке жүгінген ақын екендігін танытты.
Бектұр толғаулары - өмір талқысын көрген, көп жерді, көп елді аралаған, өзгермелі дүниенің қыр-сырына қанық болған аса көрнекті туындылар. Бектұрдың тыңдаушының қыбын табатын, ортасы мен уақытысына қарай толғайтын ақын екендігін айтып, оның шешен-билерден қалай үлгі алғандығына кезеңдік талдау жасады.
Бектұр Батырқожаұлының «Тілеуберді батыр» дастанын талдауға келгенде, мазмұн, көркемдік бірлігіне оқиғамен өрілген образдылық пен идеяның ұштасуына баса назар аудардық.
Елді ұжымдастыру жолында көп еңбек еткен Олжабай Нұралыұлы мұрасын шын мәніндегі әдеби жаңалық деп түсінген жөн. Себебі, Олжабайды Кеңес дәуірі қырғын-сүргінге ұшыратып, қазақ жерінің о шетімен бұ шетіне доптай домалатқан. Әуелі Атырау облысының Қызылқоға ауданына жер аударып, одан Омбыға келген оны Омбы қазақтары шын мәнінде қадірлеген. Шығармаларын қазынаға айналдырған.
Осы еңбекте Олжабайдың әкесі Нұралы би оның әкесі Саққұлақ шешен, Саққұлақтың әкесі Бапан би шығармашылығы да талданып, олардың сөздері билік-шешендік өнері, тақырып идея, мазмұн жағынан қаншалықты үлес болып қосылғанын көрсетіп беруге тырыстық.
Шынтуайтына келгенде, біздің қазақ әдебиеті деп жүргеніміздің өзі бүкіл қазақ халқының шығармашылығын толық қамтымайтын, қазіргі Қазақстан жерін бұрын-соңды қоныстанушы қазақтардың өзімен, солардың мұрасымен шектелген туындылар екен. Әйтпесе Өзбекстан, Түркіменстан, Ресей (оның ішінде Астрахань, Саратов, Орынбор, Омбы, Алтай өлкесі т.б) Моңғолия, Қытайдағы қазақтар шығармашылығы ілуде бір болмаса, қаймағы бұзылмастан жатқан әдеби «тың» қалпын сақтауда. Бұлардың бәрі де өз жинаушыларын, зерттеушілерін күтуде.
Қорыта айтқанда, Ертістің Омбы өңірі би-шешендері, ақындары адам бойындағы асыл қасиеттер – ақыл, парасат, адал еңбек, өнер, ғылым, білім т.б туралы оң пікір қалдырып, сол арқылы қоғамдық ой-пікірдің дами түсуіне айтарлықтай үлес қосқан. Бірақ солардың бәрін толық қамтыдық, білдік, жинадық, жұртшылық игілігіне айналдырдық дей алмаймыз. Әлі де жіті қарап, үңіле зерттеу ісін жалғастыру керек.
КІРІСПЕНІҢ ДЕРЕК КӨЗДЕРІ:
Қазақ ССР тарихы. І т. - Алматы: 1980.
Қазақ ССР тарихы. ІІ том. - Алматы: 1980.
Радлов В.В Алтын сандық. - Алматы: Рауан, 1993.
Статистическое описание Сибирского казачьего войска.Спб.1879.С.5-6.
Кемеңгеров К. Бұрынғы езілген ұлттар. – Мәскеу: 1923.
Қазақ. - Алматы: Жазушы, 1994.
Қазақ Совет энциклопедиясы. 2.т. - Алматы: 1986.
Омский Государственный университет. Архив филологического факультета.1980. Папка. № 3
Исмайылов Е. Ақындар. - Алматы: Қазмембаспасы, 1956.
Адамбаев Б. Шешендік сөздер. - Алматы: 1989.
БІРІНШІ БӨЛІМНІҢ ДЕРЕК КӨЗДЕРІ:
Әуезов М. Әдебиет тарихы. Қызылорда-Ташкент: 1927
Қазақ ССР тарихы. - Алматы: 1957. 226-б.
Сейфуллин С. Қазақ әдебиеті. Қызылорда: 1932.
Қазақ әдебиетінің тарихы. - Алматы: 1948. 257-б.
Қазақ фольклорының тарихы. - Алматы: 1991. 61-б.
Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары.- Алматы: 1995.
Сейфуллин С. Шығармалар жинағы. 6-т. - Алматы: 1985.
Уәлиханов Ш. Таңдамалы. - Алматы: 1985.
Адамбаев Б. Халық даналығы. - Алматы: 1973.
Байтұрсынов А. Ақ жол. - Алматы: 1991.
Уәлиханов Ш. Таңдамалы. - Алматы: 1985.
Янушкевич А. Дневники и письма из путешествия по казахским степям. - Алматы: 1963.
Радлов В.В. Алтын сандық. - Алматы: 1993.
Адамбаев Б. Ел аузынан. - Алматы: 1993.
Бұқар Қалқаманұлы. Шығармалары. - Алматы: 1992.
Омбы қаласының тұрғыны Кенжебаев Қали ақсақалдан 1992 жылы жазылып алынған. №4 бума.
Әуезов М. Шығармалары. - Алматы: 1985. 16-б.
Сейфуллин С. Шығармалары. - Алматы: 1964. 6-б.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 1-т. - Алматы: 1980.
Қазақ би-шешендері. - Алматы: 1993.
Федоренко Н.Т.. Сокольская Л.И. Афористка. - Алматы: 1990.
Жұлдыз// 1993, 1.
Досмұхамедұлы Х. Аламан. - Алматы: 1991.
Байтұрсынов А. Шығармалары. - Алматы: 1989.
Қабдолов З. Сөз өнері. - Алматы: 1992.
Базарбаев М. Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы. - Алматы: 1973.
Бердібаев Р. Жыршылық дәстүр. - Алматы: 1980.
Самокавасов Д. Сборник обычного права сибирских инородцев. Варшава. 1876.
Билер сөзі. - Алматы: 1992.
Келімбетов Н. Әдебиет белестері. - Алматы: 1986.
Қазақ Совет энциклопедиясы. 9-т. - Алматы: 1981.
«Дала уәлаяты» газеті. - Алматы: 1994.
Төреқұлов Н. Нақыл сөздердің тәрбиелік мәні. - Алматы: 1971.
Негимов С. Ақын-жыраулар поэзиясының бейнелілігі. - Алматы:1991.
Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. - Алматы: 1993.
XV-XVIII ғасырдағы қазақ поэзиясы. - Алматы: 1992.
Мағауин М. XV-XVIII ғасырдағы қазақ поэзиясы. - Алматы: 1992.
ЕКІНІШІ БӨЛІМНІҢ ДЕРЕК КӨЗДЕРІ:
Исмайылов Е. Ақындар. - Алматы: 1956
Белинский В.Г. Полное собрание сочинений. т. 6. М.:1955
Негимов С. Ақын-жыраулар поэзиясының бейнелілігі. - Алматы: 1931
Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. - Алматы: 1973
Бердібаев Р. Сарқылмас қазына. - Алматы: 1983
Сейфуллин С. Тар жол – тайғақ кешу. - Алматы: 1970
Қабдолов З. Сөз өнері. - Алматы: 1993
Байтұрсынов А. Шығармалары. - Алматы: 1991
Гегель Г.В. Работы разных лет. В 2-х томах. М.: 1971
Әуезов М. Основы теории литературы. М.: 1971
Тимофеев Д. Основы теории литературы. М.: 1971
Нұралыұлы Олжабай. - Алматы: 1995
Кәкішев Т. Өнегелі өмір. - Алматы: 1976
Әуталипов Н. Олжабай Нұралыұлы шығармалары // Түркістан. 1996. Қаңтар.
Әдебиет майданы. 1936 ж. №1
Абылай хан. - Алматы: 1993
Бес ғасыр жырлайды. - Алматы: 1989
Жұлдыз. 1992. №2
Сәтпаева Ш. Шәкәрім Құдайбердиев. - Алматы: 1991
Нұрғалиев Р. Айдын. - Алматы: 1985.
ҮШІНШІ БӨЛІМНІҢ ДЕРЕК КӨЗДЕРІ:
Билер сөзі. – Алматы: Жазушы, 1992.
Жұлдыз. №11. 1992.
Қазақтың би-шешендері. – Алматы: Жазушы, 1993.
Пайлодар облысы Екібастұз қаласының тұрғыны Қазыбек Нұралиннің айтуы бойынша 1993 жылы жазылып алынған бума №12.
1991 жылы Омбы облысы Табыршан ауданының тұрғыны Ғалымжан Нығметовтің айтуы бойынша жазылып алынған бума №2.
Тозған қазды топтанған қарға жейді. – Алматы. Жазушы, 1991.
Шешендік сөздер. – Алматы: Рауан, 1993.
Төреқұлов Н. Қазақтың 100 би-шешені. – Алматы: Жазушы, 1995.
Азия. Халықаралық басылым. 1993. №.1.
Жұлдыз. №7. 1989.
1991 жылы Омбы облысы Шарбақкөл ауданының тұрғыны Шәкен Бейсекбаевтың айтуы бойынша жазылып алынған бума №1.
1993 жылы Омбы облысы Горький ауданының тұрғыны Иса Әлімовтің айтуы бойынша жазылып алынған бума № 10.
1993 жылы Жезқазған қаласының тұрғыны Мәкен Бектұровтың айтуы бойынша жазылып алынған бума № 9.
«Ермек қиссасын» Омбы қаласының тұрғыны Солтан Есенболв Омбы облысы Горький ауданының тұрғыны Сағынай Сейтенқұловтан 1966 жылы жазылып алып жаттаған екен. 1991 жылы хатқа түсірілді. Бума № 3.
Омбы үні. 1993. №2.
МАЗМҰНЫ
Сөз басы .............................................................................................................3
Бірінші бөлім
Шешендік өнер - қазақ поэзиясының бастауы .............................................10
Байсерке Түгелұлы шығармаларының көркемдігі .......................................16
Тоқсан Жабайұлының мұрасы .................................................................28
Бапан бидің сөз кестесі ....................................................................................34
Саққұлақ өз заманының ділмары ...................................................................37
Домақтың шешендігі ......................................................................................49
Екінші бөлім
Ақындық өнер ...................................................................................................58
Бектұрдың ақындық қарымы ..........................................................................59
Олжабай шығармаларындағы заман мен уақыт .............................................74
«Ермек» қиссасындағы шыншылдық ..............................................................87
Үшінші бөлім
Көркем қазына ....................................................................................................98
Байсерке абыз ...................................................................................................100
Тоқсан би ...........................................................................................................114
Шоң, Торайғыр билер .....................................................................................129
Бапан би ............................................................................................................135
Саққұлақ шешен ............................................................................................. 142
Домақ шешен ....................................................................................................157
Бектұр Батырқожаұлы .................................................................................... .166
Қанжығалы Олжабай ........................................................................................188
«Ермек» қиссасы ...............................................................................................216
Сөз соңы ...........................................................................................................247
Дерек көздер .....................................................................................................249
Мазмұны ...........................................................................................................252
Достарыңызбен бөлісу: |