Қазақстан республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі меңдігүл шындалиева омбы өҢірі қазақтарының Әдеби шығармашылығЫ


БАПАН БИДІҢ ТҰРЛЫБЕК КӨШЕНОВКЕ АЙТҚАНЫ



бет10/14
Дата25.12.2016
өлшемі3,7 Mb.
#5222
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

БАПАН БИДІҢ ТҰРЛЫБЕК КӨШЕНОВКЕ АЙТҚАНЫ
Қоржынкөлдегі бір жер дауына тілмаш Тұрлыбек Көшеновке Бапан былай депті:
Саған бір уыс топырақты ұлық берген,

Маған бір уыс топырақты халық берген.

Саған берген топырақ көзіңе түсер,

Маған берген топырақ көріме түсер.

Сен шеніңе мәзсің,

Мен еліме мәзбін!

Сенің қоқайыңнан қорықпан,

Халқым барда мен тарықпан!


Тұрлыбек бастаған, бай-шенеуніктер бастаған топ:

- Қой бұл Бапанмен айтысып болмас, жайылым жерін өзіне қалдырайық, - деп тарқасыпты [3,177-б].



НӨГЕРБЕК ПЕН БАПАН БИ
Бес дуанды басқарған статс кеңесшісі Тұрлыбек Көшеновтің баласы Нөгербек (қасында Омбыдан келген геолог офицері бар) бірде Бапан би аулына келеді.

Бапан бидің ауылы Ерейменнің ең көрікті көлі – Қоржынкөлдің жағасында екен. Ерейменді қоршаған таулардың сайларынан алтын қазған белгілер қалса керек. Мұны білетін Нөгербек Ерейменге геолог офицерін сол себепті әкеліпті. Нөгербек Бапан ауылына келіп бұйымтайын айтқанда оған Бапан би:


Маған би атын халқым берген еді,

Саған шынжырлы жандарал берген еді.

Өз жеріңде су шаққандай,

Шұңғырлауға мынауыңды неге әкелдің? –


деп ренжіген екен де, офицерге Бөгенбай батырдың Дарқан ұста соққан қылышын, Нөгербекке қамшысын сыйлыққа беріп құтылса керек.

Тағдыр ісі тамаша дегендей, кейін сол Нөгербектің қоныстары Шытырымбет, Масалы, Ақсулардан алтын қазылған екен [1,148-б].


БАПАН БИДІҢ БАЛАСЫНА АЙТҚАН ЖАУАБЫ
Бапан би жиында жастарға, оның ішінде өзінің баласы Саққұлақтың: «Ел дегенің немене?, Ер дегенің немене?»- деген сұрағына былай деп термелей жауап беріпті:
Суы тұщы болмаса,

Мал-жанның бәрі сусындап,

Суы тұщы болмаса,

Мал-жанның бәрі сусындап,

Мейірі оның қанбаса,

Көл дегенің немене?

Ынтымақ, бірлік болмаса,

Елдікке мойын бұрмаса,

Үлкеннің айтқан сөздерін,

Кішісі қолдап тұрмаса,

Ел дегенің немене?

Еліне құрбан болмаса,

Абырой-бедел қонбаса,

Ағайын-туыс, ел-жұрты,

Шатырым-ау деп тұрмаса,

Ер дегенің немене?

Түлігің жайлап тоймаса,

Қатар өсіп мал мен бас,

Қуанып елің қонбаса,

Жер дегенің немене?

Желден пана болмаса,

Қырды бөгеп тұрмаса,

Аңдары қойдай өрмейтін,

Қызығын адам көрмейтін,

Қадірі жоқ қырқалы,

Бел легенің немене?

Адал жүрек болмаса,

Сөзіне опа қылмаса,

Түзулікті бұрмалап,

Өтірікті бұрмалап,

Өтірікті шындаса,

Кең дегенің немене?

Атантүйе атамай,

Ат айғырды матамай,

Шын икемге келмесе,

Түзу-жөнді білмесе,

Төл дегенің немене? –
деген екен [3,176-177-б].
БАПАН БИ МЕН ТАШКЕНТ БЕГІ
Бапан бидің бір жақын туыстары Ташкент бегінің қолына түсіп қалады. Бір кісі барады, босатпайды, екі кісі барады, босатпайды, үш кісі барады, босатпайды. Әлгі бек мақтағанды жақсы көреді дегенді естіп, Бапан би үйіне барып:
Бір кезде алтын тақтан Батый өтті,

Қаһарман адам қанып судай төкті.

Ызғары көрген жанды тітіркентті,

Ол да сіздей болған жоқ өтті, кетті.

Бір кезде Әмір, Темір сұлтан өтті,

Дүниенің төрт бұрышына даңқы жетті.

Өргізді де алдына би мен бекті,

Ол да сіздей болған жоқ, өтті, кетті.

Кім түссе де егеске,

Өзіңнен артық емес-ті.

Ағайынды кешпесең,

Әділдікті шешпесең,

Рақымсыз бек демес-ті!
Бапан би осылай деп орнынан тұра бергенде Ташкент бегі:

- Құп болады, Бапан, деп туыстарын босатып жіберіпті [3,177-б].



КІМДІ ҚАЛАЙ ТАНИСЫЗ?
Ауыл адамдары Бапан биді алқа-қотан ортаға алып, өткен-кеткен әңгімесін тыңдайды екен. Сонда «Кімді қалай танисыз?» дегенде ол былай термелепті:
Кісі болар кісіні – кескінінен танимын.

Кісі болмас кісіні – мүшесінен танимын.

Жомарт болар кісіні – табағынан танимын.

Сараң болар кісіні – қабағынан танимын.

Дауы жөнсіз кісіні – сөзінен- ақ танимын.

Өзі тұйық жігітті – жүрісінен танимын.

Іші сұйық әйелді – күлкісінен танимын.

Палуан болар жігітті – шалысынан танимын.

Мерген болар жігітті – атысынан танимын.

Батыр болар жігітті – сапысынан танимын.

Бай болатын жігітті – пейілінен танимын [3].
БАПАН БИДІҢ РАҚЫМҒА АЙТҚАН КӨҢІЛІ
Ауырлыққа сабыр қып,

Артын тілей сұраса,

Қайыры болсын қазаның,

Ием солай санаса.

Ешбір пенде өкінбес,

Бір тәңірісін ойласа.

Тағдырға тоқтау кім салар,

Ақылға терең бойласа.

Қарсылық еткен болады,

Болмасқа жанын қинаса,

Өткен қайтып келер ме?

Бар қайғыны жинаса.

Өлмей адам жүрмек қой,

Ажал аяп сыйласа.

Шүкіршілік ету міндет қой,

Әр тәсілді ойласа.

Қайғыны қалай жеңеді?

Ақыл-есін жимаса.

Жүректі билеп, у ішер,

Тұла бойды қуаласа.

Адамдықтан қалдырар,

Ақылды қайғы ұрласа.

Өлген қайтып келу жоқ,

Ел-жұрт болып шуласа.

Разылық еткен бола ма?

Көздің жасын тыймаса.

Жылаудың да орны бар,

Артыңда ұрпақ қалмаса.

Сабырлық еткен жарасар,

Ағайын, халқы қайғырып,

Көңіл айтып сыйласа.

Шерлі көңілін тия алмас,

Сөзі жөнге сыймаса,

Қайғы деген бір теңіз,

Түбіне жетпес, бойласа [4].

САҚҚҰЛАҚ ШЕШЕН
(1800-1888)
Саққұлақ шешен қазіргі Ақмола облысының Ерейментау ауданындағы Қоржынкөл жағасында туып, өмір сүрген. Шешен Нұра шонжарларының қастандығынан өлгенде Нұралы есімді баласы Қанжығалы Бөгенбей ұрпақтарының қорымына жерлеген екен. Ал, Қанжығалы Бөгенбай батырдың сүйегі Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне жерленгені тарихтан белгілі. Саққұлақ шешеннің зираты бүтін кезінде көз тартатын ғажап мазар болған дейді оның ұрпақтары.

Бапан бидің шешендік қасиеті Саққұлаққа дарып, ісінде ақжол, адал болуына көп әсер етсе керек. Саққұлақтың тапқырлық, шешендік сөздері ел аузында көп айтылады. Сондықтан оның әдеби-шығармашылық мұрасы бізге толық жеткен. Саққұлақ шығармалары негізінен халық өмірімен, жеке тұлғалардың жақсы-жаманымен тығыз байланысты болып келеді.



САҚҚҰЛАҚ ПЕН БАЙДАЛЫ БИ
1816 жылы яғни тышқан жылында Ұлытау жерінде қалың мұздақ болады. Қуандықтың Алтай елі Ереймендегі қанжығалыларды «нағашы ел» тұтып, жылқыларын қысқы тебінге Ерейменге айдайды. Қыстап шығады. Көктем алдында болатын, қар мен шаңды араластыра соғатын бір үлкен боранда алтайлықтардың жылқылары ығып кетеді. Боран басылып, мал түгелденгенде, жылқының басы жетпейді. Көктемде алтайлықтар жерлеріне оралғанда жоғалған сол 80 жылқының табылмағанын атып барады. Мал иелері ол жылқылардың жоғалуын бораннан емес, елдің өзінен көріп, дау көтереді. Қанжығалылармен дауласуға келуге ел иелері сексенге келген Байдалы бидің қасына тоқсанға келген Байбөрі биді қосып жібереді.

Байдалы Бапан аулына келіп, дау бастайды. Байдалының дауына Бапан:


Байеке-ау, дау дегеніміз – дәу ғой,

Даудың іздегені жау ғой.

Жоғалған жылқы – жалғыз сіздікі емес,

Жөнтіген тақым – жалғыз біздікі емес.

Жолыңыз оңғарылсын, дауды қойып,

Еліміздің сыйлы қонағы болыңыз, -

дегеніне Байдалы би өршіге:
Тай мініп, тайлақ жетектегенді,

Әр жерден көрдік.

Жиеннің жылқысын пайдаланып,

Қан сорпа қылғанды

Қай жерден көрдік?

Бір тонау бар – хан тонау,

Бір тонау бар – тон тонау.

Ата-анасы жоқ

Осы қай тонау? –
дегенде Бапан би сөзден тосылыңқырап қалған екен. Сонда топ ішінде отырған Бапанның Сәбден атты 16 жасар баласы Байдалының алдына келіп: «Би ата, дат!» депті. Мұны көрген Байдалы:

- Ау, Қанжығалының үлкені тұрып, баласының сөйлегені қалай? – депті. Сонда бала:


Оның несі сөкет би?

Ата тұрып ұл сөйлесе,

Ұлдың ержеткені.

Ана тұрып қыз сөйлесе,

Қыздың бой жеткені.

Өсетін жасты өлетін кәрі

Бетке соқса,

Бұл заманның кері кеткені.

Келген бетте сызылдың,

Жоғалтқаныңды даумен қуамын деп,

Көзіңмен сонша сүзілдің.

Ағайындыққа сия ма,

Неге бүгін бұзылдың?

Ата-анасы біз дейсіз бе?

Алаулата соққан қызылдың.

Мен сөзімнен жаңылсам,

Жөнімді үлкен түзейді.

Сіз сөзіңізден жаңылсаңыз,

Жөніңізді кім түзейді?

Алтайдан дақ келіп,

Осынша сөйлеткендей

Нағашың – қанжығалы – ұрың ба еді? –


дегенде Байдалы би балаға таңырқай қарап тұрып:
- Япыр-ай!

Көп ішінде сөйлеген жас бала,

Даугерің, рас, дақ еді,

Құлағың неткен сақ еді?

Сипатына қарасам,

Қара лашын тұйғынсың.

Асылыңа көз салсам,

Алдырмайтын қырғисың.

Сөйлер сөзге келгенде,

Бәйге атындай сырғисың.

Жайнаған шоқтай,

Өткір шоттай,

Көзіме жылы ұшырадың,

Шыныңды айтшы, қай ұлсың? –


деп, Байдалы би балаға өткір көздерін қадағанда, Сәбден бала:
- Арғы атам – батыр Бөгенбай,

Әкем мына отырған Бапан.

Алтайдың аузын асқа,

Адырын атқа толтырған,

Ішпекбай бабам берген батам!

Алтайға ана болған,

Аққоян – менің апам.

Жылқының айғағын тап та,

Көзін ал.

Сіздің боранда ығып,

Опқа құлап, жарға жығылған,

Жылқыларыңызға нағашыларыңыздың

Кінәсі жоқ, жиен ата! –
дегенде, Байдалы би:
- Япыр-ай, қарағым!

Мен тозған екенмін.

Сен озған екенсің.

Даудың билігіне,

Мен өзіңе тоқтадым.
Сонда Сәбден:
Маған тоқтасаңыз,

Дау аяқсыз қалсын,

Даугер атына қонсын! –
дейді. Байдалы би өз еліне аттанып жүріп кетеді.

Бұлар еліне оралғанда Қуандықтың шонжарлары Байдалы биге, жоғалған пышағыңа бір ат даулап алған Байдалы едің. Сексен жылқыны қанжығалыларға қалдырып не бетіңмен оралдың, - деп сөккенде қарт шешен: - Ей, халқым! Мен жиырма жасымнан би болдым. Алпыс жыл жүлде алдым. Менің жүлделеріме тойғандай болып едіңдер ғой. Бұл жолы Байдалыны сексен жастағы шалды, Байбөріні құдай алды, дауды Бапанның қаршадай баласы алды. Сақалымның ағында, қартайған мына шағымда сексен тайларың үшін арымды сата алмадым, - деген екен.

Сол жылы Байдалы би сексенде болса керек. Мұны оқиғаның болған жылымен байланыстыра есептесек, ол 1736 жылы туған болып шығады. Оның 1829 жылы дүние салғаны жайында анық дерек бар. Соған қарағанда, бидің туған-өлген жылдары 1736-1829 жылдар болса керек.

Осы кездесуге Байдалының «құлағың неткен сақ еді», - деуінен Сәбден Саққұлақ деген лақап атқа ие болыпты [1,121-122-б].


ЖАРТЫ МАЛДАН АРТЫҚТЫ ЖОЛ ҚОСПАЙДЫ
ХІХ ғасырдың орта шенінде қазақ даласындағы бір ауылда құда түсіп қойған бір қыз өліп, ол келін болып түсетін жердің бай-шонжарлары мен шынжыр балақ шұбар төс төрелері төленген қалың малдың жартысын қайтарғанға риза болмай, дауласып, Саққұлақ шешеннің әділ шешімін сұраған. Ол асықпай ойланып болған дау мәселесін былай деп шешкен екен:
Қарқаралы басын қатын еттің.

Бүгін жанын жарты еттің.

Тайдай таладың,

Тайлақтай жүндедің

Жарты малдан артықты

Жол қоспайды, -


деп мақалдап, даугерлерді тоқтатыпты. Шешеннің сөзіне ой жіберіп қарасақ, шумақтағы образды теңеулердің ішкі астары «қалыңдық ойнаған қыздың жарты құны кетеді» деген мағынада болуы керек [12].
БАТЫРДЫҢ БАСЫ ОРДА ҚАЛАР
Саққұлақ шешен Шоқан Уәлихановтың әкесі Шыңғысты жақсы білген. 1862 жылы Атбасар уезіне аға сұлтан болу үшін Шоқанмен бірге дауысқа түскен Ерден Омбыға бара жатып Саққұлақ бидің аулында қонақ болған. Әңгіме үстінде Ерден Шоқанның үстінен шағым түсіру үшін бара жатқанын айтады. Ондағы мақсаты аға сұлтан болып өзінің сайлануын қамтамасыз ету.

Шешен оның сөздерін мұқият тыңдап алып, ертеңгісін жолға аттандырайын деп жатқанда былай деген екен:


Батыр жауда қалар,

Шешен дауда қалар.

Өз ісіне бармаса,

Өр мінезі қалмаса,

Батырдың басы орда қалар, -
деген екен бұрынғы ата-бабаларымыз, - депті.

Ерден болса Саққұлақ шешеннің сөздеріне мән беріп, жол бойы біраз ойға шомған екен. Біраз уақыт жүрген соң ол қасындағы адамдарға қарап: «Манағы сөз қалай айтылды, бұл сапарымның жөні болмас»,- деп атының басын кейін тартып, еліне қайтып кеткен екен [13].


ТӨСЕКТЕН ШОШЫНҒАН КҮЙЕУ ОҢБАС
Шоқанның Нұрила деген қарындасы алғашқы рет айттырған күйеуін менсінбей, арты үлкен дауға айналады. Күйеуі Ақмолалық Қоңырқұлақ төренің немересі Жәңгір төре (Сәмке хан тұқымы) екен. Екі жақтың арасындағы дау Омбы губернаторының алдында қаралатын болып, дауға қатысатын адамдар белгіленген күні келеді. Істі қарауға екі жақтың ризашылығымен Саққұлақ шешен дауға төбе би болып сайланады. Дауды шешу кезінде екі жақтың пікірлерін әділет таразысына сала отырып шешен:
Халқынан шошынған хан оңбас,

Салтынан шошынған би оңбас.

Жүгінен шошынған түйе оңбас,

Көгеннен шошынған бие оңбас.

Елінен шошынған ер оңбас,

Бесіктен шошынған құда оңбас,

Төсектен шошынған күйеу оңбас. –
деген екен бұрынғы ата-бабаларымыз, ал олардың өсиеті біз үшін асыл қазына, сондықтан төсектен шошынған күйеу мен қалыңдықты қосуға болмайды. Әділеті осы, - деп дауды шешіпті [13].
САҚҚҰЛАҚ ШЕШЕННІҢ ШОҚАНҒА БЕРГЕН БАТАСЫ
Саққұлақ шешен Шоқанның білімі мен мінезіне қатты риза болып еліне аттанарда былай деп бата берген екен:
Біліп тұрған бала екенсің,

Туысыңдағы дана екенсің.

Айла-ақылы дарыған,

Атаң Абылайдың

Тап өзіңдей хан екенсің.

Өсе берсін бақытың!

Үстінде ағар тақыттың!
Сонда Шоқан «Ақсақал, тақыт дегеніңіз артық болар», деп жымиып, езу тартқан екен. Саққұлақ би оған іркілмей: «Мынаны қазақ тақ дейді ғой, білімпазым», - деп қасында тұрған орындықты көрсетіпті. Бұл тұғырыңнан таймай өт деген сөзі екен [13].
* * *
Адам баласына тән, бір-ірінен туындайтын үш қасиет бар. Ол қылжаңдық, мылжыңдық, алжушылық. Жасында қылжаң болған адам өскенде мылжың болады, қартайған соң мылжың адам алжиды [1,115-б].
* * *

Бас болатын жігіттің бес белгісі болмақ: тыңдай білу, сыйлай білу, сынай білу, шырай беру, жылай білу [1,115-б].


* * *

Осыдан қатты тас болмас,

Еліне тәтті бас болмас [1,115-б].
* * *

Батыр жігіт жауда шаншар қан шығармай,

Шешен жігіт дау даулар жан шығармай.

Таразысы шешеннің тыңдаушысы,

Одан өтер артынан шаң шығрмай [1,115-б].
* * *

Ғылым шала ақылды кісін бүгін ақылды қылады,

Бүтін ақылды кісіні ақылды қылады.

Жалқаулық бүтін ақылды кісіні шала қылады,

Шала ақылды кісіні жынды қылады [1,115-б].
* * *

Екі түйе бие болмас,

Жалғыз түйе – түйе болмас.

Өз малынан безінген,

Кісі малын іздеген,

Өз малына ие болмас [1,116-б].


* * *

Дүниеде үш қодаң бар:

Төренің төңірегіндегі – қодаң.

Күйеудің жолдасы – қодаң,

Керуеннің қосшысы – қодаң [1,116-б].
* * *

Аңсағанда ішкен су,

Шекер емей немене.

Ат жолынан жаңылған,

Бекер емей немене.

Парасатпен салған жол,

Жетек емей немене.

Жақсы болса ат шіркін,

Қанат емей немене.

Жолы болса тайтерең –

Жанатемей немене.

Түзу жолға бастаған,

Ілім емей немене.

Теріс долға бастаған,

Залым емей немене.

Көрген-білген іс болса,

Сабақ емей немене.

Жүрген-тұрған жеріңіз,

Суат емей немене [14].
ҚЫЗ КҮНІНДЕ БАЛАҚ-БАЛАҚ
Қыз күнінде балақ-балақ,

Қатын болған соң далақ-далақ.

Қыз күнінде қыздардың бәрі жақсы,

Жаман қатын жүр осы қайдан тарап.

Жарықтық толып жатыр салдыр-салақ,

Ыдысқа су тимейтін босқа тарап.

Өмірдегі шешпеген жұмбақ нәрсем,

Қайдан жүр осы бізде салқам балақ [14].


ЖАҚСЫ ҚАТЫН АЛСАҢЫЗ ДҮР ШЕКЕРДІ
Жақсы қатын алсаңыз дүр шекерді,

Жаман қатын алсаңыз тілі удан бетер-ді.

Бір қатынның мекерлігі,

Қырық есекке жүк болыпты,

Жақсы болса күйеуі,

Әйелдің алтын тағы да,

Мешеу туған байғұстың,

Мұратқа жетер шағы да.

Үйде отырған мұңлықтың,

Басына қонған бағы да.

Жаман болса күйеуі,

Әйелдің түскен торы да.

Шыға алмайтын мұңлықтың,

Қазылған терең оры да.

Өмір бойы зар татып,

Ашылмайтын соры да.

Күн де, түн де қараңғы,

Адамның бір қоры да [14].


ОРМАН – ТОҒАЙ ЖЕР СЫНЫ
Орман-тоғай жер сыны,

Бетеге-жусан бел сыны.

Көк орай шалғын – жер сыны,

Қару-жарақ қол сыны.

Азық-түлік жол сыны,

Атақты ер – ел сыны.

Екі баспау – ер сыны [1,117-б].

* * *


Ақыл - адамды аздырмайтын ем,

Білім – таусылмайтын кең.

Адамның басшысы – ақыл,

Жетекшісі – талап.

Шолғыншысы – ой,

Жолдасы – кәсіп,

Қорғаны – сабыр.

Қорғаушысы – мінез [1,117-б].


* * *
Ағасы бар адам – дұшпанға құрған ауыңдай,

Атасы бар адам – бұлақ суындай.

Әкесі кімнің бар болса – асқар биік тауыңдай.

Інісі бар адам – қашырады жауыңды-ай.

Келін, бала-шағасы – пісіп тұрған қауындай.

Алыстан іздеп дос келсе, ықыласпен тос оны,

Сүйерменің болмаса, жан-жағыңа қаранған [1,118-б].
* * *

Төрт нәрседен қашық қыл:

Тәубесіз адамға жолықтырма,

Арамзадан бала берме.

Бейшара әйелден аулақ қыл,

Ашулы-қиялды қылма [1,118-б].


* * *

Ел адамымен сөйлесең – ауыл-аймағын айтады,

Кент адамымен сөйлессең – үйіндегі жиғанын айтады.

Қыр адамымен сөйлессең – бота мен тайлағын айтады.

Әйелменен сөйлессең – құрт-майы мен қаймағын айтады.

Тексіздермен сөйлессең – қай-қайдағыны айтады [1,118].


САҚҚҰЛАҚ ПЕН БЕКШЕ ШЕШЕН
Қанжғалы елінде Бекше деген шешен болады. Оның жасы Саққұлақтан бір мүшел үлкен болса керек. Өзіне мал бітпеген кедей екен. Бекше көбінесе Саққұлақтың қасына еріп жүреді. Бір себептермен ол бір жолы Саққұлаққа ермей үйінде жатып қалады. Осы кезде ел арасынан бір дау шығады. Ол даудың ұшы Бекшеге барып тіреледі. Енді ол дауды Бекшесіз шешуге болмайтынын сезген Саққұлақ әйеліне:

- Кедейдің бір тойғаны шала байығаны, Бекшеге сыбаға беріп, шақыртшы, - дейді. Саққұлақтың әйелі Бекшені онша жақтырмайды екен. Нұралы деген баласын жұмсап, бір қоржынбас сыбаға беріп жібереді. Бекшенің әйелі қоржынның аузын сөгіп, етті қазанға салса, өңкей қалған-құтқан сүр ет пен бір жауырын ғана. Ет пісіп, Бекшенің алдына тартылады. Еттің сыңайын көрген Бекше қасындағы Нұралыға қарап:


- Байқаңыз, еттің азын жауырынынан,

Бар болса кім аяйды бауырынан.

Жоқтық шіркін адамға не істетпейді,

Бұ дағы келіпті ғой өз ауылыңнан.

Мынасы сүр ме десем, сірі екен ғой.

Дүниеге көзі тоймай, өле қоймай,

Бірі онда, бірі мұнда жүр екен ғой.
Бұл сөзге Нұралы қаты ұялып, намыстанады. Шешесінің қараулығына іштей наразы болады.

- Әкем сізді шақырып кел деп әдейі жіберіп еді. Жүріңіз, біраз күн аунап-қунап жатып қайтасыз, - дейді. Сонда Бекше шешен:


Мен Саққанның Бекшесімін,

Сақтаулы алтын текшесімін.

Бұл күнде бала жіберіп шақыртатын,

Етігінің өкшесі ме едім?

Керексінсе өзі келсін! –
деп, Нұралыны қайтарып жіберіпті. Бұл сөз намысына тиген Саққұлақ би «Қой ағайынды ренжітпейін» - деп, ертеңіне өзі келіп, Бекше ағасын ертіп кетіпті, үйіне барған соң қой сойып, бір жұма сыйлап күтіп, үстіне шапан жауып, ат мінгізіпті [3,230-231-б].
ШОҚАННЫҢ САҚҚҰЛАҚ ШЕШЕНГЕ

ҚОЙҒАН СҰРАҒЫ
Жазда ауылына демалысқа келіп жатқан Шоқан Саққұлақ шешенді қонаққа шақырып, бірнеше күн оның тағылымды әңгімелерін тыңдайды. Дидарласу кезінде жас Шоқан қонаққа тосын сұрау қойып:

- Ақсақал, біреу жолдан адасса кімнен ақыл сұрайды?, - дейді.

- Шырағым, көнеден сұрайды, - дейді шешен.

- Көне адасса кімнен сұрайды?

- Көне адасса көргендіден сұрайды.

- Көргенді адасса кімнен сұрайды?

- Көргенді адасса көптен сұрайды.

- Көп адасса кімнен сұрайды?

- Көп адасса көп оқығаннан сұрайды. Көп оқыған неге адассын. Әлгінде ғана Сатыпалдының Жаманқұлына күдіктеніп, оның Үмбетәлі туралы дастанын өзің де менен сұрап анықтап алған жоқпысың? – дейді шешен. Содан соң Шоқанға шешен оң батасын берген екен [3,232-233-б].

САҚҚҰЛАҚ ШЕШЕННІҢ МҰСА ӨЛІМІНЕ АЙТҚАНЫ
Шоқанның рухани жағынан пікірлес сүйікті нағашысы, талай жыл Баянауыл дуанының аға сұлтаны болған Мұса Шорманов 1885 жылы 66 жасында дүниеден өтеді. Онымен қатар Ерейментауда қанжығалы Бөгенбай батырдың шөбересі Саққұлақ бидің баласы Нұралы да қайтыс болады. Осыған байланысты екі жағы да бір-біріне көңіл айтысып, бата жасаса алмай жүрсе керек. Ақыры Мұсаның асына 86 жастағы Саққұлақтың өзі келгенде алдынан даяшы шығып, арнаулы үйге түсіреді. Аздан соң оған Мұсаның Садуақас, Біләл деген балалары сәлем беруге келеді. Сонда Саққұлақтың айтқаны:

Атаң өлді барлықтан,

Көтердің оны нарлықтан.

Жеріміз шалғай болған соң,

Келе алмадық сондықтан.

Ей, Садуақас пен Біләл –

Сөзіме құлақ сал.

Сендер атам-ай дейсің,

Мен балам-ай деймін.

Жөн менікі еді,

Менің тойыма Мұсажан келіп,

Мұсажанның тойына

Нұралыжан келетін,

Жөні бар еді.

Пенденің сұрағаны болмай,

Алланың қалағаны болады деген осы,

Шүкіршілік етіңдер, -
деп көңіл айтыпты [3,233]-б.
САҚҚҰЛАҚ ПЕН МҮСЕТ
Мүсет ел аралап жүріп, Саққұлаққа сәлем бере барыпты. Саққұлақ бұрын Мүсетті көрмеген екен.

– Кімсің?, - депті.

- Уа, мен керей Мүсетпін.

- Е, керейдің торы алалы жылқысын құртқан кесірлі Мүсет сен бе едің?

Сонда Мүсет:

- Е, кешегі заманда еліңді жау шауып, қызыңды қатын, қатыныңды отын қылған екен, о да менің қырсығым болды ма?, - депті.

Саққұлақ сөзден тосылып қалып, қылышын ала ұмтылыпты. Мүсет үндемей үйден шығып кетіпті. Оны көрген Нұралы алдынан шығып, сәлем беріп:

- Е, Мүсеке, би атама сәлем бердіңіз бе, жол болсын?

- Ағама барып ем, жынданып жатыр екен, - депті Мүсет.

- Олай болса, би біздікіне жүріңіз, қонақ болыңыз, - депті Нұралы. Мүсет жарайды деп ілесіпті.

Есікке жақындағанда бұрылып Саққұлаққа қайта кіреді. Сонда Саққұлақ Мүсеттің сәлемін алып:

- Әй, Мүсет-ай, жарайсың, мені екі өлімнен алып қалдың-ау, жұрт мақтаса, мақтағандай екенсің. Өйткені мен қылыш ала ұмтылғанда шабуым керек еді, шаптырмадың. Ол – бір. Екінші, сол бетіңмен кетіп қалмай, қайта келіп сәлемдесіп отырсың, бұдан артық білім бар ма?, - деген екен [2,234-б].


БҰЛ ДА ҒАЛЫМНЫҢ БІРІ ЕДІ-АУ!
1865 жылдың көктемі Ереймен жеріне кеш жетіп, шешен ауылы әлі жайлауға көшпеген кезі екен. Саққұлақ үйінің алдына бір кеште суыт жүрген пәуескелі біреулер келіп тоқтайды. Олар – Шыңғыс сұлтанның Баянауылға, Мұса мырзаға жіберген Шоқанның нағашысы екен.

Бұлардың басшысы Саққұлақтың құрдасы – Тұрыбекұлы Жүсіп мырза.

Шоқанның қазалы хабарын естігенде, салқынға бетін қаптырып, төсек тартып жатқан Саққұлақ басын көтеріп алып:

- Аһ! Аһ! О, шіркін ажал-ай! Саған да жарқыраған жанат, қылшылдаған болат керек екен ғой! Болмас! Болмас! – деп күйінішті өкінген екен де, жолаушыларға қарап:

- Алла марқұмның алдын жарық, артын қайырлы етсін деп көңіл айтып, бет сипап дұға оқыған екен. Жүсіптердің қайтар жолда мұнда соқпай, Аюлы-Ниязбен өтетінін естіген Саққұлақ кенже баласы Ералыға хат жаздырады. Ол хатта Шыңғысқа білдірген көңілі былай екен:
Ескендір жиһан кешті,

Жәмшит адамның майын ішті

Неше ғалым дүниеден көшті,

Айла таппай бәрі де өшті.

Бұл да сол ғалымның бірі еді-ау,

Арманына жетпей кетті-ау!

Ақсұңқар тұғырдан ұшты,

Ауырлығы сізге түсті.

Мезгілсіз салған бұғалақ,

Өзіңізге денсаулық,

Қайырлы қаза болсын! –
деген екен [14].
ШЫҢҒЫСҚА ӨЗ АУЗЫМЕН АЙТҚАН КӨҢІЛДІ
Жазғы жайлауда отырған кезде Сақұлақ шешен Сырымбетке жол тартып Шыңғысқа айтар көңілін енді өз аузымен жеткізеді. Саққұлаұтың сонда Шыңғысқа айтқан тоқтамы:
- Қайырлы болсын қазаңыз!

Ием солай санаса.

Есі бар пенде өкінбес,

Бір алланы ойласа.

Тағдырға тоқтау кім салар,

Ақырын терең ойласа.

Шүкірлік еткен бола ма,

Көзден жасты тыймаса?

Өткен қайтып келер жоқ,

Үнемі қайғы ойласа.

Өлмей адам жүрмек қой,

Ажалды солай сыйласа.

Шүкіршілік ету міндет қой,

Әр тәсілді ойласа.

Қайғыны қалай жеңеді,

Ақыл, есін жимаса.

Жүректі билеп улы шер,

Тұла бойды қуаласа.

Адамшылықтан қалдырар,

Ақылды солай ұрласа.

Өлген қайтып келу жоқ,

Ел-жұрт болып шуласа.

Ризалық еткен бола ма,

Үнемі қайғы ойласа.

Жылаудың да орны бар,

Артында ұрпақ қалмаса.

Шерлі көңіл тыйылмас,

Сөзі жөнге сйымаса.

Қайғы түбі – бір теңіз,

Тереңге сүңгіп бойласа.

Алдын жарық ет деңіз,

Алла рақым ойласа.

Ауырлыққа сабыр қып,

Артын тілеп сұраса,

Ақырын қайыр ет деңіз,

Тілекті қабыл ала алса!


деп көңіл айтун бітірген екен [14].
Каталог: bitstream -> handle -> data
data -> Шындалиева М. Б
data -> Бейсенбай Кенжебаев алаш туы астында (мақалалар мен зерттеулер)
data -> М. Б. Шындалиева Филология ғылымдарының докторы, профессор
data -> Олжабай Нұралыұлының шығармашылық мұрасы хаһында
data -> Оқулық Астана, 2012 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
data -> Қазақ очеркі
data -> Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия
data -> -
data -> МЕҢдігүл шындалиева қазақ очеркінің поэтикасы (монография)
data -> МЕҢдігүл бұрханқызы шындалиева уақыт және суреткерлік шеберлік: жанрлар поэтикасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет