Қазақстан республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі тіл комитеті мемлекеттік тілді жеделдете оқыту республикалық орталығЫ


Тіл дамыту жаттығулары жүйесінің моделі



бет17/71
Дата30.11.2022
өлшемі1,02 Mb.
#160620
түріМонография
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   71
Байланысты:
Құрманова Н.Ж. ҚАЗАҚ ТІЛІН ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Тіл дамыту жаттығулары жүйесінің моделі
13 таблица



Жаттығу түрі

Жттығу мақсаты

Жаттығу мазмұны мен тапсырмалар түрлілігі

Шығармашылық жаттығулар
Танымдық жаттығулар

Продуктивтік ойлауын дамытуды міндет етеді
Тіл мәдениетін меңгеру міндетін көздейді

  • сөз тіркесінің жүйесі мен құрылымына байланысты жаттығулар;

  • сөз тіркесінің орфографиялық және орфоэпиялық нормаларын меңгертуге арналған жаттығулар;

  • сауатты жазуға дағдыландыру жұмыстары;




Шығармашылық жаттығулар

Ізденімдік жаттығулар



Шығармашылық
ойлауын дамытуды көздейді

Сөз тіркесін стилистикамен байланыстыра оқытуды көздейді



  • Стиль, стилистика турлы түсінікті тереңдетуге арналған тапсырмалар;

  • Сөз тіркесінің түрлі стильдегі қолданыс ерекшелігін танытатын жаттығулар;

  • Көркем стиль мен ғылыми стильдің өзара ерекшеліктерін көрсететін тапсырмалар;

  • Интервью алғызу және ондағы сөз тіркестерінің ықшамдылығын танытатын тапсырмалар;

  • «Сөз тіркесі әлемі» тақырыбына баяндама жасату;

  • Телефонмен сөйлесу, хат жазу, факс салғызу, жедел хат жаздыру;

  • Жарнама жасатып үйрету;

  • Іс қағаздарын жазуды үйрету;

  • радио-телехабар жасауға үйрететін ойын - тапсырмалар;

  • билиография, картотека жасатып үйрету;

  • цитата туралы түсінік қалыптастыратын тапсырмалар;

  • төл сөз бен төлеу сөздің қолданыс ерекшеліктерін меңгертетін тапсырмалар

Проблемалық жаттыулар

Шығармашылық жаттығулар


Танымдық жаттығулар

Теориялық ойлауын дамытуды мақсат тұтады

Сөз тіркесін оқытуда текст теориясынан теориялық білім минимумын беруді көздейді



  • тірек сөз тіркесерімен текст құрғызу;

  • жай және күрделі сөз тіркестерінің текст құрамындағы қызметін таныту;

  • текст теориясын минимумдық білім беру;

  • тексттің құрылымын таныту, абзацтар мен сөйлемдердің байланысын меңгерту;

  • текст пен тезис;

  • шығармаға рецензия жазу;

  • жазушылар тексттерін салыстыру арқылы сөз тіркестеріне бақылау жүргізу;

  • монолог, диалог;

  • қиял-ғажайып тексттер құру;

  • «Экологиялық тыныс» атты қабырға газетән шығару;

  • «Заман, қайда барасың?» сухбат клубын құру;

  • «Қазақстан -2030»: ақиқат пен арман» атты қолжазба дәптер жүргізу




Оқұшыларға орындатылатын жаттығулар түрінің снын шексіз етуге болады. Тек тоқтамға келтіретін мақсат – сһз тіркесінің табиғатына мүмкіндігінше жан-жақты танымдық талдау жүргізуге оқушыға мүмкіндік жасату. Осымен де байланысты, тілдік лабораторияның мол-мол мүмкіншіліктерін оқушылардың танымдық өызығушылығын дамытуға бағыт берумен шектелеміз. Оқушылардың тіл дамыту жаттығуларын орындауда болсын, теориялық мәселелерді дәлелдететін тапсырмаларды орындауда болсын, тілдің сан түрге еніп отыратын болмысын тануға деген қызығушылығын олардың практикалық қажеттілігін туғыздың мәнісі үлкен. Мысалы, оқушыларға сөз тіркесінің матаса байланысу түрінің өз ішінде тағы да үш түрге бөлінетінін танытып, сөйлеу барысында солардың орындарын алмастырып қолдату, стилистикалық реңктерінбақылату жасату арқылы тіл бірліктерінің құбылып тұратын, сол әрбір құбылысының өзі матасудың күрделі табиғатын көрсететінін түсіндірудің теориялық та, практикалық та маңызы зор болмақ.


Оқушылардың сөйлеу тілінде (кейде ересектер тілінде де) ілік септік жалғауының тым көп қолданылатыны байқалад. Бұл – матаса байланысқан сөз тіркесінің нормалық талаптарын дұрыс меңгермеген оқушының тілінде кездесетін қате. Сөздердің валенттілік қасиеті туралы қысқаша болса да түсінік алған оқушы сөйлемді құру барысында тавтологиялық қайталауларды қолданбауға тырысып бағады. Ал болмаса, есімді тіркестердің ішіндегі «зат есім+зат есім» моделінің ерекше табиғатын түсіндіре отырып, зат есім сөздің бір мезгілде әрі бағыныңқы, әрі басыңқы компонент бола алатын қасиетін таныту д оқушының теориялық танымын ғана емес, оны сөйлеуде қолдану тәжірибесін де байыта түсері анық. Сөз тіркесінің жинақылану және жайылыңқылану процесінің оқушыға таныс болуы да олардың сөйлеу тілінің ықшам да нәрлі болуына бастайтын құрал. Оқушыларға «қолғап» деген сөздің «қолға киетін қап» тіркесінің жинақыланған нәтижесі екенін көрсетуде олардың барлық сөздерге өз әл-қадарынша талдау жасай бастайтынына куә болдық. Соның нәтижесінде «бүгін», «биыл» сияқты сөздердің түп төркініне көз жіберіп, тілде болып жататын табиғи «тіршілік процесінің» заңдылықтары болатындығын танып, шабыттана түскенін көру де біздерге мұғалім ретінде үлкен серпін берді. Қорыта айтсақ, дамыта оқыту технологиясының аясында танылатын тіл дамыту мәселесі – қазақ тілін, оның ішкі салаларын оқыту проблемасының ішінде аса өзекті орын алып отыр. Егер біз оқушының жеке басын өркениеттің дамыған бір бөлшегі ретінде қарастыратын болсақ, оның жан дүниесі қалыптастыруындағы тілдің ролін асыра да бағаламай, кем де өлшемей, өз орнымен танып қолдануға біржола бет бұруымыз керек. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» кітабын тіл дамытудың барлық сабағында қолдану керек. Ондағы сөз құдіретіне берілген асыл баға, Абайдың берген бағасы, халық даналығындағы тілге берілген баға – оқушы санасынан төр орын алуы керек. Ол үшін тіл дамыту жұмысын қазыналы етіп жүргізу басты міндет етіп қоылуы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет