Байланысты: Құрманова Н.Ж. ҚАЗАҚ ТІЛІН ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Оппозизиялық талдау .Тіл білімінде оппозициялық талдау үлгісін енгізген Прага мектебінің өкілі-Н.С.Трубецкой.Бұл талдаудың негізі фонологиялық жүйемен байланысты қаланғаны белгілі. Н.С.Трубецкойдың айтуынша, екі нәрсе бір -бірінен өзара қарама- қарсы тұруымен- ақ айрықшаланады. Яғни әрір екі нәрсенің арасында оппозиция өмір сүреді, қарама- қарсылық қатынас болады (44).Сонымен бірге,оппозиция оның мүшелерінің тек айрықшаланатын белгілеріболуын ғана емес, сол екі мүшені ортақтастырып та тұратын белгінің болуы қажет етеді.Ондай ортақ белгіні Н.С.Трубецкой салыстырудың негізі деп санайды( 44,75-бет).В.Г.Адмони оппозицияны семантикалық-функционалдық қарама-қарсылық деп танып, олардан семантикалық функцияналдық ұқсастықтарды (синонимиканы) бөледі. Оның айтуынша, қарама қарсылық пен ұқсастық қатынастар (оппозиция мен синонимика) полярлық қатынастар болып табылады. Солай бола тұрғанымен де, ол екеуінің түйісетін түрлі нүктелері бар болып келеді ( 45). Сонымен лингвистикада оппозиция делініп, тілдік элементтер арасындағы түрлілік пен қарама қарсылық түрінде түзілетін қатынастар айтылады. Ол қатынастардың өзі сол элементтердің тепе теңдігіне (бір тектілігіне) негізделіп келеді. Оппозизияны сипаттау үшін, оның белгілерін анықтап алу керек. Ол белгілер, ғалымдардың көрсетуінше, төмендегідей болып келеді:1) салыстыру үшін, кем дегенде, екі элемент болуы керек; 2) ол екі элементті ұстап тұратын парадигмалық орталық болуы керек;3) оппозиция мүшелері бір сипатта болмауы тиіс; 4) белгілер бір біріне қарама қарсы болып келуі керек; 5) ол белгілерде салыстыруға негіз боларлық ұқсастық болуы керек; 6) ол белгілердің өзара айырым белгілері болуы керек; 7) лексикалық және морфологиялық мағыналарының тепе теңдігі болуы қажет; 8) бейтараптық күйге түскенде( нейтрализация ) өзара алмастыра алатын болуы керек.
Тіл білімінде оппозизицияның мынадай үш түрі анықталған: привативті эквиполентті, градуалды. Мұндағы привативті түрінде оппозиция мүшелерінің біреуінің мінднтті түрде таңбаланған болуы(маркированный), ал екіншісі таңбаланбаған болуы (не маркерованный) тиіс. Эквополентті түрінде оппозицияның екі мүшесі де біркелкі таңбаланған (маркерованный) болуы қажет. Градуалдық түрінде оппозицияның мүшелері түрлі дәрежелікпен немесе бір белгінің градациясымен, өсіңкілігімен сипатталады. В. И. Кодухов бұларды оппозицияның логикалық жіктелуі деп санайды(46). В.Н.Ярцеваның айтуынша, саны неғұрлым мол мүшелері бар құрылымдарда қарама қарсылық ринципі біршама ескертулер барысында ғана оппозициялық әдісті қолдануға болады. Сондықтан, қарама қарсы қою тілдің қасиеті ретінде сөз тіркесі модельдерін зерттеу барысы сөйлем модельдерін зерттеудеуден анағұрлым тиімді болуы мүмкін(47). Біз тым терең лигвистикалық талдауларға бармасақ та, оқушыларға қажетті машық дағдыларды меңгерту үшін кейбір теориялық мәліметтерді мұғалімнің білуі үшін келтіріп отырмыз. Сөз тіркесіне оппозициялық талдау жасату үшін оқушыларға менгертуге қажетті шарттар мен ережелер қолданылады. Оқушыларға ол ережелердің қолданысын меңгерту және оппозициялық талдауды үйрету сөз тіркесінің Саралау (дифференциялдық) белгілерін айқындаудан басталады. Сөз тіркесі үшін категориялық саралау белгілері, осы категория үшін мәнді (релевантты) болып табылады. Осы тұрғыдан келгенде, сөз тіркесінің саралау белгілері деп мыналарды алуға болады: ) екі не одан да көп толық мағыналы сөздердің сабақтаса байланысуынан тұратын синтаксистік екендігі; ) заттар мен құбылыстардың кең түрдегі нақтырақ атауы екендігі; ) грамматикалық мағынасы бірдей құрылымдағы сөз тіркесіне тән жалпы мағынаны білдіруге бағытталғандығы; ) сөз тіркесі мүшелерінің әр сыңарының парадигмасы жағынан лексикалық грамматикалық мәндерінен туындайтын формалары болатындығы; ) сөз тіркесінің орын тәртібі жағынан бағыныңқы басыңқы сыңарлар орналасатындығы; ) сөздердің арасындағы синтаксистік қатынастар атрибутивтік , обьектілік, пысықтауыштық болып келетіндігі.
«Сөздердің байланысу тәсілдері», «сөздердің байланысу формалары» деген тақырыптарды оқытуда оппозициялық талдауды қолдануға болады. Қазақ тіліндегі сөздер өзара байланысқанда орын тәртібі, жалғау, шылау, ұласпалы интонация тәсілдері қолданылатыны белгілі. Осы байланысу тәсілдерінің өздері парадигма құрай келе, әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері мен байланыс жасаудағы қызмет мүмкіндіктері анықталады, Оппозициялық талдаудың градуалдық түрін қолдануға үйрететін жаттығулар орындатылады. Бұл жерде, әсіресе, матаса байланысу түрі айқын материал болады. Градуалдық немесе өсіңкілік (термин А.Байтұрсыновтан алынып отыр) оппозициялық талдау үлгісі оқушыларға мынадай модель негізінде үйретіледі:
Оппозицияның градуалдық \өсіңкілік түріне талдау
№4 таблица