Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері түрлаулы мүшелер арқылы берілген сөйлемдегі ойды орны, максаты, уақыты, обьектілік тұрғыдан, сондай-ак түр- түс, сын-сапа жағынан толыктырады



Дата07.02.2022
өлшемі15,29 Kb.
#83814
Байланысты:
№6пр


Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері түрлаулы мүшелер арқылы берілген сөйлемдегі ойды орны, максаты, уақыты, обьектілік тұрғыдан, сондай-ак түр- түс, сын-сапа жағынан толыктырады. Оларға қосымша мән беріп, сөйлемді кеңейтеді, оның мазмұнын толықтай ашып түрады. Олар, әдетте, тұрлаулы мүшелерге багынады. Кейде бір-біріне де бағынуы мүмкін. Толыктауыш пен пысыктауыш үнемі баяндауышка тәуелді болса,ал анықтауыш көбінесе бастауышқа бағына байланысады.
Қазак тілінде тұрлаусыз мүшелер жайында көптеген еңбектердің жарыкка шығуына сәйкес қазак галымдарының үлесі зор деп айтуға болады. Сөйлем мүшелеріне ғылыми талдау жасаган ғалымдардың ішінде А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, Х.Басымов,Бэйтенов, Ә.Ермеков, Ш.Сарыбаев, С.Жиенбаев, М.Балақаев, Т.Қордабаев, М.Томанов, Р.Әмір, Т.Сайрамбаевтар кұнды пікір білдірді. Олардын кейбіреулері сөйлем мүшелерінің ғылыми жүйеленуіне назар аударса, басқа ғалымдар олардың жасалу жағына басым көңіл бөлген.
Сөйлем мүшелеріне байланысты, оның ішінде тұрлаусыз сөйлем мүшелеріне катысты казак тіл біліміндегі алғашкы толық, жан-жакты деректерді А.Байтұрсынов еңбектерінен аламыз. ¥лы ғалым тұрлаусыз мүшелер, олардың түрлері, эр мүшенің грамматикалық белгілері мен орналасу тәртібі, кай сөз таптарынан болатындығын XX ғасырдың басында-ақ сипаттап кеткен. Қазак тіл білімінде шоқтыгы биік тұратын А.Байтұрсыновтын мейілінше ықшамды, сондай-ак ұғымға да, тілге де жеңіл бұл тұжырымдары ешбір өзгеріссіз күні бүгінге дейін синтаксис жайында жазылған барлык еңбектерде колданылып келеді (14,282). Профессор Қ.Жұбанов тұрлаусыз мүшелерді біріктіріп, оларға Айқындауыш деген жалпы атау береді. “Қазак тілі жөніндегі зерттеулер” атты еңбегінде: “Сөйтіп, жаңа грамматикаларда анықтауыш, толықтауыш делінген категориялар магынасына қарай жіктеуден туған емес, сөздердің бір-бірімен байланысу амалына, екінші сөзбен айтканда, сыртқы белгісіне қарай ғана жіктелгеннен туған топтар”,- дей отырып (31,211), тұрлаусыз мүшелерді айқындауыш деп атайды. Айқындауышты жалғаулы толыктауыш, жалғаусыз аныктауыш деп екіге бөледі. Ал пысыктауышты ескермейді. Олардың бүлайша жіктелуін төменде былай түсіндіреді: “Біз мағынасына қарай айкындауыш деп бір бөліп алып, онан кейін, сол айкындауышты формасына карай тағы да, тарау-тарауға айырып отырмыз. Формасына карай алынған тарау-тараудың эрқайсысын оның ар жағында мағынасына карай тағы да жік-жікке айырып отырмыз. Сөйтіп, біздің топтарымыз тілдің баспалдақтап өсетіндігіне лайык түрде сатылы топтастыру болып отыр” (31,205). Бұл жерде Қ.Жұбанов сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін анықтауда тұлғалык принципті басшылыққа алады.
Отызыншы жылдары С.Аманжоловтың сөйлем мүшелеріне байланысты мақалалары мен “Қазак тілі ғылыми синтаксисінің кыскаша курсы” деген еңбегі жарыкка шықты. Бұл еңбектерде автор сөйлем мүшелерінің тек жасалу жагына ғана емес, олардың калыптасу мәселелеріне де біршама назар аударды. Тұрлаусыз мүшелерді аньщтауыш деп атайды. Бір ғана аныктауыш мүшелердің аясына оның түрлері деп толыктауыштың да, пысыктауыштың да жекелеме түрлерін жинақтап береді. Тек толықтауыш, пысыктауыш деген терминдерді колданбайды. Кейіннен 1939 жылғы жэне одан кейінгі шыккан еңбектерінде де тұрлаусыз мүшелерді Ахмет Байтұрсынов ұсынган мүшелермен жалгастыргандығын көруге болады ( 14 ,80).
М.Балақаев “Қазіргі казак тілінің” синтаксистік окулығында: “Сөздер сөз тіркесінің құрамына ену аркылы сөйлем кұраудың материалы болады да, бастауыштык-баяндауыштық (тұрлаулы), толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыштық (тұрлаусыз) катынаста жұмсалады”,- деп нақты көрсетеді ( .7).
Р.Әмір “Жай сөйлем синтаксисі” еңбегінде тұрлаусыз сөйлем мүшелерін аныктауыш, толыктауыш, пысықтауыш деп саралап, әркайсысының сүрауларын, ережелерін, магыналык жэнОе кұрамдық түрлерін береді (10,36). Сөз етіп отырған тақырыпта М.Сергалиев Ш.Бектүровпен бірігіп жазған еңбекте арнайы сөз козғаса, О.Күлкенова да бұл мәселе жөнінде өзіндік пікірлер бере білді. Бүл мәселе М.Серғалиев, А.Айғабылов, О.Күлкеновалардың журналистика факультеттеріне арналған “Қазіргі казак тілі” окулығында да (1991) сөз болды.
Түрлаусыз мүшелер, олардың теориялык мэселелері бойынша Т.Сайрамбаев біраз еңбектенді. Автор “Есім пысықтауыш”, “Сөйлем мүшелерінің теориялык мэселелері” бағдарламасында, Р.Өмірбековамен бірігіп жазған “Анықтауыш, оның кейбір жасалу жолдары” деген зерттеулерінде сөйлемнің түрлаусыз мүшелері, оларға қатысты түрлі мәселелерді айта келіп, олардың жасалуын бірнеше топка бөліп көрсетеді ( 49,7).

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет